Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығының формуласын көрсет?
Жылулық сәулеленудің интенсивтігін оның қуаты арқылы сипаттауға болады. Сәулеленіп тұрған дене бетінің аудан бірлігіне барлық бағытта ( денелік бұрыш ішінде) шығатын сәулелену қуатын дененің интегралдық энергетикалық жарқырауы деп атайды. Бұл шаманы R әріпімен белгілейді, ол температураның функциясы болып табылады. Түрлі жиілік (толқын ұзындығы) диапазонында жылулық сәулеленудің интенсивтігі де әр түрлі. Сондықтан энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы немесе дененің сәулелену қабілеті деген ұғым енгізіледі.
мұндағы дене бетінің аудан бірлігінің жиіліктер интервалында шығаратын сәулелену қуаты.