Бақылау сұрақтары: 1. Комплексті қосылыстар дегеніміз не?
2. Комплексті қосылыстың тұрақтылығы қандай факторларға байланысты?
3. Координациялық сан дегеніміз не?
4. Лигандтың дентанттылығы қалай анықталады?
5. Лиганд саны нені сипаттайды
6. 0,1м [Cd(NH3)4]CI2 және 0,1 K2[Cd(CN)4] ерітінділерінің қайсысында Cd2+ ионының концентрациясы көп?
7 0,1м K2[HgCI4] ерітіндісіндегі Hg2+ионының концентрациясын есептеңдер
8. 0,1м К[Ag(CN)2] ерітіндісіндегі Ag+ ионының концентрациясын есептеңдер
9.0,1м К4[Ғе(CN)6] ерітіндісіндегі Ғе2+ ионының концентрациясын және комплекс ионының бұзылу процентін есептеңдер
10.0,2м [Cо(NH3)6]CI3 ерітіндісіндегі Со2+ ионының концентрациясы мен комплекс ионының бұзылу процентін есептеңдер
11. Кальций комплексонатының (рН = 3,00) шартты тұрақтылық константасын есептеңіз.
12. 1*10-3 М натрий тиосульфаты ерітіндісінің құрамындағы Ag(CN)2 - шартты тұрақтылық константасын есептеңіз
Блиц-тест: 1. Алтыншы аналитикалық катиондарының гидроксидтері қандай химиялық қасиет көрсетеді?
а) амфотерлі, сілтінің артық мөлшерінде; б) сілтінің артық мөлшерінде ерімейді; в) ерігіш аммиакаттар түзіледі; г) суда ериді.
2. Алтыншы аналитикалық катиондары бар ерітіндіге концентрлі аммиак ерітіндісмен әсер етсе қандай химиялық қосылыстар түзіледі?
а) гидроксидтер; б) гидроксотұздар; в) комплексті қосылыстар
3. Алтыншы аналитикалық катиондарының қайсысы сұйытылған аммиак ерітіндісімен гидроксотұздар түзеді?
а) сынап және кадмий; б) мыс және сынап; в) мыс, никель, кобальт; г) кобальт, кадмий.
4. Егер реакциялық қоспаға сілті ерітіндісімен әсер еткенде көгілдір тұнба түзілсе, ал қыздырғанда қарайса алтыншы аналитикалық катиондары- ның қайсысы болғаны?
а) мыс; б) кобальт; в) никель; г) сынап.
5.Алтыншы аналитикалық катиондарының қайсысы түссіз? а) кобальт, никель; б) сынап, никель; в) сынап, кадмий; г) кобальт, мыс.
6. Егер аммиактың ерітіндісімен әсер еткенде жасыл тұнба түзілсе, ол аммиактың артық мөлшерінде еріп, ерітінді көк түске боялса, алтыншы аналитикалық катиондарының қайсысы болғаны?
а) никель; б) кобальт; в) сынап, г) мыс,
7. Егер аммиак ерітіндісімен әсер еткенде көк түсті тұнба түзілсе, ол аммиактың артық мөлшерінде еріп, реакциялық қоспа кір-сары түске боялса, ерітіндіде алтыншы аналитикалық катиондарыныңқайсысы болғаны?
а) мыс; б) никель; в) кобальт; г) сынап.
8. Алтыншы аналитикалық катиондарының қайсысы ерітіндіде боялған күйде болады? а) сынап, никель, кобальт; б) кобальт, никель, мыс; в) никель, кадмий, г) сынап, кадмий, кобальт.
9. Сірке қышқылдық ортада күкіртті сутек Сd2+ катионымен қандай тұнба түзеді?
а) ақ; б) қара; в) сары; г) қызыл; д) көк
10. Калий иодиді Нg2+ катионымен қандай түсті тұнба түзеді? 53
а) ақ; б) қара; в) сары; г) қызғылт; д) көк
Әдебиеттер: Негізгі:
1. Н.Я. Логинов и др. Аналитическая химия. - М.: Просвещение. 1975.
2. А.П. Крешков. Основы аналитической химии. - М.: Химия. 1977.
3. С. Құлажанов. Аналитикалық химия. - Алматы.: 1994.
4. Б. Өтелбаев. Химия. - Ш.: 2000. .т.III.
5. А.Н.Каримов. Аналитикалық химияның негіздері. –Алматы.: Қазақ университеті. 2002
6. А.Г. Воскресенский. Сборник задач и упражнений по аналитической химии.- М.: Просвещение. 1985.
7. Ю.А. Золотова. Основы аналитической химии. М.: Высшая школа. 2002. 64-
8. Мендалиева Д.К. Аналитикалық химиядан есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы. 2003. Қосымша:
1. Е.Н.Дорохова; Г.В.Прохорова Задачи и вопросы по аналитической химии. - М.:Мир. 2001.