Бизнес жоспарлаудың мәні мен міндеттері
Жоспарлау – бұл әрбір кәсіпкерлік жұмыстардың нормасы болып табылады. Бизнес–жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады. Бизнес–жоспарлау – бұл ғылыми зерттеу және жобаларды жасау жұмысы болып табылады.
Бизнес–жоспарлауды кәсіпорынды басқарудың негізі деуге болады. Бизнес–жоспарлау арқылы кәсіпорын басшысы өз кәсіпорынының қате кемшіліктерін, жетістіктерін көру мүмкіндігіне ие болады.
Бизнес–жоспарлаудың негізгі мақсаттары несие алу, немесе инвестициялар енгізу, фирманың стратегиялық және физикалық жұмыстарын анықтау т. б. болып есептеледі.
Бизнес–жоспарлау кәсіпорынның алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
- кәсіпорынның ұйымдастыру – басқару және қаржы экономикалық
жағдайын бағалау;
- кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің потенциялдық мүмкіндіктерін
анықтау, оның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу;
Бизнес – жоспарлауды төмедегілер негіздейді:
- нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің жалпы және
меншікті деңгейлері;
- бәсекенің стратегиясын және тактикасын таңдау;
- кәсіпорын мақсаттарына жету үшін қажетті болған қаржылық,
материялдық және еңбек ресур старын бағалау;
Бизнес жоспарлау өндірістің дамуының мүмкіндіктерінің әділ ұсыныстарын белгілеп береді, нарықтағы тауарды өткізудің әдістерін, бағаны, пайданы, тәуекелділік зоносын белгілейді. Оларды төмендетудің жолдарын ұсынады. Бұнда кәсіпорынды басқаруға байланысты ішкі және сыртқы мәселелерді, яғни басқа фирмалармен өзара қатынастардың жолдары да қарастырылады. Бизнес жоспарлауды орындаушылар – бұл маркетингтік зерттеу бойынша жобаластыруға мамандандырылған фирмалар, авторлар ұжымы және эксперттер болуы мүмкін. Нарықтық экономикада бизнес жоспарды кәсіпкерліктің барлық саласына қолданылатын жұмыс құралы болып табылады. Бұл жоспар фирманың қызмет ету процесіне сипаттама береді, фирма басшылары қойылған міндеттердің орындалуын қалай жүзеге асыратындықтарын көрсетеді, ең бірінші кезекте – компанияның табыс көзін жақсарту. Бизнес жоспар кәсіпкердің фирманың жұмыс жасауына байланысты келесідей негізгі міндеттерді шешуіне көмек беруіне арналған:
Қызметтің нақты бағыттарын, өнімнің перспективті нарықтарын және осы нарықтағы фирманың алар орнын анықтау;
Өнімнің дайындалуы мен өтуі үшін қажетті шығындарды бағалау
Фирманың коды мен шартын, олардың еңбегін мотивациялау үшін қойылған мақсаттардың орындалуы бойынша талаптарға сәйкестілігін анықтау;
Фирманың материялдық және кадрлық жағын талдау;
Тәуекелдерді сынау және бизнес жоспардың орындалуына кедергі болуы мүмкін қиындықтарды алдын ала қарастыру.
Қазіргі тәжірибеде бизнес жоспар төрт қызмет атқарады. Біріншісі оның бизнес стратегиясын жасау үшін орындалу мүмкіндігімен байланысты. Бұл қызмет кәсіпорындарды құру кезінде, сондай-ақ қызметтің жаңа бағыттарын табу кезінде өте қажет.
Екінше қызмет – жоспарлау. Ол қызметтің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, фирма ішілік процесстерді бақылауға мүмкіндік береді.
Үшінші қызметі қаржылық құралдарды – ссудаларды, несиелерді табуға мүмкіндік береді.
Төртінші қызмет компания жоспарының орындалуына өндіріске өз капиталын немесе өздерінде бар технологияларды салғысы келетін потенциялды серіктестерді тартуға мүмкіндік береді. Бизнес жоспар бәсекелестік жағдайда бизнестің басталуы немесе кеңеюі үшін мүмкіндіктерді талдауды қорытады және осы потенциялды белгілі бір компания менеджменті қалай қолданатыны жөнінде нақты көрсетіп береді. Оның маңызы жұмысшы серіктестерді тарту үшін де, біріккен кәсіпорын құру үшін де өте зор. Бизнес жоспардың дайындалуы мен тиімді қолданылуы, осылайша, бірінші дәрежелі мәнге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |