Бақылау сұрақтары; Эканомикалық ізденіс дегеніміз не?



Дата08.04.2020
өлшемі135,78 Kb.
#61994
Байланысты:
sro(20182195-181373)

Балқыбек Тұрғынай

ГК -809


Бақылау сұрақтары;

1.Эканомикалық ізденіс дегеніміз не?

Экономикалық ізденістер салынбақшы құрылысты, сол жерде құрылыс материалдарымен, заттармен, көлікпен, сумен, энергиямен, жұмыс күшімен т.с.с. қамтамасыз ете ала ма жэне салынып болған соң осы құрылыс экономикалық тұрғыдан тиімді ме, осы аталған шарттарды есепке ала отырып жасайды. Экономикалық ізденіс техникалық ізденістің алдын алып отырады. 



2.Техникалық ізденіс дегеніміз не?

Техникалық ізденіс құрылыс салынатын жер аумағының табиғи жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу және жобалу, құрылыс салу кездерінде сол жердің табиғи байлықтарын мүмкіндігінше толық пайдалану жәие есепке алу үшін жүргізіледі.Құрылыс салынатын алаңды бағалау үшін, келесі үрдісті ізденістер жүргізеді: негізгі-инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық; гидрометеорологиялық, климатологиялық және метероло-гиялық, құнарлы жер қыртысын геоботаникалық тексеру және басқалар. Қандайда құрылыс салынса да, негізгі ізденістерді бірінші кезекте жүргізеді. Техникалық ізденіс жұмыстарының негізгі тапсырмалары болып саналатындар – жер бетінде жоба бойынша салынбақшы жолдың пландық жəне профильдік орналасуын нақтылы анықтау. Сондықтан техникалық ізденіс кезінде трасса бойымен керекті топографиялық түсірістерді жасай отырып, инженерлік геологиялық жəне гидрогеологиялық жұмыстарды жүргізіп, көпірлік, тоннельдік өту жолдарын тиянақты тексереді. Бұл тексерулер жоба жасау кезінде трассаны өте тиімді, ыңғай лы жағдайда құруға мүмкіндік береді. Сонымен техни калық ізденіс жұмыстары топографиялық, геологиялық, гидрогео логиялық, жол салу жəне басқа да осы жұмыспен тығыз қарымқатынастағы жан-жақты, үрдісті істерден тұрады. Жол трассасына қойылатын негізгі талап, берілген жылдамдықта іркілмей, қауіпсіз жылжу болып табылады

3.Бұрылыс радиустарын қалай қадалайды?

Бұрылыс радиусы кіші тұста еңкіштік шектік шаманы жеңілдетеді, яғни азайтады. Темір жолдарда бұл еңкіштікті жеңілдету мыңдық есесі формуламен есептеледі Δi = R 700 Мысалы, басқарушы еңкіштігі кезінде i р = 20‰, бұрылыстағы ең үлкен шектік еңкіштік R = 700 м, сонда Δi = i р - Δi = 20 - 700 700 = 19 ‰. Станциялар, разъездер жəне үлкен жол парктері салынатын алаңдар қатаң ереже ретінде тегіс, жазық жерлерден таңдап алынады, тек қана қиын, мүмкіндігі шектеулі тұстарда ғана жоғарыда айтылған құрылымдарды салу үшін еңкіштігі 2,5 ‰ аспайтын, бір жаққа бағытталған, бұрылу радиусы магистральды жолдар үшін 1000 метрден, ал жергілікті жолдарда 600 м кем емес алаңдар таңдап алынады



4.Дайындық ізденіс жұмыстар дегеніміз не?

Ізденіс кезінде атқарылатын жұмыстар. Ізденіс жұмыстарын жүргізу кезінде екі негізгі тапсырмаларды орындауы керек: 1. Жол бойын салу жəне пайдалану кездерінде ыңғайлы, сонымен бірге оны салуда, пайдалануда ең аз шығын шығара отырып, тиімді трасса баламасын таңдау; 2. Трассаның жəне жол бойында салынатын оның барлық құрылымдарының жобасын жасау үшін керекті топографтыгеодезиялық, инженерлі-геологиялық, гидрогеологиялық жəне бас қа да материалдарды, берілімдерді жинау. Трассаның жобасын жасаудың сатыларына байланысты, ізденіс жұмыстары алдын ала жəне соңғы ізденіс жұмыстары болып екіге бөлінеді. Алдын ала ізденіс жұмыстары, камеральды жолмен, яғни қолда бар топографиялық жəне геологиялық карта немесе пландар- ды, аэрофототүсіріс материалдарын жəне де осы маңда бұрын істел ген ізденіс жұмыстарының нəтижелерін пайдаланып іске асады. Дайындық ізденіс жұмыстары кезінде, алдын ала далалық жұмыстарға шықпас бұрын осы жұмыстарға керекті материалдарды тиянақты қарап шығады. Осы материалдар негізінде болашақ трассаның тəсімін бекеттік нүктелерінің орналасуын, тіке жүргізілетін трасса бағытын, геодезиялық қосындар негіздерінің орналасу жағдайларын жасайды; бұрылу тұстары төбелерінің координаталарын жер бетіне түсіру үшін аналитикалық есептейді. Тиянақты түрде барлық гидрометрлік, геодезиялық аспаптарды жəне жабдықтарды тексеріп, ретке келтіріп алады.



5.Далалық жұмыстарға не жатады?

Далалық жұмыстар кезінде, трассаның жобасы жəне тиянақты жер бетін шолу арқылы бұрылыстардағы бұрыш төбелерінің орналасуларын анықтайды жəне трасса бағытын салады: трасса бағытын салу, жүрістің бұрыштарын, қабырғалар ұзындықтарын, ұзынбойлық жəне көлденең бекеттік нүктелерді қадалау, нивелирлеу, трассаны бекіту, сонымен бірге ірі масштабта жол қиылыстарын, өту жолдарын, түйісу маңдарын, күрделі бедерлі тұстарын жəне де басқа керекті құрылымдарды түсіру. Тиянақты далалық жұмыстар негізінде трассаның жобасын жасайды, бұл жоба барлық құрылымдардардың жұмыс сызбалары, негіздемелері есептеулер, көлемдік жұмыс журналдары, келісу құжаттары, геодезиялық жəне де басқа берілімдері көрсетілген түсініктеме мəтінінен тұрады



6.Трассаны қалай бекітеді?

Трассаны бекіту. Құрылыс салу алдында тез жəне жеңіл тауып алу үшін, трасса жер бетінде сенімді бекітілуі керек. Бекеттер жəне плюстік нүктелерді қазықшалармен айналасын жыра отырып, топырақпен үйіп бекітеді де, жанына қарауыл белгі қағады (қарауылда бекеттің реттік номері, кейбір берілімдері жазылады). Бұрылыс бұрыштарының төбелері жəне қатар нүктелер, көлденең 157 ірі асулардың нүктелері қосымша ағаш немесе темірбетонды бағаналармен бекітіледі, сонымен бірге оларды жергілікті заттармен байланысы көрсетілген сұлбасы жасалады. Көпірлік өтулерді бір немесе екі ағаш бағаналармен ось бойымен əр жағада бекітеді. Ағаш бағаналардың ұшар басына көпір осін теодолитпен берілген бағытын көрсететін шеге қағып қояды. Бұрылу бұрыштарындағы ағаш бағаналарды ішкі жағына биссектриса бағытымен бекітілген төбесінен 1 м жерге орнатады. Белгілерге майлы бояумен реттік номерін, кейбір берілімдерін жазып қояды. Бұрыштық бағаналарға оның бұрыш төбесі жағына, ал қатар нүктелерге олардың бекеті аз жағына жазылады.



7.Бұрылыс элементтеріне не жатады?

Бұрылыс қисығын алдын ала қадалау, жер бетінде бұрылыстың бас нүктелері бекеттерін қадалаудан басталады Егер шеңбердің центрі О нүктесін бұрылу ортасымен (ВУ) жалғастырсақ, онда О нүктесінде 2 α сүйір бұрышты екі тең тікбұрыштар пайда болады. ВУ нүктелерінен НК (қисық басы) жəне КК (қисық соңы) нүктелеріне дейінгі жанама кесінділері тангенс сызықтары (Т) деп аталады. Бұрылудың басы мен аяғына дейінгі бұрылыс шеңберінің доғасы бұрылу қисығы (К) деп аталады. Бұрылыс қисығының негізгі элементтері 158 Екі тангенс (2Т) сызығының жəне (К) қисығының ұзындықтарының айырмасы жеткізіп өлшеу (Д) деп аталады. (ВУ) бұрышы төбесінен қисық ортасына дейінгі (СК) кесіндісін бис сектриса (Б) деп атайды. Трассаның техникалық жобасы сатысындағы ізденіс жұмыстары кезінде (алдын ала ізденіс жүргізу) жер бетінде ВУ, НК, СК жəне КК нүктелерін бекітеді. Мұнда бұрылыс қисығының негізгі элементтерін білу керек: тангенс, қисық ұзындығы, жеткізіп өлшеу жəне биссектриса шамалары.



8.Тангенс сызығы деген не?

Тангенс сызығы - бұл жай ғана жазықтықтың қисық сызығына тиетін сызық. Тангенсті бөлінген сызықтың ерекше жағдайы деп санауға болады, онда қисық сызықтағы екі нүкте шексіз жақын (немесе қабаттасады). Тік қисықтың үстінде орналасқан кез келген нүктенің орналасу жағдайлары тікбұрышты х, у координаталармен анықталады. 87-сурет. Еңкіштіктердің жалғасу тəсімі 165 Абсцисса осі х қисықтың басынан бекеттер үстімен өтеді де, у ординаты формуламен анықталады = 2 . 2 x у R (140) Қисықтың бас элементтерін есептеп болған соң, қисықтың басынан ортасына дейінгі нүктелердің биіктік шамаларын нақ - ты лы есептеуге кіріседі. Ведомостің бірінші колонкасына əр нүктенің бекеттік мəнін 5 м сайын жазады. Екіншісіне нүктелердің i1 жобалық еңкіштікті тангенс сызығында есептелінген биіктік шамаларын жазады (мысалда, i1 =0,027).

9.Ауыспалы бұрылыс дегенімідз не?

Трассаның түзу тұстарының бұрылма қиылысқан тұстарынан көлік өткен (жылжымалы құрама көліктер) кезде центрден тепкіш күш пайда боладыда, рельсті вагон сыртқа қарай итереді, бұл күш 159 жоғары жылдамдықта өте қауіпті. Сыртқа тебу күшін əлсірету үшін бұрылмалы қисықтың басында радиус R шамасы шексіз шамадан қисық радиусына дейін кішірейтіледі жəне соңында R шамасынан шексіз шамасына дейін үлкейтіледі. Осы жылжымалы құрамның бұрылма қисықтарынан өтетін тұстарды ауыспалы бұрылыс қисығы деп атайды.



10.Бұрылыстарды қадалауда қандай әдістер қолданылады?

Бұрылыс қисықтарын қадалау үшін əртүрлі əдістерді қолданады. Солардың бірі тік бұрышты координаталар əдісін қарастырамыз. Тік бұрышты координаталар əдісі. Бұл əдісте қисық үстіндегі нүктелердің орналасу жағдайлары К тең доғалары арқылы х1 , у1 ,; х2 , у2 ,; х3 , у3 ,;.... хn , уn ,; координаталарымен анықталады, мұнда абсцисс осі ретінде тангенс сызығын алады, координаталар басы болып қисықтың басы немесе соңы қабылданады. Бұрылыс қисығы нүктелерінің координаталарын формуламен есептейді: х1 = R sinφ; y1 = 2R sin2 2 ϕ ; x2 = R sin2φ; y2 = 2R sin2 2 2ϕ (136) x3 = R sin 3φ; y3 = 2R sin2 2 3 ϕ . Формуламен есептеудің орнына жоғарыда айтылған бұрылу қисығын қадалау кестесін пайдалану қолайлы. Кестеде ауысу нүктелерін қадалау бітіп, бұрылу қисығы басталатын тұстары жуан шрифтпен көрсетілген. Бұрылуды нақтылы қадалау, қисықтың екі жағынан ортасына қарай (СК) тангенс сызығы бойымен іске асады. Əр кесіндінің соңынан кері қарай К – х шамасын жəне осы нүктеден нормаль түсіреді де, соның бойымен у шамасын салады. Осы амалдан пайда болған нүктені қазықшамен бекітеді де, оған нүктенің реттік санын (бекеттік атын) жазады. Нүктенің бекеттік орнын, осы НК бекетке ретімен К шамасын қоса отырып есептейді. Тексеру үшін, қазықшалардың арасын өлшеп, олардың 10 метрге тең екеніне көз жеткізеді. Жұмыстың дəлдігін арттыру үшін қазықшалардың ұшар басына шеге қағады.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет