Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет28/32
Дата25.02.2022
өлшемі210,87 Kb.
#133400
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Диктанттар 1-2-3-4 сыныптар

Әміре - әншіліктің ақыны. 
Табиғатынан Әміре әнші еді. Ол өзінің осы қасиетін ерте сезінді. Оның 
балалық шағы Дегелең тауының етегіндегі Тоқырауын өзенінің жағасында өтті. 
Бұл ән мен күйге бай өңір еді. Әміренің үлкен атасы Жанай әнші болған. Ел 
қариялары Әміреге ән салдырады. Оны сүйсіне тыңдап, жас әншіге баталарын 
береді. 
Әміренің үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті. 
Халқымыздың әндері Әміредей асыл жүректі әншілер арқылы бізге жетіп отыр.
(68 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: табиғатынан, етегіндегі. 
1.
Мәтіннен құрмалас сөйлемді табыңдар. Оны жай сөйлемге 
айналдырып жазыңдар.
2.
Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар. 


3.
Әнші деген сөзді септеңдер. 
Күріш 
Күрішті ылғалы мол жерге егеді. Көгі жиырма сантиметр болған кезде , 
егіске су көлдетеді.
Күріш суда қалай өседі, өйткені оның тамыры үшін ауа қажет қой деген сұрақ 
туады. Мұны байқап көрсек, күріш өсімдігінің тамырында ауа кіретін арнайы 
саңылаулар болады екен.
Кейде арнайы жерлерге көшет өсіреді. Оны егістікке көшіріп отырғызады.
Бір ғана алқапқа екі немесе үш өнім алуға болады. 
Күріш дәні жабысқан қатты қауызщбен қапталған. Оны осы қауыздан 
тазартып ақатау қажет. Сонда тамаша ақ күріш алынады. (75 сөз) 
1.
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. 
Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын екі түзу сызықпен, 
тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызып көрсетіңдер.
2.
Сын есімдерді теріп жазыңдар 
3.
Келер шақ етістіктерді өткен шаққа қойып жазыңдар. Көгерді, 
мекендеді, мақтайды, сыпырды.
 Қайың 
Қайың сымбатты ағаш. биік болып өседі. жазда тәулігіне қырық шелектей 
ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның 
бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан 
халық шеберлері себет пен ыдыстар тоқиды. Қайың отыны пещке маздап 
жанады. Қайың ағашынан жиһадар жасалады. 
Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа 
да сонда. (54 сөз) 
Жазылуы қиын сөздер: бүршіктерінен, жиһаздар. 
3.
Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар. 
4.
Мәтіннен лепті сөйлемді табыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет