Бақылау сұрақтары. Балабақшасындағы бақша қандай болуы керек?


Қолдан жасалған ұяшықтарды қалай жасайды?



бет8/9
Дата15.01.2022
өлшемі18,47 Kb.
#111833
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
12 табигат

13. Қолдан жасалған ұяшықтарды қалай жасайды?

Балабақшадағы жер учаскесіне құстарды үйір ету үшін көктемде қолдан ұя жасап іледі, оған қараторғай, шымшық шыбынжегі қонақтауы мүмкін. Құстар мұндай ұяларда тұруы үшін, ұялар құстарға ыңғайлы әрі дұрыс ілінуі тиіс.

Ұялардың көлемі арналған құстың шамасына байланысты болады Оны қалыңдығы 2—2,5 см, сыртқы жағы сүргіленген құрғақ тақтайдан (немесе фанерден) жасайды. Ішкі жағын бұдыр-бұдыр қалпында қалдырады: бұл — құстардың ұядан кіріп-шығуына жеңілдік жасайды. Тақтайларды саңылау қалдырмай бір-біріне тығыздап шегелейді. Олардын. біреуінен — алдыңғы жақтағы тақтайдан құс кіріп-шығатын дөңгелек тесік жасайды. Ұяларды күнбе-күн тазалап тұруға оңай болуы үшін қақпағын алмалы-салмалы етіп кояды. Оның сыртын күңгірт бояумен немесе сазбен бояйды.

Ұялатқышты бекітетін планканы артқы қабырғаға жасайды, мұнда қағылған шегенін, ұшын ішкі жағынан сыртқа қарай шығарып, сыртқы жағынаң қайырып тастайды. Ұялатқыштарды ағаштардың діңіне бұтақтардың ашаларына, шыбынжегілер мен қараторғайлар үшін 8—10 м, сары шымшықтар үшін 3—4 м биіктікке сым темірмен байлайды. Ұялатқыштарды теңселмейтіндей етіп ағашқа қатты байлау керек. Ұялатқыштардың алдында оның тесігіне мысық тырмысып шыға алатындай бұтақтардың болмауы тиіс. Құс кіріп шығатын тесікті күн түсетін жаққа қаратқан дұрыс. Сары шымшықтарға арналған ұялатқыштарды күзден бастап ілген жақсы: қыста құстар оған ауа райының қолайсыз кезінде паналайтын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет