Сабақтың тақырыбы: Сән журналынан үлгі алу. Сыныбы: 9 «Ә» Сабақтың мақсаты: білімділік



Дата12.03.2017
өлшемі99,96 Kb.
#11527
түріСабақ
Бекітілді: күні:

Сабақтың тақырыбы: Сән журналынан үлгі алу.
Сыныбы:9 «Ә»

Сабақтың мақсаты:

білімділік:  үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру,технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білуді үйрету;

дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру;

тәрбиелік: икемділікке, тапсырманы дұрыс орындай білуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: репродуктивті,түсіндірмелі- көрнекілік,ой қозғау стратегиялары, АҚТ

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, дайын бұйымдар,М1:1, М1:4сызбалар, үлгілер, нұсқау карталар, журналдар, жайылма парақтар.

Техникалық құрал-жабдық: интербелсенді тақта, тігін машинасы

Пәнаралық байланыс: геометрия, сызу

Жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

IV.Жаңа сабақты бекіту

V. Сабақты қорытындылау

VI. Үйге тапсырма беру

VII. Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақтың барысы: І. а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) психологиялық дайындық



ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Оқушылар 2топқа бөлінеді.»Мен саған, сен маған»ойыны арқылы 2топ бір біріне сұрақтар береді.

Сұрақтары : 1.Қауіпсіздіктің жалпы талаптары ата.
2. Жұмыс басталардың алдындағы қауіпсіздік техникасы ата.
3. Киім пропорциясы туралы айтыңдар.
4. Мезоморфты типке сипаттама беріңдер.
5. Киімнің пропорцияналды болуының негізгі ережелерің атаңдар.
6. Сән журналымен жұмыс істеу қағидасы туралы не білесің?
7. Композиция дегеніміз не?
8. Түстер үйлесімділігі туралы не білесіңдер ?

Үй тапсырмасын қорытындылау. Зерттеушілік шығармашылық тапсырма 1.Шалбардың түрлері. 2.Әйелдер шалбарын модельдеу 3.Сен өзіңе қандай шалбар түрін таңдар едің ? 

Қызығушылығын ояту. Жұмбақтың шешуін тап!
Адамның сәнi,
Онсыз жоқ мәнi. (киім)
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.(шалбар)

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Сән журналынан үлгі алу».


Мақсаты: сән журналынан модель таңдау туралы түсінік беру;
Шалбар деп белді, аяқты жеке жауып тұратын киімді айтады.
Қазіргі шалбарлар пішіні мен пішіміне қарай әртүрлі. Олар костюм бөлігі немесе жеке түрде әйелдерге және ерлерге арналған киім болып келеді.
Еніне қарай қазіргі шалбарлар әртүрлі болуы мүмкін: жеке бөліктері немесе ұзына бойы кеңейтілген немесе керісінше ұзына бойына тарылған. Шалбарлардың балақ жағы кеңейтілген «күліш», орта жағы кеңейтілгенін «банан», ұзына бойына кеңейтілгенін «шаровар» деп атайды. Шаровардың белі мен балағындағы артық енін резеңкемен жинақтап қояды. Сонымен қатар белдемше - шалбар тігеді. Оның ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін, артық енін шалбардың алдыңғы және артқы бөлігіндегі орта тігісті бойлай қатпар етіп салады.
Шалбарлар төмендегідей түрлерге бөлінеді.
Классикалық шалбар – мұқият салынған қыры бар түзу ұзын шалбар (19 - сурет). Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.
Сыбызғы шалбарлар – дене пішінін қайталайтын ұзын, тар шалбарлар. Әйелдер және ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады.
Күліш шалбар – балақ жағы кеңейтілген ұзын шалбар (20 - сурет). Бұл шалбардың екі түрі бар: тізеден бастап күліш және саннан бастап күліш. Шалбардың бұл түрін ХХ ғасырдың 70 - жылдары әйелдер мен ерлер киген. Қазір олар тек әйелдердің сәнді киім коллекцияларында.
Джинса – саржалық өрімі бар тығыз мақта матадан тігілген шалбар.
Капри – ұзындығы балтырдың ортасына дейін келетін тар шалбар (21 - сурет). Оның авторы – дизайнер Соня де Леннарт. Ал аты алғаш рет көпшілікке көрсетілген Капри аралына байланысты.
Бриджи. Бұл шалбардың ұзындығы көбіне тізеге дейін жетеді, алайда кейде одан аздап төменірек те болады. Шалбардың төменгі жақ жиегінде резеңке немесе манжет болуы мүмкін. Бриджидің мықын тұсы тар немесе керісінше кең болады.

Сәнді бұйым таңдауға арналған «Маусым сәндері», «Сымбат», «Burda» т.б сән журналдары бар. Сабағымызда сән журналдарынан бұйым таңдау, өз өлшемдерін анықтау, үлгілер дайындау жолдарын үйренеміз

Сән журналындағы әрбір модельдің өз номері бар Осы номердің астында оны дайындау жөніндегі нұсқаулар жазылады.

Үлгінің суреті –онда барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі.

Материалдық шығын (модельді) дайындауға қажетті барлық материалдар жайлы мәлімет Қосымша парақ (үлгілер парағы )-үлгі беттері , кескін сызықтар белгіленеді.

Бөліктердің кішірейтілген сызбасы –қандай бөліктердің пішімін көшіріп алу жайлы түсінік беріледі. Әрбір бөлік номері сызықтары, цифрлар, шартты белгілер көрсетіледі.

Жайылма жоспары –бөліктердің үлгілерін мата бетіне орналастырудың тиімді тәсілі көрсетіледі.

Түсініктеме мәтін –онда үлгінің аталуы, өлшемі, мата шығыны бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктері қысқаша түсіндіріледі

Сән журналындағы барлық модельдер 36,38,40,42,44,46 өлшемдерге берілген. Бұл немістің өлшем жүйесі . Ал өз тілімізге көшіретін болсақ онда осы сандарға 6 санын қосу керек.

Сән журналында берілген нұсқаулардың қасында рамка ішінде келесі мәліметтер көрсетілген.

- үлгі кескінінің түсі

- үлгі орналасқан орны

- өлшемдері және оларға арналған кескін сызықтарының түрі

- бөліктердің кішірейтілген сызбасы

- жайылма жоспары



ІV. Жаңа сабақты бекіту

а) дәптермен жұмыс:жұмыстың орындалу ретін дәптерге жаздыру;

ә) оқулықпен жұмыс: матадағы пішім жайылмасын түсініп оқу;

б) сарамандық жұмыс. «Сән журналынан үлгі алу».


Сарамандық жұмыс

Жұмыстың орындалу реті(слайдтар көрсету)

1.Сән журналынан қалаған модель үлгісін таңдау.

2.Өңдеу күрделілігіне, модель номеріне назар аудару.

3.Өз өлшемдерін алу.

4.Алынған өлшемдер арқылы сән журналы бойынша нақты өлшемдерін анықтау.

5.Үлгі парағын, сызық түсін,бөліктер санын анықтау.

6.Таңдаған модельдің үлгілерін алу.

7.Үлгілерді қию.

           Сергіту сәті

  Жалғасын тап ойыны

1.Өнерлінің қолы алтын

Өлеңшінің …………алтын.

2.Еңбектің наны тәтті

…………жаны тәтті.



3.Еңбек түбі…………

4.Еңбек етпесең елге өкпелеме

…………екпесең жерге өкпелеме.



5.Ақыл көпке жеткізеді

………..көкке жеткізеді.



V. Сабақты қорытындылау. Сән журналына байланысты тест сұрақтарын беру.

Ситуациялық сұрақтар қою.

1. Матаға үлгіні дұрыс орналастырмадық, бір бөліктерді бірдей етіп пішіп алдық, қандай жағдайда боласың, бұл кедергіден қалай шығасың?

2. Пішкен киімің өзіңе болмай қалды, қысқа әрі тар, қандай күйде боласың, бұл жағдайдан қалай шығасың?

3. Киімін сабақ үстінде сөгіліп кетті немесе жыртылып қалды, қандай күйде боласың?

VI. Үйге тапсырма беру: Сән журналынан бұйым таңдау .Өз қлщемдерін анықтау, құрал-жабдықтар әкелу.

 VII.Бағалау



№ 275 орта білім беретін коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Технология
«Сән журналынан үлгі алу».

Технология пәнінің мұғалімі



Узакбаева Рысты Узакбаевна

Байқоңыр
Каталог: uploads -> doc -> 1382
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1382 -> Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация Тақырыбы: «Сәндік текемет»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет