Дененің спектрлік сәуле жұтқыштық қабілеті деп нені айтады?
Дененің сәулелену қабілеті деп оның беттік аудан бірлігінен жиілік интервалының бірлік енінде шығатын сәулелек қуатын айтады. Сәулелену қабілеті де температураға тәуелді.
Дененің түскен сәуле энергиясын жұтуы спектрлік жұту қабілеті деген ұғыммен сипатталады. Спектрлік жұту қабілеті деп дененің жұтқан энергия ағынының оған түскен сәулелік энергия ағынына қатынасына тең шаманы айтады.
Егер дене бетінің аудан бірлігіне жиілік интервалында электромагниттік толқынның сәулелік энергия ағыны түссе, оның бөлігі жұтылады. Онда дененің спектрлік жұту қабілеті былай анықталады:
Дененің сәулелену және сәулелік энергияны жұту қабілеттері температура мен жиіліктің функциясы болып табылады.
Барлық жиілікте түскен сәуленің энергиясын түгел жұтып алатын дене абсолют қара дене деп аталады. Абсолют қара дене үшін а=1 ал кез келген басқа дене үшін a<1