Фотоэффект заңдары электромагниттік сәулеленудің зат электрондарымен әсерлесу механизміне ешбір түрде сәйкес бола алмайды. Электромагниттік сәулелену зат бетіне түскенде, заттың үстіңгі қабатындағы электрондардың бәрі бірдей мәжбүрленген тербелісті бастау керек. Оң зарядталған атом энергиясынан босау үшін қажетті энергияны электрондар бұл жағдайда толқын энергиясы біраз уақыт болған соң ғана жиып алады. Сонымен фототоктың пайда болуы жарықтандыру пайда болған мезеттен біраз кешігуі керек. Тәжірибеде фототоктың ешқандай кешігуі байқалмайды. Классикалық теория бұған қоса фотоэффекттің қызыл шекарасы болуы және фотоэлектрондардың сәулелену қуатынан, яғни электромагниттік толқынның өріс амплитудасынан тәелсіздігін түсіндіре алмады.