Күзгі өсімдік.
Өсімдік жаз бойы өсіп жетіледі. Жеміс береді. Тұқым шығарады. Қиярдың жемісін маусымда жегенбіз. Енді күз түсті. Жемістер пісті. Қызыл алмалар бұтаққа симайды. Төгіліп тұр.
Биыл өнген тұқынан келесі жылы жаңа өсімдік өседі. Шөптердің көбі тұқым шашқаннан кейін қурайды. Ағаш пен бұта қысқа дайындалады. Бойларындағы азықтық заттарын тамырларына жинайды. Енді оларға суық қорқынышты емес. (53 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: симайды, бойларындағы, қорқынышты.
Төртінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
Қиярды, өсімдік деген сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
Ұяң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.
Шофер
Нағыз шофер мейлінше сабырлы да са болуы тиіс. Ол бар зейінін жолдан аудармайды. Шаршадым деп босаңсымайды. Ұйқыға берілмейді. Жылдамдық қызығына желікпейді. Жол бойындағы белгілер мен көше ережелерін жатқа біледі. Сол ережелерді бұлжытпай орындайды. Ол өзі жүргізетін автомобильді жақсы көреді. Өз мәшинесінің сырына қанық болады.
Шоферлер жаздың ыстығы мен қыстың аязды күндерінде де тыным таппайды. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: Босаңсымайды, автомобильді.
Е қандай дыбыстардан құралады?
Дауысты дыбыстарды жазыңдар.
Жолаушылар.
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлады, елегізіп.
Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар. Дыбыстық талдау жасаңдар.
Ойларыңнан екі түбірден біріккен кісі аттарын жазыңдар.
Ф әрпі бар үш сөз ойлап жазыңдар. Оларға дыбыстық талдау жасаңдар.
Циркулюс.
Цирк неге цирк аталғанын сіздер білесіздер ме? Цирктегі ең басты орын – алаң. Оның алаңы қандай? Дөңгелек цирк үйінің өзі сияқты. Үйретілген аттар алаңды айнала шабады. Сондықтан цирк ғимараттары шеңбер түрінде салынады. ал неге циркуль деп аталады? Циркуль дөңгелек сызады. Сонда осы екі сөздің екеуі де «циркулюс» - дөңгелек, шеңбер деген латын сөзінен шыққан екен. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: циркуль, ғимараттары.
Сұраулы сөйлемдерді табыңдар. Оны цифрмен белгілеңдер.
В, ф, ц қандай дыбыстар?
Құдық басында
Досжан шелекті қарына қыстырып, қорадағы атқа беттеді. Құдық басында көр кісі екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала состиып анадайдан қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол шелекті сұрап алды. Қарт кісі емес пе, ентігіп қалыпты. Досжан қарияның атын суғарып берді. Бір кезде Бағила әжей суға келді. Досжан су құйып берді. Суды әжейдің үйіне жеткізді. (59 сөз)
Шахта
Шахтаны менің көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Әкем сыйлаған фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында. Ақыры шыдамым жетпеді. Шахтаға қарай бет алдым. Тау етегінде үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім. Іші толған шахтер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға кірдім. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау сылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор шахтерлерді төмен алып кетті. (65 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: фонарымды, шахтерлерді.
Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Шахтер деген сөзді жіктеп жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |