Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет3/3
Дата17.02.2017
өлшемі0,69 Mb.
#9444
түріБағдарламасы
1   2   3

Биліктің типтері


Билік іске асуы үшін – билікті іс-әрекеттердің орындалуының белгілі тірел (базасы) қажет. Осының күшінде билік түрлі ресурстарға сүйенеді: экономикалық, әлеуметтік, рухани, күштеу.

Экономикалық билік – бұл елдің экономикалық ресурстарының үстінен бақылау, бұл жай уақытта билігін іске асыруға мүмкіндік береді. Барлық билік түрлерінің ішінде – экономикалық билік ең тиімді күштесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда экономикалық билік – материалдық байлықтарды игеруде пайдаланылады.

Әлеуметтік билік – Бұл билік адамға берілген мемлекеттің иерархиялық құрылымында белгілі бір орынға ие болуына мүмкіндік береді ондай биліктің көмегімен адам материалдық және рухани байлыққа құқылы, қандай да бір жеңілдектерге (льготы), әлеуметтік жағдайға қол жеткізе алады.

Рухани билік – бұл билік адамдарға ақпарат, ғылыми (білім) жетістіктер арқылы іске асырылады (оқу орындар, теледидар, газет, журнал т.б құралдар арқылы).

Күштеу (зорлық) билігі – күш көрсету, қорқытуға сүйенеді. Әр-бір мемлекетте пайда болған мәселелерді күш көрсету, зорлық-зомбылық арқылы шешетін арнайы құрылымдар бар. Оған жататындар: шенеуніктік аппараттар, әскер, сот, түрме, прокуратура және т.б.


Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


5 тақырып Әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар және ұлттық саясат

1 Этнос, ұлыс және ұлт

2 Ұлттық саясат - ұғымы мен мәні

Әлеуметтік-этникалык процестер мен халықтардың өзара қарым-қатынастарын дамыту проблемасы қоғам өміріндегі аса киын да күрделі құбылыс болып табылады. Сонымен катар олар саясаттанудың өзекті мәселесі. Өйткені біздің елемімізде үш мыңнан астам үлттар, ұлыстар мең тайпалар өмір сүреді. Олардың ішінде үлкендері мен кішілері де, азаттык алғандары да, қаналушылары да бар. Ал солар әлеуметтік-экономикалык. дамудың түрлі сатысында түрмыс күрып отыр. Дүние жүзіндегі түрліше халыктардың 90% астамы көпұлтты мемлекет кұрамында өмір сүруде.

Ұлтаралык келісім — бүл адамнын әнегелік тәрбиелілігінің, жоғары мәдениеттілігінін, барлық үлттардың ортақ мүдделерінің деңгейлерінің көрсеткіші. Осыған байланысты әлеуметтік-этникалык кауымдастыктардың дамуының қүрамдас белігі ретіндегі тәрбие процесін тікелей үйымдастыруға қатысты біркатар проблемалар туындайды.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


6 тақырып Қоғамның саяси жүйесі

  1. Қоғамның саяси жүйесі: ұғымы, құрылымы, бөлшектері.

  2. Саяси жүйенің қызметтері. Саяси жүйенің классификациялық өлшемдер (критерилер) мен теориялар.

Қоғамның саяси жүйесі дегеніміз – бұл бір тұтас, адал саяси институттар жиынтығының райы, принципі, үрдісі, қарым-қатынасы, қоғамның саяси ұйымдары, саяси, әлеуметтік, заңгерлік, идеологиялық, мәдени деңгей кодексіне бағынады және ол тарихи дәстүрлерге, нақты қоғамның қойған саяси тәртібіне бағынуы.

Кез-келген саяси жүйе бірқатар мәселерді шешеді, тиісті қызмет атқарады. Негізгі қызметтері.



  1. Азамат санасына жүргізілген жиындардың мәнін түсіндіру және бұл саясатты қолдату.

  2. Саясаттық әлеумет, яғни азаматтарды саясат өміріне қатыстыру.

  3. Әлеуметтік топтардың қызығушылықтарына сай талаптарын қалыптастыру.

  4. Саяси коммуникация, яғни сенім ақпаратын әртүрлі қоғам мүшелеріне беру.

  5. Заңдарды жасау және оны қолдану.

  6. Материалды және рухани қызығушылықтарды қоғамда бөліп беру.

  7. Заңдардың сақталуын бақылау.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


7 тақырып Мемлекет және азаматтық қоғам

  1. Мемлекет: пайда болуы, мәні, нышаны, қызметі, мақсаты.

  2. Мемлекеттің типтері. Мемлекеттік жүйесінің типологиясы.

Мемлекет – бұл саясатты жүзеге асырудың негізі болып табылады.

Мемлекет категориясы анықтауыштардың бірі болып табылады, өйткені барлық басқармалық функцияларды мемлекет жүзеге асырады. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі.



  1. Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған.

  2. Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі.

Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді:

  1. Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді.

  2. Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады.

  3. Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді.

  4. Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.

8 тақырып Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

1.Саяси партиялар: ұғымы, негізгі мақсаттары, міндеттері және қызметтері.

2. Партиялардың типологизациялық өлшемдері. Партиялық жүйе: ұғымы, классификациясы.

Саяси өмірде мемлекет пен қатыр партиялар да үлкен орын алады, олар саясаттың негізгі субъектісі болып табылады. Саяси партиялар қандай ба бір класстық, ұлттық, әлеуметтік топтың қажеттіліктерін қарастыратын ұйым болып есептеледі. Саяси партиялар 19-20 ғ. дами бастады, бұл бірнеше дәлелдермен түсіндіріледі:



  1. 19-20 ғ. аралған көптеген елдер дамыған капиталистік елдер қатарына қосылды. Бұл мемлекеттердің негізгі таптары болып буржуазия мен пролетариат таптары есептеледі, және олар достаспас таптар болғандықтан, араларында әрқашан күрес жүреді. Осы таптардың қажеттіліктері мен тәптәушылықтарын қорғау үшін, күресті басқыру үшін саяси партиялар құрылады. Жұмысшы тап өз партияларын, буржуазиялық тап өздерішінін.

  2. Халықтар мен ұлттардың ұлттық сана - сезімі оянып, дамиды, сондықтан олар өз қажеттіліктерін ақамдау үшін партиялар құрады.

  3. Биліктің танымдық және сайлаулық жүйесі құрылады. Биліктік құрылымға кіру партияның өзіне байланысты. Қоғамның белгілі бір табылың қолдауымен партия биліктің құрылымына енгісі келеді. Кез келген саяси партияға мынадай белгілер тәң:

  1. Қоғамның белгілі бір табылың қажеттіліктерін айқылдайтын идеологияның кесі болып партия табылады.

  2. Партия – жергілікті деңгеден халықаралық деңгейге дейінгі адамдардың ұзақ бас қосуларының ұйымы.

  3. Партияның қоғамдық бағыттардан ерекшілігі – билікті алудың және ұстаздың мақсатты құрылымы.

  4. Сайлау компаниялары кезінде немесе олардың арасында халықты демеуге талпынада.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


9 тақырып Саяси режимдер

1.Саяси режимнің ұғымы мен элементтері.

2.Саяси режимнің типтері.

Барлық саяси режимдер (тәртіп) демократиялық және анитидемократиялық болып бөлінеді. Жалпы демократия грек тілінен «демос»-халық, «кратос»-билік ұғымын білдіреді, яғни халық билігі. Демократиялық режімнің бірнеше белгілері бар оған жататындар: халық билігі, теңдік, еркіндік, сөз бостандық, көппартиялық жүйе, оппозициянын болуы

Тоталитарлы мемлекет – демократиялы емес типтегі мемлекеттер қатарына жатады. Ол латынның «тоталис» сөзінен шыққан, қазақша баламасы «түгел», «бүкіл», «толық».

Тоталитарлы мемлекет – қоғамның өмір сүру барысында мемлекет жағынан жан-жақты үлкен көлемді бақылау жүреді.

Авторитаризм жеке адамның және топтың жеке басшылығы. Бірақ саяси сфералардан тыс өзінің және қоғамның автономиясын сақтайды. Біздің ғасырда авторитаризм тәртібі маңызды емес, көбіне бұл тәртіп тоталитарлы және демократиялы мемлекет болып кетеді.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


10 тақырып Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару (модернизация)

1. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі заман.

2. Демократияның жалпы принциптері мен институттары.
Демократия ұғымын түсінуде бірнеше козқарастар туып, түсініксіз жағдайлар жиі кездеседі. Бір ұғымбасқа ұғым орнынажұмсалады. Бірнеше мағынаны бөліп қарастырұға болады:


  1. Келісілген жағдайда барлық сұрақтар шешігетін ұжымдар және жетекшіні таңдаған кезде ұжымның әр мүшесі қатысып, өз көзқарасып білдіре алады.

  2. Демократия – мемлекетті қалыптастырудағы ерекше ретінде қарастырылады және ас мемлекеттің басқа типтерімен қатар тұрады.

  3. Демократия мемлекетті қалыптастыруда ерекше үлгісі ретінде қарастырылады, ол ерекшелік құндылық басып табылады, осындай кұндылыққа демократиялық мемлекетте еркіндік, теңдікті жатқызады.

  4. Демократия қағамды дамытудың мақсаты ретінде қарастырылады, ол жайлы көбінесе монархиядан, тоталитарлық мемлекетке көшу кезеңінде көп айтылады.

Демократияны утопия деуге де болады. Негізішінен мемлекет демократиялық болып табыла алмайды, себебі халық билігі иесі мемлекет ұғымдары сыйыспайды. Халық билігі барлық азаматтардың қоғамдық жұмыстарды басқаруына араласуын қарастырады мемлекеттегі саясат элементтерілің бірсыпырасы бұлдай араласуды қуптай алмайды. Мемлекеттің бірнеше мықты аппараттары халық билігі ұғымымен қатар тұра алмайды, сондықтан демократиялық мемлекет дегенді, әплеми турәпдін, утопиялық идея деп қырастырамыз, бірақ ас мемлекетті қалыптастырудың болған және қазыр бар ерекше турі.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


11 тақырып Саяси процесс және саяси қызмет

    1. Саяси процесс ұғымы, мәні мен негізгі мінездемесі.

    2. Саяси процесстің құрылымы. Саяси процесстің сатылары (фазалары).

Саясатқа қатысушылар өте көп, олар жеке тұлғалар, саяси ұйымдар, бірлестіктер болуы мүмкін. Қатысушылар саяси аренада сөз алғанда, көптеген теориялық әзірлемелер мен жоспарлар іске асуы әбден мүмкін. САЯСИ ҮРДІС- саясаттың әр түрлі субъектілермен іске асатын шындық. Саяси үрдісті алдын ала болжауға болмайды, оқиғалар қалай дамитынын да айта алмайды, бұл саясатты іске асыруды көрінетін категория. Саяси үрдісті институцияланған және интситуцияланбаған тұтастық ретінде қарастыруға болады, өз әрекеттерін билық аймағында жүзеге асыратын, қоғамның саяси жүйесінің өзгеруі мен дамуына апаратын жол. Саяси үрдістердің орталық негізгі мәселесі алдымен дұрыс саяси шешім табуды көздейді, ол шешім тұрғындардың көбінің көзқарасымен сәкес келсе екен дейді. Барлық субъектілер саяси үрдіске әр түрлі уақытта қатысады, үрдіске әр түрлі белсенділікпен араласады, қоғамның дамуында саяси үрдістердің арқайы кезендерін көруге болады.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


12 тақырып Саяси сана және саяси мәдениет

1.Саяси сана: мәні мен құрылымы. Саяси мәдениеттің қалыптасуың қоғамдық пікір және оның ролі.

2.Саяси мәдениет: қызметтері, концепциялар, құрылым элементтері.

Саяси мәдениет дегеніміз – адам мәдениеті тармақтарынын бірі. Бұл материалдық және рухани мәдениеттермен бірге жүретін мәдениеттің дербес түрі. Оның саясат, саяси биліктің қызмет ету салалары сияқты іс-әрекет салалары ерекшеліктерімен анықталатын өзіндік спецификасы бар. Саяси мәдениеттің спецификасы сондай-ақ оның мынадай құрамдас элементтеріне де байланысты болды: саяси құрылымдар мен құндылықтар, саяси ұсыныстар мен мінез-құлықтар. Саяси мәдениет саяси субъектінің басты сапалық белгілерінің бірін білдіреді.



Саяси мәдениеттің қызметтері:

      1. қоғамды, бірлескен өмірді, іс-әрекеттерді, мінез-құлықты, танымдылықты және т.б. ұймдастару мен реттеу.

      2. саяси білім мен құндылықты бейімділікті реттеу.

      3. нақты бір тап пен әлеуметтік топтың саяси мәдениетін басқа таптар пен әлеуметтік топтарға тарату және саяси мәдениет нәтижелерін ұлтараралық алмасу.

      4. саяси нормаларды, құндылықтарды, мінез-құлық үлгілерін үндестіру.

      5. белгілі қоғамның саяси мәдениетінің барлық құндылықтарын ұрпаққа беріп отыру.

      6. саяси мәдениеттің мейілінше жетілдірілген элементтерін ұдайы өндіріп отыру.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


13 тақырып Саяси элита және саяси көшбасшылық

1 Саяси элита, оның қызметтері және классификациясы.

2 Классикалық және қазіргі заманның элита арналған теориялар.

Элита француз тілінен – үздік, іріктелген, тандалған мағынаны білдіреді. Кез келген қоғамда болады – бұл жоғары, артықшылығы бар тап немесе басқару функциясын іске асырушы тап. Бұл бөлудің негізінде адамдардың биологиялық және психологиялық қасиеті жатады, бұған харизма – элитаның шығармашылыққа қабілетті; бұқарадан интеллектуалдық және моральдық артақшылығы бар, барынша жауапкершілік сезімі бар, өз қызметі саласында ең жоғары индекс алған адамдар кіреді.

Элита теориясы авторларының бірі – В.Паретто (1848-1923) қоғамда туғаннан билік етуге арналған адамдар немесе қулық пен алдау арқылы билікті жүзеге асыратын адамдар – түлкілер, не бұл ретте мәжбүрлеу мен күштеуді пайдаланатын адамдар – арыстандар өмір сүреді деп тұжырымдады. Осындай элитарлық адамдар басқарудың екі типін жасайды, олар бірін-бірі ауыстырып отырады, нәтижесінде өздерінің көпшілікті манипуляциялау қасиетін тауысады, осы элиталар сарқылады, ал қоғамды күйреуге алып келеді.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


14 тақырып Саяси технологиялар

1. Саяси технологиялардың ұғымы, ерекше айырмашылықтары, құрылымы.

2.Саяси процесстің анализі (талдауы): мәні, ерекшелігі, әдісі және саяси талдаудың негізгі этаптары.

Саяси технологиялар - бұл әлеуметтік технологиялардың әртүрлілігі ғана емес, "саяси технологиялар" түсінігі - мақсаттылықтын, бір ізділіктің, қажетті, ойластырылған саяси нәтижелерге негізделген белгілі тиімді іс-әрекеттердің жүйесі екендігі де сөзсіз.

Көптеген жағдайларда осы заманғы саяси ортаның проблемалык алаңы саяси технологияларды талдап жасап, іске асырудың біркатар кезендерінің болуымен анықталады. Олардың қатарына жататындар мыналар: әлеуметтік саяси жағдайлардың диагностикасы мен мониторингі; накты саяси технологиялардың көмегімен қол жеткізілетін максаттар мен міндеттердің алға қойылуы; алға койылған мақсаттарды жүзеге асырудың мүмкін варианттарын салыстырмалы талдау және т.б.

Демократиялык коғамда саяси проблемаларды талкылау жария сипатқа ие болуы керек. Жария талкылаудың әр түрлі формалары бар: парламенттегі немесе жергілікті өкілетгі органдағы айтыс, радио мен теледидар аркылы парламент мәжілісінен трансляция, мүдделі жактар мен сарапшылардын баспасөз беттерінен сөзалуы, конференцияларда, кеңестерде, "дөңгелек столдарда" және т.б. сейлеуі. Талқылаудын, мұндай формалары әр түрлі әлеуметтік топтарға проблеманың мәнін теренірек ұғынуға, үсынылатын шешімдердің кандайының да болмасын мүмкін деп есептелетін салдарын және көпшілік соның кайсысына қолдау білдіретінін саралап көрулеріне, сондай-ак, егер шешім азаматтардың дауыс беруімен қабылданатын болса, бұл ретте олардың өз позицияларын айкындауларына мүмкіндік береді.


Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


15 тақырып Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар

1 Дүниежүзілік саясаттың ұғымы. Халықаралық қатынастардың типтері мен түрлері.

2 Геосаясат: ұғымы мен мәні.

Халықаралық қатынастар саясаттанушы-ғалымдардың терен зерттеуін талап ететін қоғамдық қатынастардың ерекше түрі болып саналады. Олар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастыктардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жүмыс істейді (қызмет етеді) . Халықаралық катынастар алуан түрлі күштер: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, коғамдық және интеллектуалдыкт.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандык, аймақтык, көп жақты және екіжақты) түйісетін және езара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халыкаралық қатынастар өзінің дамуында ұзақтарихи жолды жүріп әте отырып, тек жана дәуірде ғана нағыз бүкіләлемдік сипатқа ие болды.

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан – солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және батыста – Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

Әдебитеттер тізімі


1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2007-310 б.

2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010.


7 Тәжірибеліқ сабақтың мазмұны

Тәжірибелік сабақ №1. Cаясаттану ғылым ретінде

Жоспар:

  1. Саясаттанудың қалыптасуы.

  2. Саясат туралы теориялар

Тапсырма:

1 Саясаттану пәні бойынша әдебиетпен танысу.

2 Саясат туралы теорияларды қарастыру

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

Тәжірибелік сабақ №2. Саяси ғылымның дамуы және негізгі қалыптасу этаптары

Жоспар:

1 Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер

2 орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар

3 Жана замандағы саяси ой

4 Марксистік саяси идеялар

5 Қазақ даласындағы саяси ой пікірлер



Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Шағын кесте дәуірлердің өкілдері бойынша жасау.

4 Әр заманның саяси ой-пікірлердің ерекшеліктерін дәптерге жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

Тәжірибелік сабақ №3. Саясат қоғамдық өмір жүйесіндегі



Жоспар:

1 Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы

2 Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері

3 Саясаттанудың негізгі парадигмалары

4 Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы.

Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Тақырып бойынша шағын глоссарий жасау

4 Саяси әдіс-тәсілдерге дүниежүзілік саясаттан мысалдарды келтіру

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б.

2 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2005. – 280б.

Тәжірибелік сабақ №4. Билік саяси феномен ретінде

Жоспар:

1 Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар

2 Биліктің қызметтері мен жіктелуі

3 Биліктің легитимділігі.

4 Биліктің түрлері.

Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 «Егере де мен билікте болсам» атты шағын шығарма жазу.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

Тәжірибелік сабақ №5. Әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар және ұлттық саясат

Жоспар:

1 Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі.

2 Кеңестік қоғамдағы және біздің қазіргі кездегі әлеуметтік жіктелуіміз

3 Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны

4 Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны.

Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Бүгінгі күнде діннің қауыпын қарастыру.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б.

2 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2005. – 280б.

Тәжірибелік сабақ №6. Қоғамның саяси жүйесі

Жоспар:

1 Саяси жүйе туралы ұғым

2 Саяси жүйенің құрылымы

3 Саяси жүйенің жіктелуі



Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Саяси жүйенің элементтерінің байланысын шағын кесте арқылы көрсету.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

2 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б.
Тәжірибелік сабақ №7. Мемлекет және азаматтық қоғам.

Жоспар:

1 Мемлекеттің пайда болуы мен мәні

2 Мемлекеттің белгілері мен қызметтері

3 Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет



Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Мемлекеттердің астаналарын, адам саның, саяси билігін кесте ретінде көрсетіп білу



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2005. – 280б.

Тәжірибелік сабақ №8. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

Жоспар:

1 Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері

2 Саяси партиялардың жіктелуі

3 Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар.



Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Саяси партиялардың түрлерін, қызметтерін кесте ретінде көрсету



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

Тәжірибелік сабақ №9. Саяси режимдер

Жоспар:


  1. Тоталитаризм және оның әр түрлігі.

  2. Авторитаризм: типологиялық формалары.

  3. Демократия және оның әр түрлігі.

  4. Демократияның қазіргі заман формалары (неодемократиялар).

Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 тақырып бойынша шағын глоссарий жасау



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

Тәжірибелік сабақ №10. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару (модернизация)

Жоспар:

1 Саяси даму мен бейімделудің мәні

2 Саяси бейімделудің кезеңдері және соған байланысты көзқарастар

3 Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары

Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Тақырып бойынша терминдерді жаттау



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

3 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б.



Тәжірибелік сабақ №11. Саяси процесс және саяси қызмет

Жоспар:

1 Саяси процесс туралы ұғым

2 Саяси процесстің жіктелуі

3 Саяси процесске қатысу түрлері



Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 тақырып бойынша шағын глоссарий жасау



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б.

Тәжірибелік сабақ №12. Саяси сана және саяси мәдениет

Жоспар:

1 Саяси сана және саяси идеология

2 Қазіргі идеологияның негізгі түрлері

3 Саяси мәдениет туралы ұғым, оның мәні мен қызметтері

4 Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер

5 Саяси мәдениеттің жіктелуі



Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Саяси мәдениетке мысалдарды келтіру

4 «Менім саяси санам» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

3 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б.



Тәжірибелік сабақ №13. Саяси элита және саяси көшбасшылық

Жоспар:

1 Саяси элитаның түсінігі мен қызметтері

2 Саяси элитаның қалыптасуы мен жіктелуі

3 Саяси жетекшілік туралы ұғым

4 саяси жетекшіліктің жіктелуі және топ бастаушылардың жеке қасиеттері

Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Тақырып бойынша шағын глоссарий жасау



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2005. – 280б.

Тәжірибелік сабақ №14. Саяси технологиялар

Жоспар:

1 Саяси технологиялардың мәні мен типтері

2 Саяси талдау және саяси кеңес беру

3 Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары

4 Саяси жанжалдарды басқару және бақылау технологиялары

5 Саясаттағы ақпараттық технологиялар

6 Сайлау технологиялар

Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Тақырып бойынша шағын глоссарий жасау



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

Тәжірибелік сабақ №14. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар

Жоспар:

1 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

2 Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар

3 Егеменді Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде



Тапсырма:

1 Жеке дәптерге сұрақтар бойынша конспект жазу.

2 Әр сұраққа ауызша жауапты дайындау.

3 Дүниежүзілік ұйымдарды кесте ретінде көрсету (қашан, қайда ұйымдасқаның себебі)



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Рахымбаева А.С. Саясаттану. Астана: Фолиант, 2006 – 216 б.

3 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б.


8 Өзіндік жұмыстың тапсырмалары

Тақырып № 1. Саясаттану ғылым ретінде.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Бұрмалаушылық –

  2. Бүлік –

  3. Бюрократизм –

  4. Вето –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 2. Саяси ғылымның дамуы және негізгі қалыптасу этаптары

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Визит –

  2. Волюнтаризм –

  3. Геноцид –

  4. Геосаясат –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Геронтократия –

  2. Глобалдылық –

  3. Декларация –

  4. Деморкация –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 4. Билік саяси феномен ретінде.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:


  1. Деполитизация –

  2. Депортация –

  3. Деспотизм –

  4. Деспотия –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 5. Ұлттық саясат және әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Диктатор –

  2. Директива –

  3. Доктрина –

  4. Егемендік –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 6. Қоғамның саяси жүйесі.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Абсолютизм –

  2. Авантюризм-

  3. Автаркия –

  4. Автономия –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 7. Мемлекет және азаматтық қоғам.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:


  1. Аристократия –

  2. Ассамблея –

  3. Ассимиляция –

  4. Астыртын партиялар –

  5. Атқарушы билік –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 8.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:


  1. Заң шығарушы билік –

  2. Идеология –

  3. Имидж –

  4. Инаугурация –

  5. Инновация –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 9. Саяси режимдер.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Квитэссенция –

  2. Келісім –

  3. Коалиция –

  4. Коммунистік партиялар –

  5. Консерватизм –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 10. Қоғамды демократияландыру және саяси жаңғырту (модернизация).

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Конфронтация –

  2. Кооптация –

  3. Коррупция –

  4. Көппартиялық –

  5. Күш қолданбау саясаты –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 11. Саяси процесс.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Легитимдік –

  2. Лобби –

  3. Макивеллизм –

  4. Мандат –

  5. Мәміле –

  6. Мемлекет –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 12. Саяси сана және саяси мәдениет.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Меритократия –

  2. Монархия –

  3. Мороторий –

  4. Нигилизм –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 13. Саяси элита және саяси көсемдік.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Олигархия –

  2. Оппозиция –

  3. Охлократия –

  4. Пакт –

  5. Эмансипация -

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 14. Саяси технологиялар.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Оппозиция –

  2. Пакт –

  3. Референдум –

  4. Сайлаушы –

  5. Саммит –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4

Тақырып № 15. Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.

Төменде көрсетілген саяси терминдерге анықтама беру және жаттау қажет:



  1. Фракция –

  2. Халықаралық қатынастар

  3. Ішкі саясат –

  4. Эмиграция –

Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 3, 4
10.СӨЖМ кеңес кестесі




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтары бойынша кеңес




13.00

14.00


12.35

13.25











2.

Тәжірибелік сабақтардың сұрақтары бойынша кеңес




14.00

16.00


14.00

16.00











3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңес




16.00

17.00


16.00

17.00











4.

Тестік тапсырмалар бойынша кеңес




17.00

18.30


17.00

18.30












11. Білім алушылардың білімдерің тексеру кестесі

Дәріске, тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырманың мазмұны, тақырыбы мен мақсаты

Ұсынылатын әдебиет

Орындау уақыты

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Конспект

Билік саяси феномен ретінде

1, 2, 3

2 апта

жазбаша

3-ші апта

2

Конспект

Әлеуметтік-этникалық қаумдастықтар және ұлттық саясат

1, 2, 3

3 апта

жазбаша

4-ші апта

3

Конспект

Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар

1, 2, 3

4 апта

жазбаша

5-ші апта

4

Межелік бақылау

Бірінші межелік бақылаудың сұрақтары

1, 2, 3




50 тестік тапсырмағажауап беру

8-ші апта

4

Конспект

Мемлекет және азаматтық қоғам.

1, 2, 3

8 апта

жазбаша

9-ші апта

5

Конспект

Саяси режимдер

1, 2, 3

10 апта

жазбаша

11-ші апта

6

Конспект

Саяси элита және саяси көшбасшылық

1, 2, 3

12 апта

жазбаша

13-ші апта

7

Межелік бақылау

Екінші межелік бақылаудың сұрақтары

1, 2, 3, 4, 5




50 тестік тапсырмағажауап беру

15-ші апта

Ескерту:

Конспект нақты тақырыпқа жазылуы керек, мазмұны берілген сұрақтың жауабы толық болуы қажет. Сонымен қатар, ұсынылған әдебиетпен пайдалану қажет. Конспект дайындаған кезде сұрақтар туындаса, ұсынылған уақытта кеңеске келу керек.

11 Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі


Бақылаудың барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды-рейтингті жүйесі бойынша (ББРЖ) бағаланады:


Әріптік жүйедегі баға(Ә)

Балдың сандық баламасы (Ц)

Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ) (пайыздық мазмұны)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі бойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:

  • сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;

  • өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;

  • сабаққа қатысу және басқа.

Әр пән бойынша СӨЖ түрлерінің тізімі, тапсырмаларды орындау және тапсыру күнтізбелігі, оқытушының талаптары, бағаларды қою ережелері және критерийлер САБ-да сипатталған.

Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:

Р1(2) = АҮ1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3.

Егер оқу жоспарында пән бойынша сынақ және емтихан болса, онда сынақ екінші межелік бақылау ретінде анықталады.

Егер студент межелік бақылаудан өтпесе немесе межелік бақылаудан 50 балдан төмен алса, рейтинг есептелмейді.

Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:

ЖР=(Р1+Р2)/2

Егер оқу жоспарында пән бойынша курстық жұмыс(жоба) және емтихан болса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жіберу рейтингі анықталғанда есептеледі.

ЖР = (Р1+Р2)*0,7/2 + КЖ*0,3

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):

Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Толық мәліметтерді студенттерге арналған анықтамалық - бағыттауыштан алуға болады.


12 Оқытушының талабы және тәртіп пен әдептің саясаты

Академиялық тәртіп пен әдептің саясаты С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.

Оқытушы және студент бір-біріне құрметпен қарауға тиіс.

Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей келіп, барлық сабақтарға дайындалып, сабақтарда белсенді болсаңыз және барлық тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындасаңыз Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесіне сай жұмыс жасасаныз максималды балды аласыз.

Сіздердің сабаққа дайындықтарыңыз ауызша сұрау, үй тапсырмасын орындау, топпен жұмыс істеу арқылы тексеріледі

Негізгі талаптар:

1) Оқу үрдісіне қатысу сабаққа қатысуды, дайын болуды және белсенді болуды білдіреді. Пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Жұмыс бағдарламасына енгізілген өзіндік жұмыстың тапсырмаларымен танысу. Тапсырмаларды орындау үшін, алған білімдерін меңгеру үшін қажетті әдебиеттерді іріктеу.

2) Міндетті оқу сабақтарына қатысуға, оқу жоспарында, бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға. Себепсіз сабақ босатуға болмайды. Босатқан әр сабақ үшін студент факультет деканына, пән оқытушысына түсініктеме береді және сабақтан тыс уақытта босатқан сабағын тапсырады. Сабаққа қатысуы қорытынды аттестацияға әсерің тигізетің туралы ескеруі керек.

3) Тақырып оқу кезінде орындалатын негізгі жұмыстарды (жазбалар, кестелер) анықтау керек және оларды орындау үшін қажеттілікті талап ететін материалдарды уақытымен дайындау (бақылау түрі бойынша ағымдық үлгерімнің ұпайларының кестесі).

4) Аудиториялық сабақтарына себепсіз кешігуге болмайды. Сабақ басталуынан кейің тек оқытушы рұхсатымен ғана, нақты себеп арқылы кешіксеніз, аудиторияға кіруге болады.

5) Аудиторияда сабақ барысында рұхсатсыз сөйлесуге болмайды. Пәнді жүйелі түрде өткізуге кедергі жасау - аудиториядан шығарылумен жазаланады.

6) Міндеті түрде орындалуы және бекітілген мерзімде өткізілуі керек. Кешіктіріліп өткізілген жұмыстардың бағасы автоматты түрде төмендетілген бағамен бағаланады.

7) Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу жасайды. СӨЖ графигі бойынша аудиторлық бақылау жұмысын орындайды.

8) Сабақ уақытында мобильдік байланыс құралдарын қосуға болмайды. Мобильдік байланыс құралдарын рұхсатсыз пайдалану үшін студент 10 баллынан айырылады.

9) Аудиторияда сабақ барысында сағыз шайнауға тыйым салынады.

Диктофоны және плеер қосуға болмайды.

10) Сонымен қоса бір семестрде екі рет ағымдағы үлгерімнің қорытынды баллы анықталады (рейтинг). Егер студент 49 және төмен балл алса, қанағаттанарлықсыз бағасына сәйкес келеді, қорытынды емтиханға жіберілмейді.



Межелік бақылау өткізү нысаны

Әрбір семестрде екі межелік бақылау қарастырылған. Уақыты бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде белгіленген. Межелік бақылау жазбаша жұмыс түрінде, билет арқылы жүргізіледі. Межелік бақылаудың максималды баллы – 100. Білімдерді бақылау үшін билеттерде өткен тақырыптар бойынша он сұрақтан беріледі. Дұрыс жауап бойынша студент 10 балл алады. Сонымен, студент жалпы 100 балл алуы мұмкің.


Қорытынды емтихан өткізү нысаны

«Саясаттану» пәні бойынша жетінші семестрде емтихан өткізіледі. Емтихан екі бөлімнен түрады. Бірінші бөлім – тест тапсырмаларын тапсыру түрінде жүргізіледі (максималды балл – 60). Екінші бөлім – жазбаша жұмыс түрінде, билеттерде елу сұрақтан екі сұрақ беріледі (максималды балл – 40). Жазбаша емтиханға 50 минут бөлінеді.

Емтихан кезіндегі тәртіп

1. Жауаптарды алған билет арқылы беру.

2. Билеттің бірінші сұрағынаң жауапты бастау керек.

3. Жауап парағында студент өзінің жауабын толық ашуы керек.

4. Емтихан аяқталумен жауап парағы емтихан қабылдаушыға тапсырылады.

5. Келесі жағдайларға тыйым салынады:

- емтихан билеттерің айырбастау;

- емтихан билеттерің аудиториядан шығару;

- жауап парағын айырбастау;

- мобильдік байланыс құралдарын қосу;

-емтиханда анықтамалық әдебиетті, калькуляторды, дәрістер конспектісін және т.с.с. қолдануға рұқсат етілмейді. 5 пункт бойынша тәртіпті бұзған жағдайда студенттің баллы 0-ге теңестіріледі.

Емтиханда келесі өлшемдер есепке алынады:

емтихан билетінің сұрақтары бойынша негізгі аргументтерді айқындап, түсініктеме бере алса, қойылған мәселе бойынша қарама қарсы пікірге сынды сараптама жүргізе алса, дұрыс құрастырылғаң, терең, толық жауап үшін студент 40 балл алады;

Тақырыпты және нақты мәселені білетің, бірақта қосымша сұрақтарға толық жауап бермеген студент 25-30 балл алады;

Негізгі тақырыпты, мәселені білетің, негізгі мәлеметтерді айқындап, түсініктеме бере алмаса, емтихан билеті бойынша сұрақты талқылағанда аса білімділік көрсетпесе студент 10-24 балл алады;

емтихан билетінің сұрақтарында қойылған мәселе бойынша сараптама жүргізе алмаса, билет арқылы дұрыс, толық жауап бермесе студент 5-9 балл алады.

Сонымен, емтиханда студент 5-40 балл көлеміңде алады.

Пән бойынша қорытыңды рейтинг (Қ), 4 кесте бойынша, балдың сандық баламасына, әріптік жүйедегі бағаға және дәстүрлі жүйедегі бағаға айналады, студенттердің оқу жетістіктерінің журналымен қорытынды емтихан парағына еңгізіледі. Егер студент емтиханда қанағаттанарлықсыз бағасын алсаңыз (50 баллдан төмен), онда пән бойынша Сіздің қорытынды бағаңыз анықталмайды.

Осы жағдайда студент курсты қайтадан тәмәмдайды.

Ағымдағы үлгерім және межелік бақылаудың бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады. Мұғалім студентті бағалайтын жұмыс түрлері: сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу; өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау; курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау; сабаққа қатысу және басқа.

Пән бойынша қорытынды емтихан парағына және сынақ кітапшасына дәстүрлі жүйедегі баға еңгізіледі.

Емтихан бағасының өлшемдері

Университеттің Ғылыми Кенесімен ағымды үлгерім мен межелік бақылауды анықтауда жібері рейтингісі мен қорытынды бақылаудың салмақтық бөлшегі белгіленген. Олар кестеде көрсетілген:



Қорытынды бақылаудың түрі

Бақылау түрлері

Салмақтық бөлшегі

Емтихан

Емтихан

0,5

Жіберу рейтингісі

0,5

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады. Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:

ЖР=(Р1+Р2)/2

Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):

Қ = ЖР*СҮжр + ҚБ*СҮқб

Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

Толық мәліметтерді студенттерге арналған анықтамалық - бағыттауыштан алуға болады.



12 Әдебитеттер тізімі



Негізгі:

1 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 279б

2 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы. Алматы: «Жеті жарғы», 2005. – 280б

3 Қуандық Е.Саясаттану негіздері: оқу құралы Алматы: Дәуір, 2005. - 223б



Қосымша:

4 Айталы А. Байсалды ел байқаусыз қате жібермес Алматы: Таймас, 2008-328 б.

5 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.

6 Әлемдік саясаттану антологиясы (10 томдық) 7 т. Алматы: Қазақстан (мәдени мұра) , 2007 – 544б


14. Мультимедиялық оқулықтардың тізімі

1 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К., Молдабаева С.К. т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар.Кереку, 2010.



Табыс тілейміз!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет