Катиондарды дербес және жүйелі талдау
Зерттелетін ерітіндіде бір емес бірнеше катион бірден болуы мүмкін және олардың көпшілігі бір-біріне ұқсас реакцияларға түсіп, анықтауға кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан, иондарды белгілі бір жүйемен топтарға біріктіріп, кедергі келтіретін иондарды бөліп тастап, содан соң анықтауға кіріседі.
Иондарды осылай топтар бойынша жіктеп анықтауды жүйелік анықтау дейді.
Талдауды дербес әдісімен жүргізу үшін ерекше немесе таңдалмалы әсер ететін реагенттерді қолдану керек. Дербес анықтау әдісін А.Тананаев ашқан. Бұл әдіс жүйелік әдіспен салыстырғанда жылдамдығымен, басқа иондарды бөліп жатпай, әсіресе иондар саны көп емес ерітінділерде, бірден анықтауға мумкіндік беретінімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |