Ақтөстің көмегі Қыстың ашық күні еді. Самат ойнауға шықты. Ол төмпешікке қарай бет
алды. Соңынан иті ақтөс ілесті. Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке
жетті. Ызғырып жел тұрды. Күн суыта бастады. Самат үйіне тезірек жетпекші
болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Саматтың жүгіруге
шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Самат Ақтөстің
қарғыбауынан мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді.
(63 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: төмпешікке, қарғыбауынан
1.
Мәтіннен күрделі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
2.
Жетті деген етістікті көпше түрде жіктеп жазыңдар.
3.
Есімдіктерді тауып, теріп жазыңдар.