Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет23/32
Дата25.02.2022
өлшемі210,87 Kb.
#133400
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
Байланысты:
Диктанттар 1-2-3-4 сыныптар

Тамыржемістілер 
Қантқызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры 
жуандайды. Тамыры жеміске айналады.Қантты осыдан алады.
Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол – екі жылдық өсімдік. 
Алғашқы жылы қызылшаның тамыр жемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді. 
Тамыржемісті келесі жылы тағы отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады. 
Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөленеді. Гүл шашады. Гүлден тұқым өнеді. 
Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер 
дейді. (61 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: жапырақтарға, тамыржемістілер. 
1.
Мәтіннен сын есімдіктерді табыңдар. Астын сызыңдар. 
2.
Ұзын, қызыл деген сын есімдіктерді қос сөз етіп жазыңдар. 
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл 
өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарса 


керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын. Ойынға екі адам 
қатысады. олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады. Бұл отау деп аталады. 
Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп 
аталады. Әр ойыншыға сексен бір құмалақтан болады. (60 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: құмалақтарымен, шұңқыр. 
1.
Мәтіннен сан есімді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар. Дара 
сан есімді бір, күрделі сан есімді екі рет сызыңдар. 
2.
Біріккен сөзді табыңдар. Ол қандай сөз табы екенін 
ажыратыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет