Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата25.02.2022
өлшемі210,87 Kb.
#133400
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
Диктанттар 1-2-3-4 сыныптар

Бұлақ
басында

Әли мен Қали бұлақ басына келді. Қолдарында күрек , тырма сияқты
саймандары бар. Екеуі бұлақтың айналасын тазаламақшы. Су бетіне,
жерге түскен жапырақтарды тырмамен тазалады. Күрекпен ағаштардың
түбін қопсытты. Оларды әктеді. 
Осылайша екеуі игілікті іс атқарды. (34 сөз) 
Қ мен К әріптерімен аяқталған сөздердің астын сызғызу. 
Қызғаныш

Мойнақ
көпірден өтіп келе жатты. Аузында тістеген сүйегі бар. Ол
судағы өзінің
көлеңкесін
көрді. Көлеңкені басқа күшік деп ойлады. Енді
ол сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Өз сүйегі де су
түбіне кетті. (33 сөз) 
Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасату. 
Табиғат 
Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа
бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды. Енді не істеу керек? Олар
жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық! Бірдемде алай-
түлей болып кетуінің себебі неде (33 сөз) 
Тақтаға жазылатын сөздер: басылмастан, алай-түлей. 


Тұмау 
Тұмау – жұқпалы аурудың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып
табылады. Вирустар арнайы құралмен ғана көрінеді. Ол жөтелгенде,
түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады. 
Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру,
мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. (37 сөз) 
«Денсаулық» журналынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет