Бақылау сұрақтары. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі85,56 Kb.
#93646
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Авкенова М. А. 4-тапсырма
Авкенова М. А. 4-тапсырма

Бақылау сұрақтары.

    1. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері.

    2. Идеал сұйық . Бернулли теңдеуі.

    3. Ішкі үйкеліс күштері. Сұйықтардың ламинарлық және турбуленттік ағысы.

    4. Стокс формуласы және Пуазейль формуласы.



Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері.
Сұйықтар мен газдардың қасиеттерінде көп жағдайда өзгешеліктері бар. Газ молекулалары бейберекет қозғалыс жасай отырып, берілген көлемнің барлығын біркелкі толтырады. Сұйықтарда, газдарға қарағанда, молекулаларының орташа арақашықтығы iс жүзiнде тұрақты болып қалады.



1-сурет

Сұйықтарда газдардан өзгеше молекулалардың орташа арақашықтығы іс жүзінде тұрақты қалады. Сұйық көлемін сақтай отырып, өзі құйылған ыдыстың формасын қабылдайды. Бірақ кей жағдайларда, сұйықтарды және газдарды тұтас орта ретінде қарастыру мүмкін болса, олардың қасиеттері бірдей заңдармен, яғни гидроаэромеханика заңдарымен сипатталады.


Физикада сығылмайтын сұйықтың физикалық моделі пайдаланып, ол сұйықтың тығыздығы барлық жерде бірдей және уақыт өткен сайын өзгермейді.
Суға батырылған дене бетінің әр  элементіне, сұйық молекулалары тарапынан бетке перпендикуляр бағытталған  күш әсер етеді.
Сұйықтың қысымы деп, сұйық тарапынан бірлік ауданға әсер ететін нормаль күшпен анықталатын физикалық шаманы айтады:
.
Қысымның бірлігі – паскаль (Па). 1м2 бетке нормаль бағытпен біркелкі таралып 1Н күш жасайтын қысым 1Па – ға тең болады ( ).
Сұйықтардың немесе газдардың тепе-теңдігі кезіндегі қысым Паскаль заңына бағынады: тыныштықтағы сұйықтың кез келген жеріндегі қысым барлық бағытта бірдей болады, мұнда қысым тыныштықтағы сұйық алып тұрған көлем бойынша бірдей беріледі. Сұйықтың тепе-теңдігі кезінде горизонталь бойынша қысым барлық уақытта бірдей болады, сондықтан ыдыс қабырғасынан алыстағы сұйықтың еркін беті барлық уақытта горизонталь болады.
Егер сұйық сығылмайтын болса, онда оның тығыздығы қысымға тәуелді болмайды. Сонда сұйықтың бағанасының көлденең қимасы  , биіктігі  , тығыздығы  , салмағы  , ал төменгі табанына түсіретін қысымы биіктік бойынша сызықты өзгереді:
.
қысымы, гидростатикалық қысым деп аталады. Сұйықтың төменгі қабаттарына қысым жоғарғы қабаттардағы қысымға қарағанда үлкен болады, сондықтан сұйыққа батырылған денеге Архимед заңымен анықталатын күш әсер етеді: сұйыққа немесе газға батырылған денеге осы сұйық (газ) тарапынан жоғары бағытталған итеруші күш әсер етеді, ол дене ығыстырған сұйық (газ) салмағына тең:
.
мұндағы  - сұйықтық тығыздық,  - дененің сұйыққа батып тұрған бөлігінің көлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет