Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Арыстан баб Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы



бет10/59
Дата26.01.2018
өлшемі11 Mb.
#34026
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Арыстан баб

Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы
Арыстан бабқа қай кезде барсаңыз да, кесене маңында жүрген түрлі ұлттың өкілдеріне, қарияларға, орамалды әйелдерге, қыз-жігіттерге кездесесіз. Сұрастыра келсеңіз, Орта Азия мен Қазақстанның түрлі аймақтарынан қасиетті бабаға келгенін білесіз.

Арыстан баб - ғаламдық діндердің бірі - исламды түркі әлеміне танытушы, таратушы. Жаңа дін арқылы түркілер араб тілі мен жазуын меңгерді, сол кездегі озық мұсылман мәдениетінен нәр алып, оның дамуына үлкен үлес қосты. Арыстан бабтың кім екені жөнінде Қожа Ахмет Йассауидің «Хикметтер» атты жинағында айтылады. Арыстан бабтан Қожа Ахмет тәлім-тәрбие алған. Ұстазы Қожа Әбу Жүсіп Хамадани (Әбубәкір Сыдықтың ұрпағы) қайтыс болған соң да, оның әулетімен байланысты үзбеген. Бұхарда сопылық ілімді әбден меңгеріп, діни атағын айтқанда халифасы - Арыстан бабтың баласы Мансұр болды. Арыстан баб музейінің директоры Мұхтар Қожаевтың зерттеуінде мынадай жайттар айтылады.

Қожа Ахметтің «силсилесіне» (шежіресіне) назар аударсақ:

1.Қожа Әбу Жүсіп Хамадани

2.Шайқы Әбу Әли Фармиди

3.Шайқы Әбіл-Қасым Қарақани

4.Шайқы Әбіл-Хасан Қарақани

5.Әбу Язид Бастами

6.Имам Жапар Садық

7.Қасым Ибн Мұхаммед Ибн Әбу Бәкір

8.Салман Фариси (Арыстан баб)

9.Әбубәкір Сыдық.

Осы тізбек («силсиле») бойынша Мұхаммед Пайғамбармен (с.ғ.с) Қожа Ахмет арасын байланыстырып тұрған 9 адам «силсилесі» Араб халифатының алғашқы халифасы, 568-634 жылдары өмір сүрген Әбу Бәкірден бастап ХІІ ғасырдың белгілі шайқы, Қожа Ахметтің Бұхарадағы ұстазы Хамаданимен аяқталады.

Қожа Ахметке бала кезінен тәрбие берген, ХІІ ғасырда ғұмыр кешкен Арыстан бабты қайраткер, ұлты парсы Салманмен шатастыруға болмайды. Салман Фариси-Мұхаммед Пайғамбардың замандасы, оның қабірі - Мәдине маңында.

Арыстан баб адамдардың рухани жетілуіне, кемелденуіне жол сілтеді. Әділдік пен имандылық нұрын септі, ұлы ұстаз әрі әулие болды. Қожа Ахметтің «Хикметтері» бойынша, Арыстан бабтың шығу тегі араб (оның ішінде құрайыш Әбубәкір Сыдық әулетіне барады), Қожа Ахметтің 90-хикметінде «Арабтардың ұлығы кіршіксіз таза затыңыз» деген сөздерінде астарлы мағына жатыр. Олар сопыларға тән ұғым сөздерді пайдаланып отырған. Қожа Ахметше айтсақ: «Сопылық жолда құпия сөздерді білер, достар». Мысалы, Арыстан бабтың нақыл өсиеттерінде мынадай жолдарды ұшыратасыз: «Ғашықтыққа қадам қойғандар хақ дидарын көреді». Мұнда ғашық деп отырғаны біздің әдеттегі пайдаланып жүрген сөзіміз емес. Осы сөзбен қиын да күрделі сопылық жолға түскен адамдарды атаған. Бұл жолдың қиын да күрделілігі – адамға берілген пендешілік пен нәпсіден арылып, кемтар мен жетімдерге қол ұшын беру, әділдік жолына түсу, Құдай жаратқан қоршаған әлемді білу арқылы Құдайдың құдіретін тану, яғни «хақ дидарын» көру болып табылады. Алланың ұлығы мен қасиетін көрінген затқа теңеуге болмайды. Алла тағаланы танығың келсе, алдымен өзіңді-өзің таны. Алдымен әрбір жан өзін-өзі танып білсе, Алла тағаланы да таниды. Арыстан бабтың ұлылығы мен әулиелігін және дүние салу жөніндегі хикметінде былай суреттейді. Бабам айтты: «Ей, балам, қасымда тұр өлемін жаназамды оқып көм жан тәсілім қылайын. Медет берсе, Мұстафа ғарыш биігіне шығайын. Арыстан бабам сөздерін естіңіз, тәбәрік жылап айттым: Ей, баба, жас көдекпін білмеймін. Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын. Хақ Мұстафа сүндетін, балапанмын, білмеймін. Бабам айтты: Ей, балам, періштелер жиылады, Жәбірейіл Имам болып, өзгелер оған ұйиды. Макайл мен Исрафайл көтеріп көрге қояды».

Арыстан баб жөніндегі аңыз бойынша, дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жеберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре, осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстан баб қойылған екен. Кереметі: Арыстан баб әулие жұртқа жол нұсқаушы ұстаздар пірі. «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз бар. Арыстан баб әулиенің көрінісі: Өте сұлу, жүзінен имандылық төгіліп тұрған, ғажайып кішіпейіл, қолында әдемі аса таяғы бар адам. Қашанда сізден бұрын сәлем береді. Сіз үлгере алмай қаласыз. Кейбіреуге жолбарыс немесе жылан болып көрінуі мүмкін. Басына түнеген жандарға түрлі жұмбақ дыбыстар береді деседі.



Құл Қожа Ахмет Йассауи
Сонау бұлдыр заманалар арасынан бізге сәулеленіп биіктеп тұратын тұлғалар ұлттық тарихымызда аз емес. Туған халқының бауыр етінен жаралған сондай парасат әлемінің перзенті қазақтың кіндік қаласында мәңгі дамылдап жатыр. Оның есімі бүгінгі ұрпағына да көп жайды аңғартып, ғасырлар қойнауына сүңгітеді.

Иә, бүкіл дүние жүзінде Қожа Ахмет Йассауи атты ұлы ақынның болғанын кім білмейді? Бұл кісінің есімін, әсіресе, мұсылман қауымында естімеген жан жоқ шығар. Өйткені, құранды тұңғыш рет түркі тілінде сөйлетіп, оның мазмұн, мақамын, әуезін, ырғағын, ішкі ұйқасын сақтай отырып, ғажап сазбен кереметтей көркем де жиһазды нәрсе жасағаны – адам баласы таңырқарлық құбылыс. Оның біз сөз естіп отырған осы баға жетпес асыл мұрасының аты «Диуани хикмет» деп аталады. Әрине, бұл атты бүкіл өмірін сарп етіп, көз майын тауысып, күндіз-түні істеген еңбегіне өзі қойды ма, жоқ әлде шәкірттері осылай атады ма – ол жағы бізге белгісіз. Қазірше білетініміз – ғұлама жан осы дүниесін екінші кітап деп санаған. Ұлы ойшылға сөз берсек, ол:


«Бисмилляһи» деп баян еттім хикмет айтып,

Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.

Жанды жалдап, қайғы шегіп, қанды жұтып,

Мен «Дәптер сәни» сөзін аштым, міне! –


деп толғаса, біз де аса қасиетті жанның шын сырына, ақ сөзіне ішіміз егіліп, жанымыз жайма-шуақтанып құлақ түреміз.

Жоғарыдағы «дәптер» сөзі кітап деген мағынаны береді. Сонда Құл Қожа Ахмет бабамыздың дүниені дүр сілкіндірген әйгілі еңбегі біздің ұғымымызша «Құраннан» кейінгі қасиетті кітап болып саналатыны ақиқат. Өйткені, ол былайша толғайды:


Құдай сөзінен шыққан бұл хикмет,

Естігенде жаңбырдай жауар рахмет, -

немесе:

Менің хикметтерім Алладан пәрман,



Оқып ұққанға бар мағынасы – құран, -
деп, өзі айтқандай, «Диуани хикмет», біздің ойымызша, «Құраннан» тікелей жасалған көркем дүние сияқты.

«Қалам шәріп» Алланың сөзінің күллі мұсылман қауымына кеңінен таралуы, оның әрбір сүресінің қасиетті де қадірлі, киелі болуы тікелей Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) байланысты болса, осы ғажап жарқын еңбектің бүкіл түркі халқына жан-жақты таралып, әрбір үйге, әрбір көкірекке сәулесін түсіруі – Қожа Ахмет Йассауидің ерен еңбегі. Осы себепті де Қазан төңкерісіне дейінгі біздің білімдар ата-бабаларымыз: «Меккеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет», - деп өте әділ бағаласа, поэзиямыздың көшбасшысы Әбділда Тәжібаев: «Қожа Ахмет Йассауи – әулиелердің әулиесі, пайғамбардың өзіне тең әулие. Оның таң алдында айтқан азаны Түркістан мен Меккеге бірдей естіледі екен. Ол – Тәңірінің өзіне ғашық болған қасиетті ақын. Демек, Қожа Ахмет жырында адамды ең пәк тазалыққа, ең мөлдір махаббатты биіктікке, шексіз адалдық пен әділдікке шақыратын мұхиттай терең ойдың үстіне эстетикалық сұлулық бар. Ол оқушыларын тілімен парасатқа да бастай білген, үнімен (мақамымен) күйге де тербей білген ғажайып ақын» - десе, ақ жарма үлкен ақынның бұл пікірі жоғары баға деп білеміз.

Қазір де ұлы ойшылдың еңбегін зерттеушілер аз емес, олар дүниенің қай тарабынан болса да табылады. Біз «Дәптер сәни» жайында жазылған, айтылған бірер пікірге тоқтала кетсек, артық болмас деп ойлаймын. Ең алдымен жоғарыда айтылғандай ғұламаның бұл дүниесі неге «Екінші дәптер» деп аталған? Егерде бұл абзал жанның даңқты еңбегі екінші болып есептелсе, «Бірінші дәптер» қайда? Ол қандай дәптер? Бізді осы бір жағдай еріксіз ойға қалдырып, толғандырады. Жан-жақты терең білімі бар ғұламаның аталмыш еңбегінің осылай аталуын әр зерттеуші әр түрлі түсінеді, ұғым мен қабылдау әр алуан болған соң оған берілетін баға да, көзқарас та түрліше болатыны өзінен өзі белгілі ғой. Бұл мәселеге қысқаша тоқталып, түсінік бере кету жөн.

Қожа Ахмет Йассауи туындыларын зерттеп жүрген түрік ғалымы М.Куприлзада: «Дәптер сәни» аталған «Диуани хикмет» Ахмет Йассауидің төл шығармасы емес, оның жолын қуушылардың шығармасы болуы мүмкін. Сол себепті олар өз еңбектерін Яссауи туындыларынан кейінгі екінші шығарма, яғни «Екінші дәптер» деп атаған болар» деген пікір айтты.

Тағы да түріктің К.Арслан атты ғалымы: жоғарыдағы зерттеушіге мүлде кереғар келетін басқаша байлам жасайды. Ол: «Ислам дінінің уағызы бойынша адамзат тағдыры әу баста «Лахұл-Махбуз» дәптерінде жазылады. Осы дәптер «Алғашқы дәптер» деп аталыпты.

Ислам дінінің сенімі бойынша адамзаттың жер бетінде істеген жақсылық-жамандықтарының барлығы екі иықтағы екі періште тарапынан жазылып, тіркеліп отырмақшы. Оң иықтағысы жақсылық істерді, сол иықтағысы күллі жамандықтарды түгелімен теріп жазып отырады екен. Бақи дүниеде адамдар осы жазуға негізделіп, Алланың сыйлығына, шапағатына немесе жаза-жәбіріне ұшырамақ. Бұл көзге көрінбейтін жазулар «Дәптер ағымал» («Ғамалдар дәптері») деп аталады екен» дейді. К.Арслан сөзін қорыта келе, жоғарыдағы діни аңызға сүйене отырып, «Ахмет Йассауи өз хикметтерін аталған мағынауи дәптерлерден кейінгі «Екінші дәптер» деп атаған болар» деген болжам айтыпты.

Ал енді өзбек ғалымы И.Аққұлов «Ахмет Йассауи хикметтері» атты еңбегінде К.Арсланның жоғарыдағы айтылған болжамын құптайтынын айтады.

Шынымызды айтсақ, Ахмет Яссауи жайлы айтқан осы ғалымдардың ой-пікірін, көзқарасын, болжамын, ғылыми тұжырымдарын біржола жоққа шығарудан аулақпыз. Алайда «Диуани хикметтің» мазмұны мен оның авторының ой-пікірімен, ішкі жан дүниесінен мөлдіреп шыққан өлең жолдарының мағынасымен санаспауға болмайтынын да ескерте кеткен орынды.

Ең алдымен М.Куприлзаданың «Диуани хикмет» Ахмет Йассауидің төл шығармасы емес» деген пікірі, біздіңше, ұшқары айтылған ой. Себебі ұлы ақын әрбір хикметтің соңынан:
Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң өлген жақсы,

Қызыл жүзің қара жерде солған жақсы.

Топырақ сипат жер астында болған жақсы,

Заты ұлық ием, сыйынып келдім саған, -


деп Қожа Ахмет бабамыздың өзі тереңнен тебірене отырып, бар жан сырын айдай әлемнің алдында жарқыратып жайып салады. Әрине, егер бұл баға жетпес асыл дүниені атамыздың шәкірттері жазса, онда Қожа Ахметтің атынан бұлайша жеңіл сөйлемесе керек еді. Өйткені, ұлы бабамыздың кезінде де көлгірсіп жалған сөйлейтіндер аз болмаған. Өз ұстазының жан сырын жақсы түсінетін білікті шәкірттері ұлы адамның атын жамылып, қалай ғана қиянатқа барады? Осы орайда Қожа Ахметке сөз берсек, ол:
Жалғаншыға жаннат жоқ, олда-білдә,

Жалған сөйлеп, имансыз боп кетпе, достар, -


деп толғаса, дегдар жан, діни кітаптарда: «Ал-Қазбабу ла умати» (пайғамбар сөзі) деп жазылыпты. Мұның мағынасы: «Жалғаншы менің үмбетім емес» деген мағынаны білдіреді. Сонда соншама тахуалық, соншама әдептілік, соншама зор біліммен жақсы біле тұра, сезе тұра ұлы ақынның шәкірттері жаңсақтыққа жол берген бе? Ол біздіңше, мүмкін емес. «Диуани хикмет» - Қожа Ахметтің өзінің төл шығармасы. Бұл еңбекті, қасиетті жанның жоғарыда өзі айтқандай, «Құраннан» кейінгі ұлы туындысы деп санаймыз. Өйткені, Қожа Ахмет Йассауиге дейін «Құранды» түркі тілінде сөйлеткен ешкім болған жоқ. Бір ғажабы, бұл кісі аса зиялы туындыны жай қара сөз емес, биік пафосты поэзия тілімен ішкі мағынасын сақтай отырып, қайта жырлап шықты десек, қателесе қоймаспыз.

Құл Қожа Ахмет Йассауиге дейін ислам діні барлық түркі халықтарына араб тілі арқылы келгені шындық. Сондықтан аса қасиетті «Құранды» арнайы молдадан, мешіт-медреседен бар ынта-жігерін салып оқыған білікті адамдар болмаса, жай қарапайым бұқара халық терең ұғынып, мән-жайын, ішкі мағынасын болжай алмайтын еді. Міне, осындай ауыр жағдайды ескеріп, Ахмет Йассауи қасиетті дүниені тұңғыш рет түркі тілінде сөйлетті, халыққа шариғаттың ақ жолын, оның неше алуан құпия сырлары мен ішкі мән-маңызын жан-жақты баяндап, таудай биік, теңіздей терең дүниенің салмағын да, заңғарлығын да аласартпай, тұтас жеткізген.

Атақты бабамыздың айтып тіл, аршындап ой жетпейтін жоғарыдағы еңбегі негізінен төрт нәрсенің бірлігі мен үйлесім табуын қуаттайды. Оларды ақын былайша сипаттапты:
Өтті ғұмырым, шариғатқа жете алмадым,

Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым,



Хақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,

Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар, -

деп толғаса, ұлы бабамыздың сөзінде иненің жасуындай да жалғандық жоқ. Қазір егемен ел болу үшін бізге де осы төрт нәрсенің бірлігі ауадай қажет. Қаншама жыл бойы ділсіз де, дінсіз де өмір сүрдік, не таптық, арақ іштік, шылым шектік, өтірік айттық, ұрлық істедік. Қылмайтын істі қылып, істемейтін жұмысты істедік, аздық, тоздық. Ұл – атаны, қыз – ананы сыйламайтын, «Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» дейтін кезеңнен кер заманға кез болдық. Ал осындағы тарихымыздан да айырылып қала жаздағанымыз жасырын емес. Тіпті, басқаны былай қойғанда, әз Төле би, Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билердің де қай жылы туып, қай жылы өлгенін анық біле алмаймыз, кейбір құжаттар мен шежірелерге ғана сүйеніп, әзер дегенде анықтаған сияқтымыз. Біз бұл жерде шежіренің құнын түсірейік деп отырған жоқпыз, басқа өркениетті елдер секілді кезінде тасқа басылған мәліметіміздің болмағанына күйінеміз.

Енді хақиқатқа тоқталсақ, бұл да аса ірі дүние. Адам баласының бойында шындыққа жанасатын бір тәуір нәрсе болмаса, ол тіптен қиын, ондай жан өзіңді кез-келген уақытта жарға жығып, батпаққа батырып кете береді. Сол үшін ақиқатқа жүгінетін жандарда иман да, ұят та болады. Осы айтылған нәрселер бір басында тоғысқан адам Алланың сүйген құлы, Мұхаммедтің шын үмбеті болары сөзсіз. Осы себепті ұлы Абай:


Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй, ол – Алланы, жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және де хақ жолы деп әділетті, -


деп, бостан-босқа айтпаған. Кімнің бойында әділеттік болса, ол хақиқатқа жақын, ал шындықты сүйген адам – Алланың сүйген құлы.

Алайда, шариғат та, тарихат та, хақиқат та мағрипатсыз (ғылым-білім) еш нәрсеге аспайды екен. Оны да бізге сонша терең әрі дәл түсіндірген осы атамыз Қожа Ахмет ғұлама. Оның айтуынша, шындыққа апаратын бірден-бір жол – ғылым жолы. Ақынның осы аталған кітабы негізінен қара өлең үлгісімен жазылған, екінші сөзбен айтсақ, төрт жолдан тұратын он бір буынды байырғы дүние. Бұл асыл туындыда егіз жолмен бірге шалыс ұйқастардан жасалған хикметтер де кездеседі. Осы шығармадағы шумақтардың соңғы жолы үнемі басынан-аяғына дейін қайталанып отырады. Мысалы, «Сол себептен хаққа сыйынып келдім, міне» немесе «Надандардан күдер үзіп келдім, міне» немесе «Насихатын халыққа айтып кетті, достар» - деп хикметтің өнбойында, тұтас шумақтардың соңында осылай қайталанып отырады. «Диуани хикметтің» ешбір шығармаға ұқсамайтын мұндай өзіндік ерекшелігіне қарағанда, бұл еңбектің айрықша ішкі ырғаққа, сазға, үнге, әуенге, әуезге, мақамға құрылғаны байқалады. Аталған кітаптағы мұндай оқшау қасиет оның көп адам алқа-қотан отырып, бірлесе айтуына да лайықталған сияқты.

Құл Қожа Ахметтің барлық өмірі бір Алланы сүйіп, соған құлшылық етуге арналған. Бұл кісі ішсем-жесем, кисем-мінсем демеген, бір ғана тілегі – халайық-қауымға құдіреттің кереметін, пайғамбардың шапағатын түсіндіру еді. Сол жолда бар күш-жігерін, қажыр-қайратын аямай жұмсаумен болды. Ол:

Жаназамның артынан тас атыңдар,

Аяғымнан ұстап сүйреп көрге атыңдар,

Хаққа құлдық қылмадың деп тепкілеңдер,

Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне, -
деп толғаса, өмірінде бес уақыт намазын, отыз күн оразасын қаза қылмаған. Аллаға құлшылығы күннен-күнге артпаса, кемімеген жанның осыншама кішіпейіл сөйлеуі – бұл күнде мейманасы асып, көкірегі шалқып-толқып тұрған кейбіреулерге сабақ секілді. Өлеңдерінде қаншама кішілік, кісілік, парасат, тіпті ерлік деуге татырлық дүние жатыр. Өлеңнің өлшемінде, көркемдігінде, ішкі ырғақ, әуезділігінде қылаудай мін жоқ. Содан кейін аса ғұлама жан бір Алланың жүзін, нұрын, дидарын көруге соншама асық, соншама ықыласты.
Көзім жұмып-ашқанша жетті алпыс,

Белім буып мен қылмадым бір жақсы іс.

