Бақылау жұмысы №1
Әлеуметтік –тұрмыстық ая
1-тапсырма. Айтылым.
-Сенің отбасың қандай?
-Неше адам бар?
-Атаң,әжең бар ма?
-Әкең қайда жұмыс істейді?
-Анаң қайда жұмыс істейді?
-Ағаң,әпкең,інің,сіңлің,қарындасыңбар ма?
2-тапсырма. Жазылым.
Аспаз,тағам. Сөздерін септе.
3-тапсырма. Оқылым.
Қазақстан
Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстанның өз Туы,Елтаңбасы,Әнұраны бар. Қазақстанның астанасы-Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан-үлкен мемлекет. Қазақстанда14 облыс бар.Үлкен қалалары – Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе,Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар-әдемі қалалар.
а) Сөздерге көптік жалғауларын жалғаңдар:
Мемлекет+
Адам+
Жұлдыз+
Ел+
ә) Біріккен сөздер мысалдар жаз.(5-7мысал)
Мысалы:Ақ +су-Ақсу
4. Көп нүктенің орнына ілік септігінің жалғауын қойып, орыс тіліне аударыңыз.
Алматы – Қазақстан... Республикасы.... оңүстік астанасы. Алматы... көшелері түзу және кең. Алматыда көп қабатты үйлер, мейрамханалар, дүкендер, қонақ үйлер бар. Мәдениет... сарайы «Заңғар» сауда... үйі, теміржол... бекеті, әуежай және оқу... орындары бар. Медеу... мұзайдыны қала… шетінде. Қазақстан... байлығы мол. Алматы... қаласы - менің туған қалам
Достарыңызбен бөлісу: |