Анасының жұмысы Аяжанның апасы дәріханада қызмет істейді. Аяжан апасының
дәріханасында талай болған. Ондағының бәрі оған ұнайды. Тап-таза,
жинақы. Дәріханада дәрі көп. Апасы басына тақия киеді. Үстінде ақ
халат. Дәрігер оқушыларға, жұмысшыларға, құрылысшыларға, ауырған
адамдардың бәріне дәрі жазып береді. Апасы жазып берген дәрілерді
оларға тауып береді. Анасының жұмысы Аяжанды қызықтырады. (47 сөз)
Б. Соқпақбаев
Мәтіннен зат есімдерді тапқызып, астын сызғызу. Кім? Сұрағына
жауап беретін сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Диқан Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы
тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін
көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді
комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Егінді жинауға
оқушылар да көмектеседі. Диқанның еңбегі бағаланады. (44 сөз)