Ертелі-кеш бейғам жүрдім жаз және қыс,

Бір және жарым, дидарыңды көремін бе, -

деп шабыттана жырласа (мұнда «Бір және жарым»деп Алланы айтып отыр) бізге бәрі де түсінікті, уақыттың құстың қанатынан да ұшқыр екені, кешегі баланың демде ата жасына жетуі, екінші сөзбен айтсақ, пайғамбардың тұғырына келуі. Бір қызығы, «бар өмірім босқа өтті» дегенді «Қыс пен жазым бейғам өтті» деп беруі, адам баласын таң қалдырарлық құбылыс.

Осы аталған хикметті қанша қарасаң да, қайта-қайта оқи бергің келеді, бұл туындының құдіреті шымырлаған шындығында жатыр. Аласыз, ақ көңіл, адал пейілмен жазылған дүниеде кіршік болушы ма еді, өне бойыңды дірілдетіп, өзіңді басқа күйге, бөтен бір ортаға алып кеткендей сезінесің, содан кейін тағы да шұқшиясың.

Ақын:
Саған жаза, жаратқанға жалбарынбадың,

Алланы айтып, түнде тұрып еңіремедің.

Хақиқаттан сөз сөйледім, естімедің,

Залымдардың қолын ұзын қылдым, міне, -


деп күллі қауымды жаратқанға жалбарынып, құлшылық етуге шақырады, бұл жай ғана тағзым ету деп түсінсек, біз қателесеміз. Адам – пенде, сондықтан оған тазару, жаңару, сілкіну керек. Ол үшін жаратқан иеңді таны, біл, оған құрмет ет, оның өзіңдей құлдарына қолыңнан келсе көмегіңді аяма, алайда жамандық жасай көрме. Адам баласының бір-біріне деген қиянаты көбіне мал-мүлікке қатысты болады, дүние-нәжіске ұмтылған жандар обал-сауапты түсінбейді. Қожа Ахмет атамыз:
Ей, бейхабар, хаққа көңіл жүгіртпедің,

Дүние харам, одан бойың суытпадың.

Нәпсіден безіп, бір Алланы толғамадың,

Бұл нәпсі үшін зарлап, қайран болдым, міне, -


деп екі аяқты, жұмыр басты пенденің хас жауы сыртта емес, адамның өз ішінде екенін терең түсіндіреді. Ата-бабамызда: «Алланы тану үшін алдымен өзіңді таны» деген мәтел бекер айтылған ба?! Ұлы ойшыл құр нәпсінің ешнәрсеге тоймайтынын, қайта алған сайын арыстандай аранының ашыла беретінін айтады.
Жаннан кешіп, жалғыз хақты жанға қостым,

Одан кейін дария болып, толып тастым.

Ламкенді төсек қылып әнге бастым,

Дүние қызығын жүз мың талақ еттім, міне!


Расында, өмірінде ешбір қызыққа берілмеген, қанағатшылдықты дүниенің бәрінен жоғары қойған абзал жан Қожа Ахмет бабамыз, жұмбақ дүниенің қатпар-қатпар сырын білуге, адам баласының ішкі жан сарайын терең сезінуге құштар. Өзі жеті жасынан бастап әулиелердің ағасы Арыстан бабқа шәкірт болып, Алланың ақ жолына біржолата түсіпті. Құдай кішіпейілді, қанағатшылды ұнатады, сондықтан осы екі жақсы мінезді өзіне бойтұмардай тұтынған. Өзі ғана қанағат етіп қоймай, бұл бір игілікті істі көпке де ұсынады.
Хикметімнен баһра алған көзін сүртсін,

Ықыласпен көзге сүртіп, дидар көрсін.

Шарты сол дүр, қанағатқа мойын сұнсын,

Жан пида етіп, жаңаны көрдім, міне.


Ақын өзінің де, өзі жазған хикметінің де аса бағасын жақсы біледі, енді бұл қасиет пен киеге толы, тек жақсылықты жырлайтын асыл дүниесінің бағасын жұрт та білсе екен, сезінсе екен дейтіндей. Ол тек бүгінгі өзі өмір сүрген мезгілді ғана емес, болашақты да көріп тұрғандай, түу алыстан соққан ызғардың ауыр үскірігін айнытпай, асырмай сол қаз-қалпында жеткізіпті.
Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті,

Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.

«Ұят барда – иман бар» деп Расул айтқан,

Арсыз қауым бүлдіріп кетті, достар.

Мұсылман мұсылманға болды қатал,

Нақақ істеп, хақ жұмысын бұзды олар.

Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын,

Ғажап сұмдық замана болды, достар.

Туысқан мен ағайында қайырым жоқ,

Патша мен уәзірлерде әділет жоқ.

Дәруіштердің дұғасында қасиет жоқ,

Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар.

Ақырзаман ғалымы залым болды,

Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды.

Алланы айтқан дәруіштің жолы болды,

Ғажап сұмдық замана болды, достар.

Қиямет күн жақындады, қалғаны жоқ,

Құл Қожа Ахмет сөзінде жалғаны жоқ.

Өзін-өзі көтеріп мақтаған жоқ,

Насихатын халыққа айтып кетті, достар.


Бұл үзінді әдейі алынып отыр. Енді-енді бас көтеріп, жаңадан ғана ес жинап келе жатқан елімізге бірлік пен береке, мейірім мен шапағат балы тамған татулық қажет-ақ. Сырты ғалым, іші залымдар, аузынан шын сөз шықпайтын, жазықсыз жандарды орға да, торға салып қойып, сыртынан күлетіндер қаншама?! Олар да бір сәт ойлансын, бір басты, екі аяқты пенде Алланың құлы, Мұхаммедтің үмбеті екенін сезінсе екен.

Сайрам – байырғы ислам орталығы. Оның халқы негізінен Шаһтар әулеті, әмірлер мен Әзіреті Әліге барып тірелетін қожалар әулетінен тұрады. Ахметтің әкесі Ыбырайым Сайрамдағы атақты ғұлама болған. Ол ұстазы Мұса шайхтың қызы Қарашаш анаға (Айша) үйленіп, одан Гауһар-Шаһназ деген бір қыз, Садыр және Ахмет атты ұл көреді.

Қожа Ахмет Йассауидің ата-бабалары (үлкен бабасы Ысқақ баб, өз әкесі Ыбырайым шайх) Сайрам қаласының маңайында тұрған. Ақын да осы қалада дүниеге келген. Академик В.А.Гордлевский Қожа Ахмет Йассауидің арғы аталары Имам Әбу Ханифаға барып қосылатынын (Әбу Ханифа Хазіреті Әлінің баласы) айтады. Ақынның арғы тегінің Хазіреті Әлінің Мұхаммед Ханафиясынан басталатынын ертеректе Ақсақ темірдің жорықтарын баяндаған ирандық Шараф ад-дин Әли Йазди «Зафарнама» кітабында жазып кеткен. Кітапта Ақсақ Темірдің Сейхуннан өтіп, Ахангаран, Шыназ төңірегінде қыстау үшін әскеріне арнап үй салдырғаны айтылады. Ақсақ Темір осы сапарында Йассауи бейітіне зиярат етіп, оның басына ескерткіш орнату жөнінде бұйрық берген. Онда сәулетті кешеннің құрылысы қандай болу керектігі ашық айтылған. Қожа Ахмет жастай шешесінен, жеті жаста әкесінен жетім қалып, өзінен 10 жас үлкен Гауһар-Шаһназ атты апайының қолында өседі. Әдепкіде әкесінен оқып, сауатын ашса, ислам дінінің шарт-қағидаларын үйреніп-білуіне әйгілі ұстазы Арыстан баб елеулі үлес қосады. Жасында Арыстан бабтан бата алады. Кейін атақты ғұлама Жүсіп Хаманадидан сабақ алады.

Бабамызды бір деректе Сайрамда дүниеге келді деп айтылады. Өйткені әкесі Ыбырайым да, шешесі Қарашаш та осында жерленген. Әлі күнге ел арнайы алыстан келіп, олардың басына зиярат етеді. Ал осы ғұламаның жарық дүниеге келген жылы жайлы әлі де зерттеушілер бір тоқтамға келе қойған жоқ. Дегенмен, қайтыс болған мерзімінің 1166-67 жылдар екеніне ешкім де шүбә келтірген емес. Мәселе оның алпыс үштен кейін пайғамбар жасынан әрі қарай жарық дүниені көру күнә деп жер астына (қылуетке) түсіп кетуінде. Бұл туралы:


Аппақ таңда дүйсенбі күн жерге кірдім,

Мұстафаға қайғы тұтып кірдім, міне.

Алпыс үште сүннәт деді естіп, білдім,

Мәңгілік деп жер астына қадам қойдым,

Жарық дүниені талақ етіп, хақты сүйдім, -
дейді.

Мінеки, қай жасында жердің астына түсті, қай жасқа келді бәрін де өзінің атақты хикметінде сайрап айтып тұрса, біз бұған қалай сенбейміз, осыншама қасиетті жанға қалай ғана шүбә келтіреміз? Шынында, ғалымдардың айтқанындай, бұл кісінің қайтыс болған жылы 1166-1167 жыл екені рас болса, онда Қожа Ахметтің туған уақыты 1103 жылға сай келері белгілі.

Қожа Ахмет мешітін салдырған – Ақсақ Темір. Осы тұрғыда Жүсіпбек Аймауытов. «Әзірет Сұлтан» атты мақаласында «1397 жылы мешітті салдыра бастап, үш жылдан кейін өзі өліп, мешіт бітпей қалған. Мешітті салушы шебер қажы Құсайын Ширази деген адам екен» («Жаңа әдебиет» 1929, №1). Ал осы ғажап ғимараттағы киелі Тайқазан жайында да Ж.Аймауытов аталған еңбегінде: «Жүз кісі болмаса, қозғай алмас дегізгендей кесе түптес он екі құлақты дәу қола қазанның жан-жағы бұрандалы шүмек, үстібасы оюлы машихы жазу. Қазанның биіктігі кісі бойы, қол ұсыным. Қодастың желкілдек қара жүнін таққан құрықтарының басын мосылып байлап, қазан үстіне келтіріп қойыпты» десе бізге бәрі де түсінікті. Сол бір Тайқазан қайта оралған соң, елге қызыр дарып, құт қонған сияқты. Кешегі хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен бағландарымыздың жоғын жоқтап, тойын тойлап жатқан сыңайымыз бар.

Түркістан ертеден-ақ ер түріктің қара шаңырағы екені айдан анық. Біздің ұлы бабаларымыз: «Аспанда көк тәңірі, жерде көк түрік, дүниеде екеуінен құдіретті ешнәрсе жоқ» - деп есептесе, Ақсақ Темір сол арғы ата-баба астанасы Түркістанға Қожа Ахметке алтынмен аптап, күміспен күптеп заңғар ескерткіш орнатты. Өткен заманда Төле биден бір білгір адам Әмір Темір көреген жайлы сұрағанда ол: «Біз бүкіл ұрпағымызбен Ақсақ Темірге алғыс айтамыз және оның әруағының алдында қарыздармыз. Ол біздің елге, даламызға жаңалық әкелді: Қожа Ахмет Йассауидің күмбезін салды. Мұндай ғажап күмбез бұрын-соңды жұртымызда бой көрсеткен емес. Бұған дейін даламыз өлі секілді еді, Ақсақ Темір сол өлі даламызды шырт ұйқыдан оятып, екінші Мекке салды» - деп өте дұрыс айтқан. Расында, екінші Мекке тек қазақ жерінде, Түркістан шәһәрінде екені көпке ертеден бері аян. Атақты Ақсақ Темір туралы Мұхтар Әуезов кеңінен толғай келіп: «... Ақсақ Темір бар табысын Самарқанға тасыған. Халық үстіне ауыр-ауыр салық салып, Самарқан қаласын салтанатты сарайлармен, зор ғимараттармен безендірді. Жеңген елдердің көбінен ғимарат салатын ұсталар, оюшы-суретшілер, дәрігер білімпаздар - сияқты жандарды сол Самарқанға жиды» - деп біз «жауыз, қанішер» деп келген Әмір Темір көрегеннің ұлылығын Мұхаң ешкімнен қорықпай, үрікпей, жасқанбай, жалтақтамай әділін айтады. «Зер қадірін зергер таниды» деген халқымыз қандай данышпан!..

Ендігі біраз сөз, Қожа Ахметтің кісі мінезі туралы тоқталғанда, әсіресе, өсекші алаяқтардың екі дүниеде берекесі де, тұрмысы да оңбас депті. Ондайлар бір-екі адамды ғана емес, бүкіл бір ұжымды, тіпті елді, қауымды алатайдай бүлдіріп кетпек. Сол үшін оларды халық: «Құдай қарғаған, әруақ ұрған» деп іштей қатты жек көріп отырады делініпті.

Мінеки, тіпті күнделікті өзіміз қолданып, айтып жүрген мақалдың да түп төркіні Қожа Ахмет атамызға келіп саяды екен.

Біреулер мұны әшейін айта салынған аңыз дер. Солай-ақ болсын, бірақ әрбір айтылған аңыздың арғы тегінде ақиқат жоқ деп кім айта алады? Оның үстіне, бұл материалды жазған Мәшһүр араб, парсы, шағатай, өзбек тілін өзінің ана тіліндей жетік білген оқымысты.

Қожа Ахмет жайлы қалам тербеген М.Әуезов, А.Тоқмағанбетов, Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, Қ.Мұхамеджанов және басқалар әркез ой-пікір қозғап, тың деректер келтіреді.

Ислам дінін бүкіл халқына толық жеткізу, түсіндіру, уағыздау, таратуда ғұлама жан Қожа Ахмет Йассауидің еңбегі ұшан-теңіз. Ислам тарихында, соның ішінде түркі жұрты үшін бұл жағдай ғажап құбылыс, қайта өрлеу кезеңі, жаңа бетбұрыс, жаңа дәуір болып саналғаны белгілі. Себебі, Орта Азияда ғылымның дамуы, қалыптасуы тек «Диуани хикметтен» кейін ғана іске асты.

Ұлы ақын әлемге әйгілі хикметінде аса күрделі ұйқастар мен ішкі үндестіктері бір-бірімен қабысып, шебер үйлесім тапқан, бір дыбысы мен екінші дыбысы қосылғанда қоңыраулатып үнді саз шығаратын, өзіндік мақамымен, әндетіп оқылатын асыл туындысын біздерге, біздің болашақ ұрпаққа қалдырды. Халық аңызында: «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Біз ел-жұртымыздың аман-есен алдағы аппақ арманына шаршап-шалдықпай жетуі үшін «Алладан тілейік, Қожа Ахметке түнейік», ин ша Аллаһ, сонда тілегіміз қабыл болар!..



Баба кереметі жайлы үзік сыр
Жер басып жүрген ғұмырында екі рет қатты ауырған Қожа Ахмет Йассауи: «Түркі еліне қанағат пен имандылық сыйлайтын еңбек етуді нәсіп ет, Жаратқан! Маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғұмыр жасын қи. Жалғанның алдамшы қызығына алданбай, көзім жұмылғанша еңбек етемін», - деп Аллаға жалбарынып, тәуба жасаған екен, - дейді аңыз желісі. Осы күннен бастап бабамыз 26 жыл бойы дәретсіз жер баспай, уәдесінде тұрып, күні-түні еңбек еткен көрінеді. Алла Тағала Қожа Ахмет Йассауидің тақуалығына рахымы түсіп, ғұмырын ұзартқан екен. Бірақ Пайғамбар жасынан асқан әулие «Бұл дүниенің ендігі жарығы маған артық» - деп, күн сәулесі түспейтін жер асты үй-қылуетке түсіп, өмір сүріпті. Күніне бір мейізді қорек еткен көрінеді.

Ежелгі Отырар жеріне келіп жеткен кезінде Ақсақ Темір науқас екен. Түсінде: «Осы бір шумақ жырды қайтара оқы», - деп кеңес берген ақ киімді кісіні көреді. «Сіз кімсіз?» - деп сұрағанда, «Йассауилық Қожа Ахметпін», - деп тіл қатса керек әулие. Оянса, көкірегінде бір шумақ сайрап тұр екен. Осыдан соң-ақ Ақсақ Темір жолы оңғарыла берген көрінеді. Кейін билігі өсіп, зор дәрежеге жеткен шағында тарихи қала Түркістанға келіп, өзі әулие тұтқан түркі елінің ақыны, ұлы ойшылы Қожа Ахмет бабамызға ғажайып ғимарат тұрғызған екен.



Бақсайыс Ата (Бақшайыш)
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік музей қорығының қорында, Созақ маңынан табылып әкелінген, ескі кітап сақталып келеді. Бұл кітап Бақсайыс бабаға қатысты өте құнды жәдігер. Осы көне кітапта жазылған төмендегідей әңгіме бар екен.

Уақиға Өзбек ханның Дешті Қыпшаққа хан болып тұрған заманында болса керек. Ол 1335 жылдардың маңына алып барады, ал Бақсайыс баба шамамен 1330 жылдарда дүниеге келген. Сайид ата Дешті Қыпшақ еліне келіп, елдің қожа-молдасын жиып алып: «Мен сендерге екі жұмбақ-сауал қоямын, кім шешер екен?» - дейді. «Бірінші, Аллаһ Тағала нені білмейді? Екінші, Аллаһ Тағала нені жаратпайды?» - деген жұмбақ сауалдарын қояды.

Елдің игі жақсылары: «Бізге бірер күн рұқсат беріңіз, ойланайық, ізденейік» - деседі. Өтініштері қанағаттандырылады. Келісімді күннің уақыты болғанда қайтадан жиналады. Халық: «Тақсыр не әмір қылсаңыз да өзіңіз білесіз, біз жұмбақты таппадық» - дейді. Сонда бір жас бала шығып: «Бұл сауалдың жауабын менің айтуыма бола ма?» - деп рұқсат сұрапты. Рұқсатты алған соң, бала: «Тақсыр, оның жауабы: бірінші – Аллаһ Тағала өзінен басқа құдіретті білмейді, екінші – Аллаһ Тағала өзінен басқа Құдайды жаратпайды» - деп жауап берген екен.

Жауапқа разы болған Сайид ата бұл баланы әкесінің рұқсатымен өзінің тәрбиесіне алыпты. Баланың азан шақырып қойған аты Камалиддин екен, бірақ осы оқиғадан кейін оның есімін Сайид ата Бақшайыш деп атапты. Бақшайыш Сайид атасының тәрбиесінде жүріп, оқып-жетіліп кейіннен Дешті Қыпшаққа пір әрі Халифа болып сайланыпты.

Дешті Қыпшақтың ханы Бақшайышты Қысырау деген кісінің қызына үйлендіреді.

Түркістандағы қазақ-түрік университеті жанындағы тарих және этнофилология ғылыми-зерттеу орталығының қолжазба қорындағы Созақ ауданынан табылған жәдігер-қолжазба «Темірнама» деп аталады.

Бақшайыш (Бақсайыс) – сопылық ағымның ірі өкілі. Оның шыққан тегі Араб халифатының төртінші халифы Хазірет Әлінің баласы Мұхаммед Ханафияға барып тіреледі.

Бақшайыш – Сайид атаның шәкірті. Сайид атаның өзі Айқожа ишанның (лақап аты Зәңгі ата) шәкірті, Зәңгі ата С.Бақырғанидың шәкірті. С.Бақарғанидың өзі Қожа Ахмет Йассауи Хазіреттің шәкірті болатын.

Жоғарыда аталған көне қолжазбаның Созақ жерінен табылуы заңды нәрсе. Себебі, бұл аймақ Бақшайыш бабаның ата-бабаларының мекендеген өлкесі болып табылады.

Араб тіліндегі нұсқадан түрік тіліне Йассауидің ағасы Садыр шейхтің немересі Сафи әд-Дин Орын Қойлақы аударған қолжазба «Насабнаме» деп аталады. Осы қолжазба 1992 жылы жеке кітап болып, Түркістан қаласындағы «Мұра» баспасынан жарық көрді. Аталмыш кітапта да Бақсайыс (Бақшайыш) Садыр шаһтың шөбересі еді деп көрсетіледі.

«Егемен Қазақстан» газетінің 1 мамыр 1998 жылғы санында Базарбай Сүгіралин деген азамат, өзі де қожа нәсілінен болу керек, тартымды да танымды зерттеу мақаласын жариялады. Онда ұлы М.О.Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы Евразия көлемінде аталып өтілгенін мақтанышпен айта келіп:

«... Алғашқы дерек ұлы Әуезовтың өз қолымен жазылған өмірбаянында өрнектеліпті. Мұхаңның 1928 жылы Смағұл Сәдуақасовқа берген «Өз жайымнан мағлұмат» деген жауабында былай делінген: «Мен 1897 жылы қыркүйектің 15-де туыппын. Туған жерім – Семей уезіне қараған Тобықты іші – Шыңғыс болысында. Менің аталарым Қожа, алғашқы шыққан жері Қаратау деуші еді» дейді. Одан әрі мақала былай өрбиді.

Қожа этнонимі исі қазаққа ежелден сіңісті атау. Әлемдегі ислам теологтары бір ауыздан мойындап, оларды Мұхаммед пайғамбардың кіндігінен өрбіген ұрпақтан құралған діни сословие ретінде қарастыратын қожалар (әлемдік ислам әдебиетінде қожалар этнонимінің орнына «Сайид» термині қолданылады) мұсылман елдерінің бәрінде бар.

Мәселен, олар туралы «Ислам энциклопедиясында»: «Сайид» атауы шииттік (қасиет) насихат нәтижесінде бірте-бірте Пайғамбар ұрпақтарына, әсіресе Мұхаммедтің (с.ғ.с) немересі әл-Хусейннен тарайтын бұтақтарына көбірек қосып айтылған. Олар мұсылман қауымының әлеуметтік иеархиясына ерекше артықшылықтар берілген топты құрап, діндарлар арасында үлкен беделге ие болды».

Сонымен, қожалар деп Мұхаммед Мұстафа Саллаһу Ғалейхи уас-саламның сүйікті қызы Фатима (Бибі Фатима, Пірім Бибатима) мен оның күйеу баласы әрі немере інісі Хазірет Әліден өрбіген ұрпақты айтамыз.

Кейбір мұсылман шежіре деректерінде бұған Хазірет Әлінің Хасан және Мұхаммед Қанафия деген ұлдарынан тараған ұрпақтарды да қоса айтады.

Сонымен бірге, ислам жолындағы шайқаста Кербаланың шөлінде хижра жыл санауының 61 жылында шейт болған имам Хусейіннің ұрпақтары күллі мұсылман дүниесінде құрметке бөленіп Сейіт қожалар атанып кетті.

Енді Әуезов естелігіне әрі қарай зер салайық: «Үлкен әкемнің үйінде сақталған қожалар шежіресін бала кезде бір көргенімде біздің қожалардың арғы атасы Бақсайыс дейді. Бұл – Арқадағы қожа атауының барлығы Тобықты ортасында, әлде қожалардың көп айтып құлағына сіңіргендіктен бе, болмаса елдің өзі діндарлау заманында бірдеңе-бірдеңе естіген, әйтеуір Бақшайышты әншейінгі қара қазақтың көбі біледі. Кейде баласын таба алмаған қатын сияқты қысылғандар Бақшайыштың әруағын айтқыш көрінеді. Бақшайыш жаңағы айтқан шежіреде Омарханға 18 ата болып келуші еді. Тым әрірек көрінеді» - деп жазады Мұхаң.

Қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, демография ғылымында қалыптасқан үрдіспен бір атаның (бір буынның) орташа жасы 30 жыл деп анықтауға болады. Енді осы есеппен Бақсайыстың өмір сүрген тұсын анықтасақ.

Мұхаңның әкесі Омархан 1856 жылы туып, 1909 жылы дүние салған. Егер жоғарыдағы үлгімен бір атаға 30 жас берілетінін ескере отырып, 18 атаны 30 жылға көбейтсек, 540 жыл шығады. Егер 540-ты Омархан туған 1856-тан шегерсек 1316 жылдан бірақ шығады. Бұл қазақ хандығы құрылудан бір жарым ғасырға жуық әрі уақыт. Сондықтан Мұхаңның «Тым ертерек көрінеді» деуі әбден орынды.

Өзі Жаңақорған ауданы территориясында жерленген Сүгірәлі бабамыздан жеткен (1798-1887) деректер бойынша Бақшайыштың шын аты Хазірет Сайид Камалиддин. Жаугершілік заманда өмір сүрген Камалиддин жас кезінде сайысқа жиі түсіп, мерейі үстем болған. Сайыста басына бақ қонған адам болғандықтан Бақшайыш атап кеткен деседі бір деректерде.

Екінші бір деректерде Ислам әлемінде Алла жолына бел шешіп кіріп, басқа дүниеге көңіл аудармаған жанды «Өзін Алла жолына Бақшайыш етті» дейді. «Демек, бұл Бақшайыш ата ислам ілімін елге таратуға ерекше еңбек етті деген мағынаны білдіреді» дейді шежіресі ағамыз Сейтомар Саттаров.

Шежіре деректері араб тілінде, яки араб әрпімен жазылатыны белгілі. Араб алфавитінде «ш» әрпі мен «с» әрпінің жазылуы бірдей. Егер «с» әрпінің үстіне үш нүкте қойсаңыз, «ш» болып оқылады. Сондықтан оның аты кейде «Бақшайыш» болып оқылған. Дұрысы – Бақсайыс (бақ және сайыс).

Шежіре деректері бойынша Бақсайыстың 8 ұлы болған. Оның алтауының: Сейд Мұзаффар Шейх, Сейд Абдулла Шейх, Сейд Абылхан Шейх, Сейд Өтеш Шейх, Сейд Тікеш Шейх, Сейд Абиба Шейхтардың есімі белгілі.

Қазақстандағы белгілі кәсіпкер ғалым, «Атамұра» корпорациясының белгілі президенті, қоғам қайраткері Мұхтар мырзаның фамилиясы Құл Мұхаммед. Оның қолында сегіз мөрмен куәландырылған қожалар шежіресі бар екен. Осы шежіре бойынша Мұхтардың бабасы Құл Мұхаммед оның өзінен санағандағы 13-ші атасы Камалиддин болып шықты.

Шежіреде оның толық есімі былай жазылған. «Уәбнүһу Хазрат Сеид Камалид-дин Рахматулла ғалайһи». Мұның алғашқы сөзі шежіредегі ныспы ер баланың аты екендігін, ал соңғы екі сөзі «Алланың рахметі жаусын!» дегенді білдіреді. Сонда шежіредегі есім «Хазрат Сеид Камалид-дин» болып шығады. Бұл Бақсайыстың азан шақырып қойған аты. Мұхтардың қолындағы шежіре ары қарай таратсаң, ол төмендегі ретпен тізбектеледі.



  1. Хазрат Сеид Камалад-дин

  2. Хазрат Сеид Мұзаффар

  3. Хазрат Сеид Сейдул Ғарип Бадарик

  4. Хазрат Сеид Жамаледдин

  5. Хазрат Сейдул Һашим

  6. Хазрат Мырза Шаһ

  7. Сейд Ғұдда Шаһ

  8. Хазрат Сейд Мир Хамд Шаһ

  9. Хадим Ғулака-и заманил Бұхара и Шейхул Машаих

  10. Сеид әулие қожа

  11. Хазрат Сеид Құл Мұхаммед қожа

  12. Сеид Әкрам қожа

  13. Сеид Абрар қожа

  14. Мұхтар

Егер Мұхтардың 1960 жылы туғанын ескеріп, осы атадан он үш атаға (390 жыл) шегініс жасасақ 1570 жылға тіреледі. Бұл да жоғарыдағы пікірді растайды.

... Мұхаң өзінің ұлы бабасы Бердіқожа туралы нақты дерек қалдырады. Онда «Тобықты ішіне менің үшінші атам Бердіқожа бірталай туысқандарын ертіп Найман ішінен келген. Ол Құнанбай заманы. Құнанбайдың шақыруымен келгенге ұқсайды» делінген. Бердіқожадан Үсен, Бурахан, Әуезхан, Самархан, Кенжехан деген бес ұл, төрт қыз. Ал Әуезден Омархан, Самархан, Арынбек, Ахмет, Ақзан, Қасымбек тарайды. Омарханнан Мұхтар, одан Ернар, Мұрат тарайды. Бердіқожадан Мұратқа дейін бес ата. Сонда Бердіқожа мен Бақсайыс арасындағы ұлы жазушының бабалары кім болған?

Мұхтар Әуезов туралы деректерді архивтерден көп іздестіріп, хатқа түсірген ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбаев Әуездің жиені Ниязбек Алдажаровтың шежіре дерегін келтіреді. Онда 1924 жылы туған, өзін Бақсайыс ұрпағы санайтын Кәбір деген азамат Бердіқожаның әкесі Саяқып, оның әкесі Мұхнун, оның әкесі Шаһанәдір деген деректерді алға тартқан.

Саяқып әйгілі Сарғалдақ қожаның туысы, ал Сарғалдақ қожаның баласы Қожахметтің қызы Айғаным Уәли ханның кіші әйелі, Шоқанның әжесі, Шыңғыс Уәлихановтың анасы болған. Енді бір деректерде Сарғалдақтың әпкесі Зура ханым Абылайдың төртінші әйелі болған. Бұдан шығар қорытынды: Бердіқожаның әкесі Саяқып. Бұл күмән келтірмейтін ақиқат. Ал оның әкесі Мұхмун, атасы Шаһанәдір.

Бақсайыс бабамыз туралы жазушы Қабдеш Жұмаділов «Прометей алауы» атты романында әсерлі баяндаған (Алматы, «Атамұра», 2002). Бір мысал келтіре кетейік. «... Шекарадан 60 шақырым Мұқаншы ауылында Шейхул Сейіт қожаның тағы бір шөбересі Абырар ақсақал тұрады. Құл Мұхаммедтің екі әйелінен екі-екіден төрт ұлы болған. Олар: Қожахмет пен Ескендір және Сейіт Ахмет пен Сейіт Әкрам». Абырар – Құл Мұхаммедтің қазақ әйелінен туған кенжесі – Сейіт Әкрамның баласы.

Абырар 5 ұл, 5 қыз өсірген. Бәйбішесі – Гүлғасыл. Ұлдары: Мұхсын, Ихсан, Мұхтар, Рахымғали, Мұратқали Мұхтар – 1960 жылы туған.


Бақшайыш бабаның ататек шежіресі
Хазреті Али

Мұхаммед Ханафия

Абд-ул Фаттах

Абд ул Жаббар

Абд ул Каһар

Абд ар Рахман, Абд ар Рахим

Абд ар Рахманнан – Исхақ баб, Абд ул Жалил баб.

Исхақ бабтан –

Харун шейх

Мумин шейх

Муса шейх

Исмаил шейх

Хасан шейх

Усман шейх

Умар шейх

Мұхаммед шейх

Ифтихфар шейх

Махмуд шейх

Ибараһим шейх – Құл қожа Ахмет Йассауи, Садыр Шейх.

Құл Қожа Ахмет Йассауи он екінші ғасырдан бастап барлық түркі қауымының шейхтарының машайхы, ұлығы. Бұл бабадан ұл жоқ.

Садыр шейх→Данышман қожа, Әбді Мәлік қожа.

Данышман қожадан→Сафи ад дин Урынк Қойлақы→

Ақ қорғандық қожалар – бес ата: Бурхан шейх, Қара шейх, Қауғандық ата, Қарақшы ата, Оқшы ата.

Әбді Мәлік қожадан→Әбді Әли: он екі ата Бақшайыш тарайды.

Бақшайыш – Алла жолына бар өмірін бағыштаған деген ұғым. Бақшайыш атаның Азан шақырып қойған аты шайх Камалиддин. Қабірі Қызылорда облысы, Жаңа қорған ауданында Байкенже деген жерде.

Ысқақ бабтың Мазар сағанасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы аумағында, «Баб ата» деп аталады.

Абд ал Жалил бабтан – Хусеин ата, Ибраһим сопы.

Хусеин атадан – жиырма бірінші ұрпағы Хорасан ата, одан сегіз ата тарайды: Құрбан, Қожахан, Абыт, Абыла, Ұлық, Жүсіп, Жақып, Мәмірайым. Бұлар орталық Азия, Түркия, Ресей, Түркістанда өмір сүріп жатыр.

Ибраһим сопыдан да көп ұрпақ тарайды. Жиырма екінші ұрпағы Мәді қожа (Диуана қожа), он екінші ұрпағы Исмаил ата, т.т. Қазақстанның барлық аймағында, Түркіменстанда, т.б. жерлерде мекендеген.




Исламның Орта Азия мен Қазақстанға таралуы
Тарихи айғақтарға жүгінер болсақ, арабтардың Мәуереннахр жеріне тұңғыш келуі VII ғасырдың екінші жартысы (673 ж.) екенін көреміз. Олар Орта Азияға екі бағытта еніп, онда тұратын бұтқақұл халықтарды Ислам дініне кіргізу жолында ғазауат жорықтарын жүргізген. 651 жылы Мервке орналасқан бір бөлігі Әмудариядан өтіп арғы бетінде соғыстар жүргізсе, екінші бір бөлігі оның бергі бетіне өтіп, Қашқария арқылы Самарқандқа бет қойған. Арабтардың Ислам дінін әлемге таратушы әскерінің алғашқы легі жасыл туын көтеріп Тұран даласының алғашқы қалалары Пайкенд, Бухараны алса, соңғылары Самарқандты иеленген. Оларды Самарқандқа алғаш бастап келген Саийд еді. Бірақ кейінгі жорықтардың бәрі әскербасы Кутайба ибн Мусілім есімімен тығыз байланысты болып отырады.

Мыңдаған жылдар бойы Көк тәңірге табынып, б.д.д. 2-мыңжылдықтың соңына қарай дала пайғамбары (жалған пайғамбардың бірі) Зоратуштра негізін салған Зорастризм сенімін қабылдай бастаған халықты хақ дін Исламға мойынұсындыру, дінге кіргізу оңай болмасын уағыздаушылардың барлығы түсінген. Батыс пен Шығыс елдеріне жаңа дін Исламды күшпен қабылдатып келе жатқан араб жасақтары Орта Азия мен Қазақстанға да осы саясатына сеніп келді. Араб әскербасы Кутайба ибн Мусілім қалың қолмен 712 жылы Хорезм мен Самарқандты, 714 жылы Шашты (Ташкентті) жеңіп алып, Испиджабқа (Сайрам) шабуыл жасап оны басып алғаннан кейін Араб әскербасы Зияд ибн Салих 751 жылы шілдеде Тараздың түбінде Қытай әскерін талқандады, сөйтіп Тараз қаласын иеленді. Содан кейін Сырдарияның арғы бетіндегі халықтар арасында биліктер жүргізіп Аббас әулетінің билігін нығайтты (Мұртаза Жүнісұлы Бұлытай «Ата Баба діні. Түркілер неге мұсылман болды»

Бұл шайқас жөнінде Л.Н.Гумилев: «Жеңіліс былай деп көрсеткен: 712 жылы Самарқандты алған арабтар одан әрі Орта Азияның қойнауына тереңдей түседі. Осы кезде Мәуереннахрға Мочжо бастаған түркі тайпалары келіп, Согданы жаулайды. Арабтар болса Шаш (Ташкент), Ферғанада тұңғыш мешіт салдырады» - деп жазды.

Осыдан 1252 жыл бұрын, яғни 751 жылдың шілде айында Тараз (Талас) қаласына іргелес жатқан Атлах бекінісі маңында күллі Азия мен қазақ жерінің тағдырына түбірлі өзгеріс әкелген орасан зор қанды шайқас болған еді. Зерттеуші ғалымдар оны бірде «Талас шайқасы» деп жазса, бірде «Атлах шайқасы» деп келеді.

Сонымен, 751 жылдың зул-хиджа (шілде) айында Атлах-Талас жерінде әйгілі қанды шайқас басталды. Қытай дерек көздерінен мынадай хабарларды көреміз: «Екі жақ бес күн бойы шайқасты, қарлұқтар жаппай бет бұрып кетті де арабтарға болысып, екі жақтап Тан армиясын қыспаққа алды. Шия Жыны (Гау Шиян Жыны – Э.Д.) ойсырата жеңді».

Таң империясы үшін Атлах-Таластағы масқара жеңілістің қандай ауыр соққы болғанын тарихшы Шуе мырза былай деп бағалайды: «Төрт қалашықтың таңдаулы армиясы түгелдей дерлік жоқ болды. Осы соғыстан кейін Тан патшалығының абыройы түсті, бұрынғы құдіретінен айрылды. Сөйтіп, Тан патшалығының дүркіреп тұрған дәурені өтіп, құлдырауы басталды».

Араб-Қытай дерек көздеріне сүйенген әр ел тарихшылары бұл шайқастың қалай болғаны, қанша әскер қатысып, қанша адам өлгені туралы әртүрлі болжамдар жасап келеді.

Мәселен, Ибн Әл-Асыр «Гау Шиян Жы Қытай жағынан арабтарға жүз мың әскер шығарды (Ферғандықтар мен қарлұқарды қоспағанда), соғыс Тараз өзені, Талас маңында (зул хиджа айында 133 – хижра 1751 жылы 29 шілдеде – Ә.Д.) болды. Қытайлар өлілей 50 мың, тірідей 20 мың адамынан айрылды» - деп нақтылайды.

Талас ғазауаты саяси-әскери тағдырды ғана емес, Орталық Азияның діни тағдырын да біржолата шешкен орны жоғары баға жетпес маңызды уақиға.

Талас соғысының басты нәтижелерін қорыта айтар болсақ:



  1. Қытай империяларының экспансионистік жоспарлары тоқтатылды: «Талас маңындағы жеңіліс қытайлықтарға жақсы сабақ болды, сол себепті олар батысты жаулап алу деген ойдан бас тартады. Империя күйреу қарсаңында тұрды».

  2. Қытайдың Орта Азияға мәдени, саяси ықпалы тоқтатылды.

  3. Мұсылман арабтар мен түргеш-соғдылар арасында жарты ғасырға созылған қақтығыстар аяқталды.

  4. Жергілікті халықтардың Исламиятқа көзқарасы түбегейлі өзгерді.

  5. Бұрын жекеленген адамдар Исламиятты қабылдап жүрген болса, енді топтық қабылдау басталды.

  6. Түркілердің халифалықтарға абырой-атағы артып, олар Аббаси әулетінің басты қарулы күшіне айналды.

  7. Түркілер саяси-әскери билігінің күшейгені соншалық, халифалықтардың ең маңызды мәселелерін олар шешетін болды.

  8. Алғашқы мұсылман-түркі дәулеттері бой көтерді. Түркілер тек Орта Азияда емес, сонау Солтүстік Африка мен Үндістан құрлықтарында да алып мемлекеттер құрды.

  9. Азия құрлығында буддашылықтың батысқа қарай жайылуы тоқтап, тек Шын-Машын елдерінің дәстүрлі діні болып қалды...

  10. Талас жеңісінен кейін Исламият Қазақстан жерінде түпкілікті орнықты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтарында қалалар, керуенсарайлар, шифаханалар, мешіттер, медреселер, уақыптар – (қайырымдылық мақсатпен Аллаһ жолына бағышталған мүлік) бой көтереді. Көшпелі түркі тайпаларына дін насихаттаушы ғұламалар жіберіледі. Дін насихаттауда түрік тілінің өзіне тән формалары (жырлар, қисса-дастандар т.т.) мол пайдаланылады.

Жоғарыда көрсеткендей Тұран халықтарының, олардың ішінде түркілердің Ислам дінін қабылдауының 642-960 ж.ж. аралығында, яғни кем дегенде 3-4 ғасырға ұласқан. Демек, бұл Хадиса қағанның бұйрығымен бола қалған, бір күндік өзгеріс, болды-қалды емес, табиғи қалыптасқан еркін құбылыс. Қылыштың күшімен жасалған төңкерістер жылдам болады да, ізі жылдам суиды. Бұған Шыңғыс бастаған монғол шапқыншылығы, біздегі жоңғар-қалмақ шапқыншылығы, Ресей отарлаулары т.б. дәлел.

Арабтар мұсылмандыққа кірген соң, Ислам мен Алла Тағаланың қалауымен абыройланған басты қауымдар бәрбәрилер, хабаштықтар, ирандықтар, түркілер, қапқаздықтар, үндістандықтар, қытайлар, зеңгілер (негрлер) болды. Кейінгі ғасырларда, мәселен Осман әулеті кезінде Балқан елдерінің славян халықтары (албандар, помақтар, босниалықтар, хорваттар т.т.) иман келтірді. Жер шарының төрт жағында Исламиятты қабылдағандардың саны өсе берді және әлі өсу үстінде. Бүгінгі күні Ислам діні бірегей бүкіләлемдік дін, ол бір ұлттың немесе нәсілдің қарамағында емес, себебі, Исламият бір ұлтқа, қауымға немесе өлкеге жіберілген дін емес, ол күллі ғаламға, адам баласына Құдіреті Күшті Алла Тағаланың шапағатымен өзінің жердегі Хаббибі Елшісі Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) арқылы рахмет ретінде жіберілген ғаламдық дін. Тарих соның айғағы, біздер куәсіміз.

Тарихтан белгілі жайттардың бірі – Исламды аша келгендер мен оны орнықтырушылар халықтарды сауаттандырып оқыту үшін, ислам жолын үйрету үшін келген елдерде алдымен медресе-мешіттер салған. Сонымен бірге, ойлаған мақсаттарына жету үшін аса білгір, оқымысты, әулие адамдарын арнайы дүркін-дүркін жіберіп отырған. Олар ислам дінінің таралуына, оның беделінің күшеюіне аянбай еңбек етіп, тер төккен.

Орта Азияның VIII ғасырдан бастап бірте-бірте Ислам дінін қабылдауына байланысты өмір тіршілігі өзгерді. Ежелгі Шаш (Ташкент), Самарқан, Бұхара, Термез, Мерв, Отырар, Испиджаб-Сайрам шаһарлары діни рухани, үлкенді кішілі оқу, білім орталықтарына айнала бастады. Өйткені Ислам негізінен қала мәдениеті еді. Сондықтан да қалалар мен шаһарлар, кенттерде, мешіттер салынып, олардың жанынан медреселер бой түзеді. Жергілікті жұртты жаңа дін ғана емес, сондай-ақ ислам мәдениеті де құшағына алды.

Арабтар Мәуереннаһр деп атаған және оның шеткі уалаяттары боп есептелген Отырар алқабындағы Оқсыз (Уасидж), Кедер, Сүткент; Түркістан маңындағы Шауғар, Қарнақ, Иқан, Ясы; Сыр бойындағы Сауран, Сығанақ, Жент, Шаһркент, Хайрабад, Өзкент, Аркөк, Асанас, Қыпшақ, Баршынкент; Қаратудың теріскейіндегі Бабата, Құмкент, Ақтөбе, Саудакент, Созақ; Сайрам-Испиджаб маңындағы Джумишлағу, Хурлуг, Манкент, Усубаникет; Тараз-Талас аймағындағы Жікіл, Шелжі, Түймекент, Құлан, Меркі, Аспара, Баласағұн; Іле мен Жоңғар Алатауы төңірегіндегі Талғар, Шелек, Түрген, Ілебалық, Қойлық (Қаялық), Алматы шаһарларында да діни-руханият ордаларының іргетасы қаланды. Мұсылман шығысының дін ислам қайраткерлері, ғалымдары мен шежіреші-тарихшылары, саяхатшыларының мұнда келіп-кетіп тұруы сипат алды. Олар осы аймақтың тарихы, этнографиясы, географиясы және мәдениет ошақтарының тіршілік-тынысын хатқа түсірді. Әсіресе Әбу-әл Аббас әл-Балазур (?-892), Ибн Хордадбеһ (820-913), әл-Истахри (850-934), Ибн Хаукал (Х ғ.), әл-Масуди (Х ғ.), әл-Мақдиси (Х ғ.), Құдама ибн Жағфар (Х ғ.), әл-Идриси (1100-1165), Әбу Саъд ас-Самани (1113-1167), Ибан әл-Асир (1160-1234), Йақұт ар-Руми (1179-1229), ибн Баттута (1304-1377), әл-Бакуи (XIV-XV ғ.) және тағы басқалар бай деректер қалдырды. (Әбсаттар қажы Дербісәлі. Егемен Қазақстан, 26.01.2005 жыл).

Сол сияқты Абд әл-Жалил баб (Қорасан ата), Шаһбүзірік, Ысқақ баб, Арыстан баб, Шәмшібүзірік т.т. өлшеусіз еңбек сіңірді. Бұлар қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз т.б. ұлттар араларында діннен уағыз таратып, сабақ берген. Алғаш келіп ислам ұрқын шашушылардың бастаған ісін кейінгі ұрпақтары да одан ары қарай дамытып, жалғастырған.

Ең алғаш қазақ халқының кереге жайып шаңырақ көтерген жері – Ақарыс. Ислам дінін таратушылар қазіргі Ашхабадты басып Мәріге, одан Чаржоу қаласы арқылы Самарқанд барған. Осы жерде Құнадырдан туған Қырықпан жүздері тұрып қалған. Қалғандары Сырдария бойымен Ташкенттің Солтүстік бетін көп жыл қоныс етеді. Кейін мұнда біразы қалып, өзгелері осы күнгі Шымкент, Жамбылға келіп тоқтаған. Қаратау, Отырар жерлерін мекендеген.

Бекарыс - Орта жүз Түркіменнің қарақұмын қақ жарып Әмударияға жағалай жылжып Ургенч, Ташауз, Нукус, Арал теңізіне тегіс тарады. Сырдария жағалауын жайлап Ақмешіт (Қызылорда), Сарысу бойымен Қарағанды, Есіл, Көкшетау, Ақмола, Қызылжар, Ертіс бойларына дейін жеткен.

Жанарыс – Кіші жүз. Каспийдің оңтүстік-шығыс бетін жағалай жылжып Ақтау, Атырау, Орал, Жайық, Ақтөбе, Қостанайға дейін мекендейді.

Сонау Арабиядан келіп Орта Азия мен Қазақстан елдерінде саяси, мәдени, әдеби, діни істерін жүргізеді. Олар әл-Жалил баб (Қорасан ата), Ысқақ баб, Шаһбүзірік (Сабұлт), Бақсайыс, Диуана Қожа, Аққожа (Жиһангер қожа), Түрікпен қожа, Сейіт қожа, Қылышты ата, Қожа Ахмет Йассауи, Қырықсадақ, Әл-Амин баб, Арыстан баб, Шамшібүзірік, Баба түкті шашты Азиз, Қошқар қожа, Асылқожа, Шортанбай, Жүсіпбек қожа, Майлықожа, Меделіқожа, Саяқып қожалар т.т.б. қожалар ислам дінін тартуда ұшан-теңіз еңбек сіңірген тұлғалар.

Жоғарыда аталған қожалардың әрқайсысы әртүрлі дәрежеде ежелден дін пірлері, ғұламалары болып саналады. Ең алғаш келген қожалар VIII ғ басында Орта Азияға келіп Бұхара қаласында мешіт-медресе салып, халыққа дін-исламды оқытып уағыздаған.

Қазіргі уақытта айналымға түскен ертелі-кеш жазылған ататек шежірелерінің барлығының алар бастауы, табан тірер жері көне тарихи шежірелер болып табылады. Сондай көне көз шежіренің бірі – «Насабнама» деп аталады. Оны ең алғаш араб тілінде Ысқақ баб бабамыз жазған екен. Кейін, яғни 1244 жылы араб тілінен өзбек (шағатай-түркі) тіліне аударылды. Аударған осы Ысқақ баб әулетінің ұрпағы Маулана Сайфиддин Орын Қойлақы баба екен. Ысқақ бабтан осы аудармашы ұрпағына дейін 540 жыл уақыт өтсе керек, демек 1244-540=704 ж. шамасында Ысқақ баб бабамыз өмір сүрсе керек. Бұдан кейін бұл кітап 1349 жылы қайта көшірілген, себебі бұрынғы шежіренің қағазы тозса керек. Осы «Насабнама» шежіресі алғаш рет 1992 жылы қазақ тіліне аударылды. Осы ХІІ ғасырда жазылған жәдігер сол кезеңнің дерек-мағлұматтарын алға тартатын рухани қазына көздеріне айналып отыр.

Кейінгі кезде 1310 жылы Оңтүстік Қазақстанда Сыр бойындағы Рабат Оғызы деген жерде жазылған «Қиссаси Рабғузи» атты жәдігер табылды. Бұл шежіреде Ислам аша келген ең алғашқы үш бабтың өз елдерінен шыққан уақыты – 722 жыл деп көрсетілген. Шежіренің жазылған уақыты – 768 жыл (немесе хижра күнтізбесі бойынша – 150 жыл). Сонда арабтар 722 жылы шығып, Қарлұқтар, Түркілер еліне 768 жылы келгенде, жолға (5 мың шақырымнан астам) – 46 жылдай уақыт кеткен болып шығады. Қожалар өздері жүріп өткен жерлерінде, тек жүріп өтпей, сол жерлердегі елдерді мұсылмандыққа келтіріп, ислам ілімін, тәлімін енгізіп отырған.

«Насабнамадағы» деректерге қарағанда қазіргі қазақ жерінің Оңтүстігін мекендейтін қожалардың үш әулеті: Диуана қожалар, Аққорғандық қожалар, Хорасан қожалар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) немере інісі әрі күйеу баласы, IV-ші халифа Хазіреті Әлі ибн Талибтің (661 жылы қайтыс болған ) баласы Мұхаммед ибн ал-Ханафиядан (700 жылы қайтыс болған) тарайды. «Насабнамада» аттары аталған қожалардың тұсында Шам, Исбахан, Табриз, Мазандаран, Сарахс, Байх, Хорасан, Қашқар, Алмалық, Қиялық, Бозбалық, Шаш, Мұғалаш, Жетікент, Испиджаб т.т. басқа жерлерге, елдерге ислам аша барған. Мүмкіндігінше уағыз насихатқа көнген жерлер мен елдерде келісімге келіп Ислам ілімін таратқан. Мойынұсынбаған елдер мен қалаларды басқа амалдармен мақсаттарын іске асыру мүмкін болмағанда күшпен соғыс ашып бағындырған.



ІІІ бөлім
Қожалар

Өзінің тегін ұмытқан жан

жігерсіз құл, мәңгүртке айналады.

Шыңғыс Айтматов
Қожалар – ислам дінін таратушылар

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев: «Төрелер Шыңғыс әулетінің ұрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері болып саналады. Сөйте тұра, уақыт өте келе бұл екі тармақ өкілдерінің жергілікті халықпен бірігіп, олардың әдет-ғұрпын, дәстүрін, ақыл-ой ерекшеліктерін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті» - деп атап көрсеткен («Тарих толқынында», Алматы. «Ата мұра», 1999 жыл 28 бет).

«Сондай-ақ, халық Алласына, тәңіріне сеніп, ертеңгі күнін - ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау күннің күйбеңімен жүре бермей Пайғамбар (с.ғ.с) Хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін» - деді Н.Назарбаев.

Ислам дінінің қазіргі Орта Азия мен Қазақстанға ене бастауы 7-ғасырға тура келеді. Ол кезде Әбу – Бәкір, Омар, Хазірет Әліден өрбіген ұрпақтар Орта Азия мен осы күнгі Оңтүстік Қазақстан жеріне келіп діни дәріс беретін мешіт, медреселер ашып, жергілікті халықпен етене араласып кетеді.

Мұхаммед Пайғамбарымыздың ең жақын, ең сенімді серіктері, шәкірттері мен осы ұлық кісілерден тараған ұрпақтарды содан бері жергілікті халық «Қожалар» деп атайды.

Қазіргі қазақ руларының бірі болып отырған қожа әулеті 14 ғасырдан бері қазақ халқымен қаны да, жаны да араласып, өсіп-өніп келеді. Қожалар қасиетті құранды түсіндіріп халыққа жеткізушілер, қарапайым Алла құлдары, әділетті елбасыларға кеңесші, мумин елге имам, қатыгез, мейірімсіздерді бірлікке шақырушы болды. Қожалар Мұхаммедтің алғашқы халифаларының ұрпағы, ертеде және қазіргі кезде көп қожалар халық арасында дінді таратушылар және уағыздаушылар болып табылады.

Бірақ дінді тек қожалар тарату керек деп құранда жазылмаған, алайда, ерте кезден дінді қожалар таратып келеді. Қожалар тобы тарихи, табиғи күрделі процесс нәтижесінде пайда болған, этнос құрылымының элементі болып табылатын жүйе – субэтнос ретінде қазақ ұлтының бір бөлігіне айналғанына да он төрт ғасыр болды. Олай болса «қожалар кімдер» деген сұраққа А.Н.Левшин «қожаларды Мұхаммедтен тараған ұрпақтары» десе, ал Г.Клепрот «ол оқымысты, мырза деген мағынаны білдіреді» деген.

«Қожа» - оқымысты, мырза мағынасында ислам діні тараған елдерде діни адамдарға берілетін құрметті лауазым болса, парсы тілінен аударғанда хваджа – «еге», «ие», «мұсылмандықтың егесі», ал араб тілінен аударғанда «ағартушы», «ұстаз» деген мағынаны білдіреді. 18-19 ғасырларда бірқатар орыс ғалымдары қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық және географиялық, этнографиялық жағдайын зерттеп, бірнеше тарихи еңбектер жазған. Олар: П.С.Паллас, И.Г.Георгий, А.И.Левшин, Н.И.Гродеков, А.Н.Харузин, Ш.Ибрагимов, Г.Загрянский, И.Сотников, П.Е.Маковецкий, Н.С.Лыкошин, т.б. Өз еңбектерінде қожалар жөнінде деректер, мәліметтер келтіреді.

Мысалы: А.Н.Левшиннің еңбегінде қожалардың шығу тарихы, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бойынша қазақ қоғамындағы орны сипатталады. М.Сотниковтың көлемді мақаласында қожалардың халық арасындағы діни беделі, олардың діни әдет-ғұрыптарды орындауындағы қызметтері баяндалады. А.Н.Харузин Бөкей Ордасындағы қожалардың әлеуметтік орнын, олардың рулық таңбалары мен жанұяларының санын көрсеткен. П.С.Паллас және И.Г.Георгийдің еңбектерінде құрылымы мен шаруашылығы отбасылық және туыстық қатынастар мәселелеріне түсінік береді. Мұнда қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы қожалар мен сұлтандар тарихына тоқталып, олардың «ақсүйектер» тобына жататынын атап өткен.

Тәуке ханның заманында қабылданған қазақтың «Жеті жарғы» заңында төрелер мен қожалар бір топқа, яғни «ақсүйектер» тобына жатқызылып, оларға бұқара халықтан гөрі жеті есе артық құн белгіленген. Қожалар ислам дінін таратушы болумен бірге, үстем тап өкілі ретінде қазақ қоғамын басқаруға да қатынасқан.

Г.Загрянский, П.Е.Маковецкий еңбектерінде қожалардың этникалық тарихына шолу жасаумен бірге, олардың жанұялық, некелік қатынастарына байланысты сипаттаулар бар. Н.С.Лыкошин, Н.Ибрагимов еңбектерінде отбасылық некелік қатынастарға, бала тәрбиесіне байланысты мәліметтер баршылық. Бұл еңбектерден баланы сүндетке отырғызу қожа молдалардың ғана атқаратын ісі болғандығын көреміз.

Қожалар туралы басты негізгі шежірелік дерек «Насабнаманы» ең алғаш жазып қалдырушы ХІІІ ғасырда өмір сүрген Сафи-ад-дин Орун Қойлақы еді. Парсы тілінен аударғанда «Насаб-нама» - «шығу тегінің жазылуы» деген мағынаны білдіреді. Мұнда VІІІ-ХІІ ғғ. Қазақстан тарихы мен осы кездердегі ислам дінінің Қазақстан жеріне келуі мен таралу тарихы, яғни бұл өңірге ислам дінін таратушы қожалар мен сопылықтың пайда болуы, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан мен Сырдың төменгі ағысына дейінгі аралықтағы Қарахан билігі жөніндегі деректер баяндалған. Мұның қолжазба транскрипциясын 1992 жылы алғаш қазақ тілінде жарыққа шығарғандар Ә.Қ.Моминов пен З.Жандарбек болды. Сондай-ақ басқа да Орта Азия халықтары арасындағы қожалардың шежіресі болып табылатын «Насаб-наманың» тағы бір нұсқасын орыс тілінде жариялаған Н.Лыкошин еді.

Бұл екі «Насаб-нама» нұсқасында да орта Азия мен Қазақстан территорясына ислам дінін таратушы Мұхаммед-Ханафия ұрпақтары: Әбдіжалил баб, Әбдірахим баб және Ысқақ бабтар екендігін баяндаған. Осы «баб» сөзінің мағынасын Ә.Марғұлан «ата», «әулие» мағынасында қарастырып, ислам дінін жақтаған, таратқан абыздар деп есептеген. Қ.Халиди Мұхаммед Захириддин Бабырдың, «Бабырнама» еңбегінде қожалар шежіресі жайлы мәліметтер келтірілген. Қазақстан тарихын әлеуметтік, экономикалық, тарихи этнографиялық тұрғыдан алғаш зерттеушілердің бірі Ш.Уәлиханов (1835-1865) Орта Азиялық дін басыларын тұқым қуған Мұхаммед ұрпақтары Сейттер мен қожалар, шейхтер, т.б деп атап, олардың мемлекеттік деңгейіндегі қызметтеріне жоғары баға берген. Қазақ фольклоры, этнографиясы туралы мол дерек қалдырған авторлар Ә.Диваев пен М.Ж.Көпеев «Хазіреті Ысмайыл ата» және қожалар туралы көп құнды деректер келтіреді.

Қожаларға байланысты тағы бір шежірелік дерек көзі Сайдаққожа Жүсіпұлының 1875 жылы Бұхарада 500 дана болып шыққан «Қазақ тайпаларының тарихы» деп аталатын еңбегі. Мұнда «жүзге кірмейтін қазақ рулары» деп төрелер, қожалар, сунақтар, төлеңгіттер құрамы, т.б. тайпаларын атап кеткен.

Шежіре дегеніміз - ұлттық тарихымыздың бастау көзі, халқымыздың рухани азығы. Сонау көне заманнан бері қазақтың кең байтақ жерінде бытырап, көшіп-қонып жүрген сауаты аздау халықтың, рулар мен тайпалардың шежіресін жазу кімге де болса оңай міндет емес. Аз ба, көп пе, аңыз ба, ақиқат па, еліміз егемендік алғалы дүниеге көптеген шежірелер келіп жатыр. Тайпа, ру, әулет бар жерде шежіре бар. Сайып келгенде барлық шежірелердің авторы – халық. Бұл игілікті істе есіткенін ұмытпайтын құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар құйма құлақ қарияларымыздың – дарияларымыздың еңбегі ерекше. «Үй қасында төбені, ерттеулі ат деп біл, үй ішінде қарияны жазып қойған хат деп біл» деп халық тегін айтпаған ғой. Ел арасында: «Шежіреден заман озбас, озса да тозбас» деген пікір қалыптасқан. Енді біздің тарихшыларымыздың, ғалымдарымыздың, зиялыларымыздың басты міндеті, парызы, борышы осы көп шежірелерді, асыл халықтық мұраларды елеп-екшеп, зерттеп-зерделеп, өлшеп-пішіп, талдап-талғап, қайнатып, пісіріп, қорытып, халқымыздың шын тарихын жасау. Бұл өте ауыр да абыройлы, қасиетті де қастерлі тарихи, халық міндеті.

Дегенмен бұл ретте: «Бізге іргелі ел, бүтін ұлт болу үшін әр ру өз туын шошаңдата берсе қайғы» деген Шерхан Мұртазаның сөзін ұстана отырып, қай ру ия тайпа, әулет болса да өз батырларын, ақындарын, ғұламалары мен әулиелерін мадақтағанда елдің елдігін, ауызбірлігін, ынтымағын, тыныштығын, бабалардың биік рухын болашағымыз жастарға өнеге болатындай, бөле-жармай бүйректен сирақ шығармай, сүттей ұйып отырған қазағымызға ортақ дүние, ортақ мұра, ортақ құндылық тұрғысында қарастырғанымыз жөн.

Белгілі зерттеуші В.В.Бертольд өз еңбегінде діни қызмет болып саналатын ишандықтың сипаттамасын беріп, Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің еніп, қалыптасуының тарихын жазады. Ол алғашқы лекцияларының өзінде түркі дүниесін тану үшін, шығысты білу үшін әрі арабист, әрі иранист, әрі турколог, әрі тілші, әрі тарихшы болудың өзі аз деген, өз зерттеулерінде пайғамбар ұрпақтарына баса назар аударған. Татарлар, өзбектер, тәжіктер және түркімендер арасындағы қожалар туралы тарихи этнографиялық зерттеулер қатарына 20 ғасыр ортасында жарық көрген М.Искаков, С.М.Демидов, О.А.Сухариева, Б. Х.Қармышева, т.б. еңбектері жатады. ХV-ХVІІІ ғғ. қазақ қоғамының саяси құрылымы мен әлеуметтік жүйесі, оның экономикалық жағдайы С.З.Зиманов, М.Бижановтардың еңбектерінде жан-жақты зерттелген. Бұл еңбектерде қазақ қауымындағы дін иелері атанған қожалардың қоғамдағы орны, рөлі жөніндегі құнды деректер келтірілген. ХVІІІ-ХІХ ғғ. көшпелі қазақ елінің этноәлеуметтік отбасы мен құрамына саяси-шаруашылық құрылымына тарихи-этнографиялық терең талдау жасаған Ж.О.Артықбаевтың монографиясында «асыл сүйек» аталған қожалардың әлеуметтік орны ерекше жақсы талданған.

Қожалар арғы ата-бабалары арабтың құрайыш тайпасының хашим руынан шыққан Мұхаммед пайғамбардың әулетіне жататын, Қазақстанға, Орта Азияға ислам дінін уағыздап, оны тарату үшін ізгі ниетпен, игі тілекпен келген, сол үшін де ел қадірлеп, әулие санаған, үш жүздің құрамына кірмесе де өздерін де қазақ деп танитын, бүгінде Республиканың бүкіл өңірінде өсіп-өніп жатқан халық.



Қожалар елдің рухани өмірінде мұсылмандық мәдениетінің ең жоғарғы қызметшісі, атқарушысы, орындаушысы сондықтан да Орта Азия халықтары мен қазақтар арасында ислам дінін таратып, уағыздаушы әрі Мұхаммед пайғамбардың алғашқы Халифтарының ұрпағы болып есептеледі. Халифат арабтың теократиялық ерте феодалдық үлгідегі мемлекеті. Оның басында Алла елшісінің, пайғамбарымыздың ең жақын серіктері, шәкірттері, ізбасарлары, мұрагерлері, орынбасарлары, халифтері отырды. Алғашқы төрт халифтер Әбубәкір Сыдық (632 – 634 жж.), Омар (634 – 644жж.), Оспан (644 – 656жж.), Әли (656 – 661жж.) басқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет