Бақылау сұрақтары. Балабақшасындағы бақша қандай болуы керек?


Жем шашатын үстелдерді қалай орнатады?



бет9/9
Дата15.01.2022
өлшемі18,47 Kb.
#111833
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
12 табигат

14.Жем шашатын үстелдерді қалай орнатады?

Кейбір жабайы құстарды балалар учаскеде жыл бойы бақылауына болады. Нан ұнтағы немесе. дән себілген жерге торғайлар топ-тобымен ұшып келеді. Қыста аулаға қарғалар үнемі келіп жүреді. Күзде және қыста сары шымшықтар, пайыз торғай, бозторғайлар тұрғын үйлердің маңынан жем іздейді. Міне, құстар үшін осындай ауыр кезеңдерде балабақша учаскесіне жем шашатын астау орнатып, құстарға қосымша жем беруге және оларды бақылауға барлық топтағы балаларды тарту керек.



Ең карапайым жемшашар — аласа ғана кенересі бар тақтайша (50X60 см). Оны ағашқа іліп, дуалға немесе терезе желдеткішінің жанына қағып қоюға болады. Учаскенің тыныштау жеріне жем шашатын үстелше жасап қойған жақсы: ол үшін қада қағып, оған кенерелі тақтай бекітеді де, тақтайшаның үстінен себілген дәнге қар түспеу үшін шатырша жасау керек. Үстелшеге күнбе-күн белгілі бір уақытта нанның ұнтағын, астык дәнін, шоңайна, қандыағаш пен қайың тұқымын, ырғай, шетен, шәңгіш жидектерін шашып қояды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет