Бала өте биік құздың үстінен ағаш кесегін тастады. Сосын оны таспен ұрмақ болып тік төмен 3 с-тан кейін тас лақтырды. Құлау барысында ағаш кесегі мен тас бір-біріне қатысты қозғалмай тұрған болса, тастың бастапқы жылдамдығы қандай болғаны?
Суретте екі дененің қозғалыс графиктері бейнеленген. Денелердің қозғалыстарын сипаттап беріңіз.
(Бағытын, жылдамдығын және траекториясын сипаттаңыздар)
Суретте қозғалысын теңүдемелі бастаған дененің координата-уақыт графигі берілген. Дененің үдеуі 8 м/с2. Егер дененің А нүктесінде болу уақыты мен Б нүктесінде болу уақыты арасында 2 секунд болса, дененің А қаласына жету уақытын табыңыз (қозғалыс түзусызықты)
А льпинист тауға шығу үшін тек бірқалыпты қозғалуда. Егер оның жылдамдығының модулі 1,4 м/с болса, оның 1 км биіктіктегі тауға шығу уақыты
Таудан бірқалыпты үдемелі а1 үдеуімен түсе бастаған дене таудың етегінде ϑ1 жылдамдыққа ие болады. Кейін горизонталь жолмен а2 үдеуімен қозғала отырып тоқтайды. Дененің барлық жолдағы орташа жылдамдығы неге тең?
Бала өте биік құздың үстінен ағаш кесегін құлатып алды. 7 с-тан соң оны таспен ұрмақ болып тік төмен бағытта тас лақтырды. Құлау барысында ағаш кесегі мен тас бір-біріне қатысты қозғалмай тұрған болса, тастың бастапқы жылдамдығы қандай болғаны?
Суретте екі дененің қозғалыс графиктері бейнеленген. Денелердің қозғалыстарын сипаттап беріңіздер.
(Бағытын, жылдамдығын және траекториясын сипаттаңыздар)
Суретте қозғалысын теңүдемелі бастаған дененің координата-уақыт графигі берілген. Дененің үдеуі 11 м/с2. Егер дененің А нүктесінде болу уақыты мен Б нүктесінде болу уақыты арасында 8 секунд болса, дененің Б қаласына жету уақытын табыңыз (қозғалыс түзусызықты)
Альпинист таудан түсу үшін тек бірқалыпты қозғалуда. Егер оның жылдамдығының модулі 2,8 м/с болса, оның 2 км биіктіктегі тауға шығу уақыты
Жылдамдығы ұзындығы пойыз туннельге кіріп келе жатып, туннельдің арғы бетінде х қашықтықта басқа пойыздың келе жатқанын байқайды. Екінші пойыздың жылдамдығы , ал ұзындығы . Екі пойыз туннельден бір уақытта шығатын болса, х арақашықтығы неге тең?
Автокөлік а1 үдеуімен қозғалысын бастады. белгілі уақыттан соң оның жылдамдығы ϑ1 болғанда автокөлік а2 үдеуімен тежеліп тоқтады. Дененің барлық жолдағы орташа жылдамдығы неге тең?