Бахишева с. М


бет25/389
Дата07.02.2022
өлшемі
#94232
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   389
Байланысты:
Бахишева С.М (2)

атцарады, 
ягни,
жоба курастырады, соныц негізінде орындаушы субъект үшін багдарлама
жасацтайды.
Бүл қызметті жүзеге асыру төмендегі акпараттарды қажет етеді, 
олар. нақты эрекет нормалары, оны үйымдастырудын әлеуметгік —
мәдени
38


ситуациялары мен норма тудырушы заңдылықтары, оны дамытудың негізгі 
бағыттары. Осы аталған ақпараттар басқаруды қамтамасыз ете алады.
А.Рапопорттың айтуынша, «басқару басқарылушы жүйенің табиғи 
өзгерістері мен болашағын алдын - ала ескеруді көздейді, сондықтан оған 
болжаушылық та тэн болады» [83, 6.22] десе, В.Розин «басқару жүйенің 
болашақтағы көргісі келетін сипатын жасай білуі жэне оның негізгі бөліктерін 
алдын -ала құрастыра алуы керек. Сондықтан оған жобалау қызметі тән» дейді 
[95]. Басқару жүйеге ықпал ететін барлык жағдайларды ескеруі қажет. Мысалы, 
оның бұзылуына әкелетін факторларды болдырмау, табиғи жүретін жэне 
қолдан жасалатын жаңару үрдістерін уақытқа сәйкес біріктіру арқылы жүйе 
жүмысын ұйымдастыру да аса маңызды. Сондықтан оған жоспарлау мен 
үйымдастыру қызметгері де кіретінін айтады.
Әлеуметгік - техникалық қатынастар нақты өнім мен нәтижелерді жасауға 
негізделгендіктен, бір жағынан, әрекеттің 
мақсаты мен міндеттерініц алдын
ала белгіленуін, 
екінші жағынан, олардың 
бір-бірімен сәйкес келуін цажет
етеді. Осыған сәйкес Акоффтың мынадай пікірі бар: «алдын ала көре білу -
жасалып отырган амал-әрекеттердің арғы нәтижелерін, салдарларын алдына- 
ала болжау, болашақтағы жақсылықтар үшін бүгінгі аз пайдадан бас тарта білу, 
басқаруға келетін нәрсені басқара білу, ал басқаруға келмейтінге қиналмау. 
Осылайша, алдын ала көрушілік болашаққа бағытталады, сонымен қатар, бұл 
болашақты болжаушы балгерлік те емес. Алдын ала көре білетін адам 
болашақты басқаруға ұмтылады». Сөйтіп, автордың айтуынша, жүйені 
басқарудағы 
«басты мақсат -өзгерістерге үмтьілу, жүйенің өзін 
үнемі
жетілдіріп отыратын және адамзаттыц цогамдъщ қызметтері мен
әрекеттер жүйесін дамыту, цайта цүру
» [63, 6.39].
Зерттеушілердің айтуынша, адамның қоршаған элем туралы түсінігі жэне 
оның әрекеттерінің нэтижесі 
ойлауы мен әрекеттеріне 
байланысты пайда 
болады, қалыптасады. Белгілі бір объектіні зерттеу, оны тану, ең әуелі, 
ой- 
әрекетгерінің әдіс-тәсілдерін түсіне алуына байланысты жүзеге асырылады, 
бірақ адам тек өзінің саналы әрекетгерінің мақсаты мен міндетгеріне сүйеніп 
жұмыс жасайды деп те түсінуге болмайды. 
Кез келген істің тиімділігі сол іске
цатысты объективті ситуацияны дэл қалпына келтіре ойлау арцылы
мацсатца жету үшін істеп жатцан іс пен осы жагдайда болуы мүмкін
нәрселердің арасындагы сәйкессіздікті аныцтауга байланысты. 
Сәйкес келмеу 
жағдайлары көбіне болып отыратындықтан мақсаттар түгелдей орындалмай 
жатады, көптеген көлденең киындықтар пайда болып іс эрекетгерді орындау 
қиындығы туып отыратыны да сондықтан. Сол себепті, белгілі бір жүйелі 
әрекетті жетілдіру және дамыту үшін міндетті түрде 
ситуацшны талдау 
қажет 
болады, оның нәтижесінде объективтік компонент ретінде де, ситуацияға 
қатысы бар субъектілердің ынтасы ретінде де қамылатын нақты міндет пайда 
болады жэне ол орындау жүзеге асырылады. Бұл талдаудың 
маңызы -
бізге 
қажетгі өзгерістер қандай жағдайда табиғи түрде өзінен өзі жүзеге асырылады, 
ал қандай жагдайда саналы түрде мақсат қоя отырып өзгеріс ендіру керек 
болатынын айқындауда.
39



жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   389




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет