Бағыты: Математика Секция: Математика Тақырыбы



бет2/6
Дата06.07.2018
өлшемі396,82 Kb.
#47626
1   2   3   4   5   6

Содержимое разработки


Т. Шаханов атындағы №3 орта мектебі

Логикалық есептер жинағы



Құрастырған: Алдебекова Л.

Логика жайлы ақпарат



 Логика – адам ойлауын өзінің нысанасы ретінде қарастыратын ғылым болғандықтан оны философия, психология, педагогика, әлеуметтану, жоғары жүйке қызметінің  физиологиясы және басқа ғылымдардың зерттеу пәні. Философия өз пәні ретінде тұтастай ойлау мазмұнын, адамдардың әлемге  деген  көзқарасы мен әлемнен  алатын орнын, олардың таным қабілеттерін  зерттейді.

Адамның жоғарғы жүйке физиологиясы адам ағзасында өтетін физиологиялық үдерістердің механизімі мен заңдылықтарын қарастырады. Психология адамның түрлі топтарының ойлау ерекшеліктерін,олардың өзара әрекетін  айқындайды, олардың жасерекшелігіне қарай  дене және психикалық  дамуын зерттейді.  Ал, педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені ерекше бірлік пен бүтіндік деп танып, өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне үйрету мақсатына бағытталған қызметі ретінде зерттейді.

Танымдық әрекеттің күрделі үдерісі – ойлау. Ойлау сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде бейнеленуі. Ойлауды зерттеумен айналысатын ғылымдардың бірі логиканың ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде өзіндік ерекшелігі – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пайымдау және ой тұжырымы. Ұғым – деген сөздің өзі  «ұғу» деген етістікпен бір түбірлес.

Біздің қандай да бір нәрсе  не құбылыс туралы біліміміз болса, оның қасиеті туралы  басқа нәрселермен қатынасын білген жағдайда  ғана оны басқалардан ажыратамыз  және сол нәрсе туралы ұғымымыз болады. Бірнеше ұғымнан тұратын ойлаудың формасының бірінші түрі – ұғым.



Ұғым – нәрсенің мәнді белгілерін бейнелейтін ойдың формасы. Сөйлеу тілімізде ұғымдар сөзбен, сөз тіркестерімен беріледі. 
Бірнеше ұғымнан тұратын ойлаудың формасының екінші түрі – пайымдау.

Пайымдау – онда нәрсенің бар екендігі, немесе нәрселердің ара-қатынасы туралы бір нәрсе не құпталады, не терістеледі. Қазақ тілінен алған білімізге сүйене отырып, біз әрекетке итермелейтін сөйлемдердің не ақиқат, не жалған бола алатынына көз жеткізіледі.

Ойлаудың үшінші формасы – ой тұжырымыОл пайымдау мен ұғымға  қарағанда анағұрлым күрделі. Ақыл-ой қызметінде  сөз – ұғым, сөйлем–пайымдау десек, онда ой тұжырымы сол ақыл-ой қызметінің өзі. Талдау, сұрақ қою, жауап іздеу, түсіндіру, болжау, дәлелдеу, бекерлеу, көзін жеткізу, күдік тудыру, сұрау, талап ету, тыйым салу – барлығы және де басқа ойлау әрекеті белгілі ой тұжырымының түрлеріне ие болады. Сондықтан біз ойлау мен ой тұжырымын жасау екеуі бір нәрсе деп айта аламыз. Егер ұғым негізінде – шындықтың нәрселік сипаты, ал пайымдау негізіне – нәрселердің байланысы (қатынасы) жатса, онда ой тұжырымы объективтік нәрселердің неғұрлым күрделі, өзара байланысын құрайды. Егер ой тұжырымы бір ғана пайым нәтижесінде жасалатын болса, онда ол тікелей, егер бірнеше пайымдар нәтижесінде ой тұжырым жүргізілетін болса жанама ой қорыту деп аталынады.



Логикалық есептердің түрлері:

  • Күнделікті өмірмен байланысты есептер – баланың күнделікті өмірде байқампаздығын арттырады;

  • Кеңістікте ойлау қабілетін жоғарлатуға арналған есептер – бұл есептерді шығару арқылы баланың кеңістегі ойлау қабілеті артып, кез келген заттарды, оқиғаларды кеңістікте көре алады;

  • Математикалық негізде шығарылатын есептер – баланың математикалық негіздегі білімі, тәжірибиесі артады;

  • Салыстыру арқылы шешім табуға арналған есептер – заттардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарын анықтап, белгілері бойынша ажырата алды;

  • Ұқсас ерекшеліктерге байланысты топтастыру арқылы шығарылатын есептер – ұқсас ерекшеліктеріне байланысты заттарды іріктеп, топтастыруға үйретеді;

 2 – сыныпқа арналған логикалық есептер


1. Әтеш бір аяқта тұрып 3 келі тартады. Екі аяқта тұрып әтеш қанша келі тартады?


2. Бір көпбалалы отбасыда әр 5 ұлда 3 қарындасы бар. Барлығы қанша бала бар?
3. Бөлменің 4 бұрышының әр қайсысында мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы тағыда 3 мысық отыр. Осы бөлмеде барлығы қанша мысық отыр?
4. Кiм Маридің анасының жанында отыр?

Отырғышта Мари, оның анасы, әже және қуыршақ отыр.

Әже немеренiң жанында отыр, бiрақ қуыршақтың жанында емес. Қуыршақ ананың жанында отырған жоқ. Кiм Маридің анасының жанында отыр?

(A) Мари;

(B) Әже;


(C) Мари және әже;                  

(D) Мари және қуыршақ;

(E) Әже және қуыршақ.

5. Алаңғасар үй иесiде не өсiп шығады?





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет