Дене дайындығы журналы оқушылардың физикалық даму
динамикасын қадағалауға және осы ақпаратты электронды журналда
көрсетуге арналған.
Дене дайындығы журналын ашу
үшін
«Мектеп»
бөліміндегі
«Журналдар»
бөліміне өтіп,
«Дене
дайындығы»
қойындысын басу қажет.
Дене шынықтыру журналы оқу жылының басында және соңында оқу
жоспарына сәйкес оқушының дайындығын дамыту динамикасын
анықтау үшін
жылына 2 рет
толтырылады.
Дене дайындығы журналын толтыру
пайдаланушылардың келесі
санаттары бойынша қолжетімді:
әкімші;
дене тәрбиесі мұғалімі ретінде кестеде тағайындалған пән
мұғалімі;
«ҮТ және бағалар» блогына толық қолжетімділігі бар редактор;
сынып жетекшіcі.
Дене дайындығы журналында толтыруға қажетті келесі
параметрлер бар:
Жүгіру
- минуттардың максималды мәні, секундтар - 59,
секунданың ондығының максималды мәні - 9, ең төменгі рұқсат
етілген мән - 10.
Қолдың күші
- үтірге дейінгі максималды 3 сан, үтірден кейінгі
максималды 3 сан. Максималды рұқсат етілген мән - 0.
Орнынан ұзындыққа секіру
- үтірге дейінгі максималды 3 сан,
үтірден кейінгі максималды 3 сан. Максималды рұқсат
етілген мән
- 0.
Тығыз допты лақтыру
- үтірге дейінгі максималды 3 сан, үтірден
кейінгі максималды 3 сан. Максималды рұқсат етілген мән - 0.
Тартылу -
максималды 3 сан, минималды рұқсат етілген мән - 0.
Дене тәрбиесі дайындығы жағдайының бағасы -
белгілер
келесі мәндер түрінде қойылады:
Ескерту:
бағандар: «жүгіру, мин», «қолдың күші, кг», «орнынан
ұзындыққа секіру, м», «тығыз допты лақтыру, м», «тартылу», «дене
тәрбиесі дайындығы жағдайының бағасы»
оқу жоспары бойынша
алынған қорытынды нәтижелер негізде білім беру
мекемесінің
қызметкерімен толтырылады.
Дене дайындығы журналында толтырылған деректер журналдың
басып шығарылған нұсқасында «
Білім алушылардың дене
шынықтыру дайындығының көрсеткіштері»
парақшасында
көрсетіледі.
Медициналық топ
Медициналық топты және денсаулықтың дене шынықтыру
тобын дәрігер - педиатр медициналық тексерудің нәтижелері
негізінде анықтайды.
Медициналық топтың санаты «Жеке деректер» қойындысындағы
оқушының парақшасында көрсетіледі. Ақпаратты енгізу үшін оқушының
парақшасына кіріп, «Өңдеу» батырмасын басып немесе тікелей «Жеке
деректер» қойындысына бару қажет.
Медициналық топ санаттары:
1-топ - сау балалар.
2-топ - дендері сау, бірақ, функциональдық және кейбір
морфологиялық ауытқулары бар,
сонымен қатар, соқпалы және
созылмалы ауруларға қарсылығы төмендеген, қауіп факторы бар
балалар.
3-топ - компенсация жағдайындағы,
ағзасының функциональдық
мүмкіндіктері сақталған созылмалы сырқат балалар.
4-топ - созылмалы ауруларға ұшыраған, төмен функционалдығы
бар субкомпенсация жағдайындағы балалар.
5-топ - декомпенсация жағдайында созылмалы аурулары бар,
дене мүшелерінің функционалдылығы айтарлықтай
азайған
балалар.
Дене тәрбиесі топтарының санаттары:
Негізгі;
Дайындық;
Арнайы.
Ескерту:
медициналық қызмекері оқушыны тексерген нәтижесі
бойынша денсаулық тобы, дене және жүйке-психикалық дамуының
бағасы, көз жітілігі мен құлақ естігіштігі, дене шынықтыру тобы
бойынша ұсынымдары (негізгі немесе арнайы топ) бар экспризді және
қорытынды рәсімдейді.