Бақы ауылдық округ әкімінің 2014 жылы жасалған жұмыстары және 2015 жылға жоспары



Дата17.06.2018
өлшемі43 Kb.
#42413
Бақы ауылдық округ әкімінің 2014 жылы жасалған жұмыстары және 2015 жылға жоспары.

Бақы ауылдық округ аумағында 3 елді мекен орналасқан: Коростели ауылы, Ауыл стансасы, Тарск ауылы, тұрғындардың жалпы саны – 1370 адам. 2014 жылы округте 24 сәби дүниеге келді. Округте 254 зейнеткер тұрады, экономика саласында 241 адам, сонымен қатар, денсаулық саласында 11 адам, білім беру саласында 76 адам, ауыл шаруашылық саласында 113 адам, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ – 41 адам тіркелген. Биржада ресми түрде 1 адам тіркелген. Округтегі 505 ауланың 278 аулада жеке мал шаруашылықтары бар. Тұрғындардың мал саны біртіндеп көбеюде. ІҚМ саны былтырғы жылы 1077 бас құраса 2014 жылы 1095 басты құрады, КҚМ былтыр 1712 бас құраса, 2014 жылы 1788 бас құрайды, жылқы 515 және 466 бас. Халық мал шаруашылық өнімдерін өндірді: ет – 763 центнер, сүт – 1547 центнер. Ауыл шаруашылық өндірушілер мен округ тұрғындары «Демалыс күндік» жәрмеңкелерге тұрақты түрде қатысуда. Онда өз өнімдерін делдалсыз өткізеді. Мал шаруашылығы бізде ет түрінде көрсетілген, сондықтан сут бұзауларды өсіру үшін жолданады. Бүгінгі күні округ ауыл мал шаруашылық аурулары бойынша қолайлы жағдайда. Барлық ветеринарлық - алдын алу жұмыстары жоспарға сәкес өз уақытында өткізілуде. Округ ветеринар дәрігері «Нива» автокөлігімен қамтамасыз етілген. Округте ветеринарлық бекет ғимараты бар. Ауыл шаруашылықтары: «Коростелевское» ЖШС, 6 шаруа қожалықтары. «Коростелевское» ЖШС ет шаруашылығы және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Тұрақты 50 адам жұмыс істейді. 2014 жылы егілген жердің көлемі 5250 га, ол өткен жылға қарағанда тең құрады. Бидай көлемдері кендердің көтерілгені үшін көбейген. 2015 жылдың 1 қаңтарында ІҚМ басы 299 бас. 2015 жылы 15 млн. теңге тұратын 50 бас асыл тұқымды мал сатып алу жоспарлануда. Ағымдағы жылда округте 1 «Қамқор жер» ЖШС, 2 шаруа қожалықтары, сонымен қатар, 4 жұмыс орны ашылды. Бұл қожалықтар мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары мемлекетіміз субсидия, арзан бағалы жанар жағар май өнімдерін және басқа да тауарлы- материалдық құндылықтар ұсыну ретінде ауыл шаруашылық өндірушілеріне сезімді қолдау көрсетуде. 2014 жылы 7,1 млн. тенге бөлініп игерілді.

2014 жылы округте халық арасында сүт қабылдау жұмыстары басталды. Әзірше аз көлемде болғанмен болашақта жоғарлату жоспарлануда. Бұл деген мал шаруашылығымен айналысатын халыққа жаз кезінде табыс болғаны.

Округте шағын бизнес 10 дүкен, 3 кафе, 1 ЖҚС ретінде көрсетілген. 2014 жылы салымы 1 млн. тенге құрайтын жаңадан 1 дүкен ашылды. 2 жұмыс орны ашылды, жалпы кіші бизнесте 32 адам қызмет етуде. Коростели ауылында дәріхана жұмыс істейді. Бұл деген халық үшін өте ыңғайлы, жоқ дәрі-дәрмекті тапсырыспен алдыруға болады. Және де жеке меншік автобус қызмет етеді, рейсі Коростели – Аул –.Семей, Коростели- Аул –Бородулиха ауылы.

Округте 2 мектеп орналасқан: Коростели орта мектебі, оқушылар саны-133 адам, жұмыс істейтін адам – 52 адам, Ауыл бастауыш мектебінде – 43 адам, мұғалімдер ұжымы – 6 адам, сабақ екі тілде өтеді - қазақша және орысша.

Коростели орта мектебінде «Балапан» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру үшін шағын орталық ашылған, онда 50 бала оқытылады. Екі топ жұмыс істейді: қазақ және орыс, онда 12 жұмыс орны ашылған. Бұл балаларды тәрбиелеуін және білім беруін қамтамасыз етеді. 2014 жылы мектепке құны 2,5 млн. тенге тұратын жаңа автобус сатып алынды. Одан басқа балалар таситын 1 автобус қызмет көрсетеді.

2014 жылы Коростели орта мектебінің ғимаратында терезелер пластикке ауыстырылды. Жалпы сомасы 0,5 млн теңге. Мұғалімдер үнемі өз біліктіліктерін арттыруда, нәтиже ретінде- ҰБТның жалпы көрсеткіші 86,5 құрады.

«Мектепке жол» акциясы бойынша мектеппен, әйелдер кеңесінің мүшелерімен бірге күн көрістері төмен отбасылардан және мектеп жасындағы балалардың тізімдері құрылған. Мектепте оқитын 10 баланы меценаттарға бекіткен. Олар балаларға сомасы 40000 тенге құраған мектепке қажет құралдарын алып берді. Мектеп жасындағы 20 балаға жалпы білім бағдарламаасы бойынша аяқ- киімдер таратылды.

Денсаулық сақтау саласында медико-санитарлық көмек көрсету ең негізгі мәселе болып табылады. Коростели ауылында ЖДА қызмет етеді, ал Ауыл стансасында ФАП және Тарск ауылында ФБ қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем автокөлігі бар. Жыл сайын Ауыл стансасына, халыққа тегін диагностикалық тексерулер өткізетін, «Саламат» пойызы келеді.

Мектеп және медициналық мекеме мамандарымен түгелдей жинақтастырылған, округте «Қазпошта» бөлімі жұмыс істейді, сондай-ақ «Қазтелеком» 400 нөмірге қызмет көрсетеді, оның ішінде 26 нөмірлер кәсіпорындарда, 374 жеке тұлғаларда. Кеңформатты «Мегалайн» Интернет жүйесі бар. Округ бойынша телефон нөмірінің жетімсіздіктері жоқ.

Коростели ауылында Белағаштан тартылған су құбыры бар. Ары қарай су 2 ауылға Ауыл және Коростелиге тартылды. Республикалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Коростели ауылында ішкі кенттік су құбырының жөнделу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл сайын телекоммуналдық тарау тұтынушылар сандары өсуде. Бұл станциялық телефондар мен ұялы байланыс, ғаламторға қатысты. Округте 2 мемлекеттік каналдар – Хабар, Қазақстан-1 көрсетеді. «Билайн», «Актив», «КСЕЛЛ» ұялы байланыстары бар, ғаламтор желісі жұмыс істейді. «Отау ТВ» спутникалық теледидарына пайдаланушылар қосылып жатыр. Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстандық 13 цифрлік телебиік орнатылып қолдануға тапсырылды.

Барлық елді мекендер толықтай электрмен жабдықталған, Бородулиха аудандық АЭС ескі электр бағандарын жаңа бағандарға толықтай ауыстырылды. Жергілікті бюджеттен көшедегі 38 шамды жарықтандыруға сомасы 1 млн. 128 мың теңге құрайтын қаражат бөлінген. Округте ҚТҚ мен бекарий құдығы бар. Полигонды ұстау үшін жыл сайын 269 мың теңге бөлінеді. Округті көріктендіру жәнен санитарлық тазартуға да қаражат бөлінген. Ауыл-Коростели жолдары жөндеуден өткізілді. Ауыл-Коростели, Тарск-Коростели жолдарына құм-тас себу үшін 350 мың теңге, Коростели –Ауыл стансасы жолдарын жамау жұмыстарына 500 мың теңге бөлінді. Қыс уақытында Коростели – Тарск, Ауыл-Коростели жолдарының таратылуына 1 млн. 183 мың теңге бөлінген. Қол қойылған меморандумға сәйкес «Коростелевское» ЖШС қысқы кезеңде ауыл аралық жолдарды қалпына келтіріп отырады. Округде көшелер мен айналаны тазарту үшін үнемі сенбіліктер өткізіліп тұрады. Округті көріктендіру үшін бүкіл округ мекемелері мен кәсіпорындар, тұрғындар қатысады. Үнемі иесіз қаңғырған иттерге аулау жүреді. 2014 жылы саны – 40 дана ит ұсталды.

Жергілікті салық халықтан 2014 жылы уақытында жиылды – 1 млн. 447 мың 504 тенге құрады.

Округте ауылдық клуб бар. Толық жабдықтандырылған. 2015 жылда жылу жүйесі мен шатырды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Жоспарланған шығын 10 млн. теңгені құрайды. Барлық тұрғындардың көмегі арқасында мәдени іс-шаралар белсенді түрде өткізіледі, спорт шаралары, жастар би кештері. Кең ауқымда мемлекеттік мейрамдар да өткізіледі. Наурыз мерекесі қызықты өткен, ол мерекеде әр-бір көше өзднрінің ұлттық тағамдарын, киімдерін, дәстүрлерін көрсетті.

Ұлы Жеңіс күніне арналған үлкен жұмыс атқарылды.Оның барлығы жергілікті тұрғындар мен қоғамдық ұйымдармен бірге ұйымдастырылған болатын.2015 жылы Ұлы Отан соғысының Женісіне 70 жыл толайын деп отыр.Біздің мақсатымыз оны жоғарғы деңгейде өткізу.

Белсенді ұстанымды «Нұр Отан» партиясы алады. Партия мүшелері Елбасының «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауын және Үкіметтің бағдарламасын және саясатын іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқарады.

Округте «2020- жұмыспен қамту» табысты жоғарлату мен жаңа жұмыс орындарын жасау бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2014 жылы бұл бағдарлама бойынша 7 адам өтті. Әлеуметтік жұмыс орнына – 4 адам орналастырылды. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін 3 адам 3 млн. теңгеден несие алды. Жалпы сомасы 9 млн. теңгеге – саны 30 бас қара мал алынды, 4 жұмыс орны құрылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 14 адам жүгінді. Оның ішінде: 7 жұмысқа тұрғызылды. 2 адам қоғамдық жұмыстарда, 4 адам тегін аспаздар мен механизаторлар курстарында қайта даярлаудан өткен және 1 адам қазіргі таңда кайта даярлауын жалғастыруда. 2 адам «Ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша сомасы 3 млн. теңге құрайтын несие алды. Жұмыс орны ашылды.

2014 жылы қамқорсыз қалған халықты қорғау бойынша балалар жәрдемақысына 33 бала тәрбиеленген 14 отбасы өтініштері, адрестік әлеуметтік көмекке 40 өтініш ресімделді. 18 жалғыс басты зейнеткер 3 әлеуметтік қызметкерлерге бекітілген. Ауылдық акимат мемлекеттік қызмет көрсетуде: жеке шаруашылық туралы анықтамалар, 2014 жылы -275 дана анықтама берілді. Өтінішпен 9 адам өтінді және барлығына жауап берілді. Жеке үй шаруашылығын дамыту үшін жер учаскелерін ұсыну туралы өтініштерімен 9 адам өтінді. Барлық өтініштер қарастырылып тұрғындар жер учаскелерін алды.

Ауылдық әкімшіліктің барлық жұмыстары белсенділермен, қоғамдық ұйымдармен және ауылдық округіндегі ұйымдардың жетекшілерімен бірге өткізіледі.



Ары қарай «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын орындау бойынша мақсатты жұмыстарын жалғастыру қажет.

  • Халық арасында ууыл шаруашылығын дамыту үшін льготтық несиелерді алу бойынша жұмысты күшейту.

  • Жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болатын, кіші және орташа бизнесті дамыту бойынша жұмысты күшейту.

  • Минералды тыңайтқыштарды пайдалану және жаңа ылғалсақтандырғыш технологияларын енгізу бойынша ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен жұмыстарды жалғастыру


В.А.Чуваткин, Бақы ауылдық округінің әкімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет