Бақылау сұрақтары: Талдау әдістері (физика-химиялық, химиялық)


Аналитикалық реакциялар және олардың түрлері(ортақ, жеке, ерекше, анықтау, бөлу)



бет3/5
Дата06.06.2020
өлшемі24,81 Kb.
#72519
1   2   3   4   5
Байланысты:
Analitika lab

Аналитикалық реакциялар және олардың түрлері(ортақ, жеке, ерекше, анықтау, бөлу)

Аналитикалық реакция – бұл нәтижесінде

аналитикалық эффект немесе аналитикалық сигнал пайда болатын реакциялар. 

Бір реагент бірнеше иондармен әрекеттесетін реакцияларды ортақ реакциядеп атайды.

Әр түрлі реагенттердің тек бір ғана ионның түрімен характерлі (өзіне тән) қосылыстар түзілу реакцияларын жеке реакциядеп атайды

Аналитикалық реакцияның сыртқы әсері тек бір ионға немесе қосылысқа тән болса, оны ерекше реакция деп атайды.

Тек шектеулі иондармен ғана аналитикалық сигнал беріп жүретін реакцияны селективті (таңдамалы немесе талғағыш) реакциядеп атайды.

Егер түзілетін зат өте нашар еритін болса, онда ол анықталатын ионның концентрациясы өте аз болса да тұнбаға түседі. Мұндай реакциялар сезімтал (сезгіш) реакциялардеп аталады.



  1. Тұнба түзілу, түсті қосылыстар, газ бөліну реакцияларын пайдалану. Аналитикалық сигнал

Қосылыстың аналитикалық қасиеттері (қиын еритін қосылыстар тұнбасының түзілуі, газдың бөлінуі, зерттеліп отырған ерітінді түсінің өзгеруі, жалын түсінің өзгеруі және т.б.) - оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерді көрсететін реакциялар – аналитикалық реакциялар деп аталады.

Аналитикалық сингал дегеніміз тұнбаның, түсті қосылыстардың түзілуі, газдың бөлінуі, жалынды өзіне тән түске бояуы және т.б. Аналитикалық сигнал - қосылыстардың сапалықжәне сандық құрамы туралы мәлімет береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет