Жыл
|
Оқиға
|
1894
|
Алматы облысы Ақсу ауданы № 4 ауылында туған.
|
1919
|
Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады.
|
1922
|
Верныйдағы (Алматыдағы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады.
|
1925
|
Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;
|
1928
|
оны бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң;
|
1932
|
Жазушылар одағын ұйымдастыру комиссиясының төрағасы болып сайланып;
|
1934
|
өткен 1-съезге дейін қызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
|
1934–1937
|
Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір мезгілде;
|
1933–1936
|
Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.
|
1937
|
жалған саяси айыппен тұтқындалып;
|
1938
|
ату жазасына кесілген.
|
1958
|
ақталды.
|