Көктемдегі жұмыстар Желсіз тынық ауа. Күн жарқырап тұр. Көпшілік көңілді. Егіншілер егінін
септі. Шопандар қойын жайды. Колхоз даласы еңбекке кірісті. (18 сөз)
Алматы Алматы - әсем қала. Алматының көшелерінде трамвайлар, автобустар
жүреді. Алматыда парктер, театрлар, мектептер көп. Парктері өте әдемі. (16
сөз)
2 сынып Көк кит Көк кит – жануарлар әлеміндегі ең ірісі. Оның самағы жүз алпыс
тонна, ұзындығы отыз метр. Бір қызығы, ұсақ шаяндармен қоректенеді.
Аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей. (24 сөз)
Қарға мен бұлбұл. (мысал) Қарға ну орман ішінде сауық кешін өткізді. Кеште құстар өнер
жарыстырды. Қарға қарқылдады. Сауысқан шықылықтады. Әупілдек
әупілдеді. Торғай шиқылдады. Бірақ олар сауық кешіне бұлбұлды
шақырмады. (26 сөз)
1.У дыбысы жуан болып тұрған сөздердің астын бір рет, жіңішке
болып тұрған сөздердің астын екі рет сызғызу.
Егіс даласы Сәкен жазғы демалыста ауылға келді. Ол жайқалған егіс басына барды.
Егіс басынан төрт баласын ертіп жүрген саршұнақты көрді. Сәкен саршұнақ
тышқанның зиянды екенін түсінді. Жаздай елу алты тышқан ұстады. (29 сөз)