8 Қауіпсіздік техникасы дегеніміз не?
Қауіпсіздік техникасы – бұл жұмыс істеушілерге қауіпті өндірістік факторлардың әсерінің алдын алуға бағытталған техникалық құралдар мен ұйымдастыру шараларының жүйесі. Қауіпсіздік техникасы еңбекті қорғаудың құрама бөлігі болып табылады.
9 Еңбекті қорғау өндіріске қалай әсер етеді?
Біріншіден, еңбекті қорғау қағидаларын елемеушілік өндірістің тоқтап қалуының себебі болуы мүмкін, екіншіден, еңбекті қорғау өндірістің дамуының маңызды рычагы болуы мүмкін.
10 Еңбекті қорғау экономикалық түсінік бола ма?
Еңбекті қорғау еңбек үрдісінде еңбекшілердің энергиясының қауіпсіздігін және өндірістік шығындарын белгілеп, мақұлдайтындығына байланысты экономикалық түсінікте болыпь табылады.
11 Жүмысшының міндеттері қандай?
1 жұмыс берушінің актісінде, ұжымдық келісім шартта, жеке еңбек келісім шартында көрсетілген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;
2 еңбек тәртібін сақтау;
3 жұмыс үрдісінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтірмеу;
4 еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерінің талаптарын орындау;
5 жеке еңбек келісім шартына сай өзіне сеніп тапсырылған қызметтік, ақылы және өзге де заңмен қорғалатын мәліметтерді таратпау;
6 жұмыс беруші мен жұмысшының мүлігін сақтау, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін жағдайлар болса, дер кезінде хабар беру;
Достарыңызбен бөлісу: |