Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет54/61
Дата07.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#92347
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
Байланысты:
Бай әке, кедей әке (Р.Кийосаки)

Бақытты ата-аналар
 
 
 
 
ЭПИЛОГ
Бұл кітап аяқталуға жақын, жуырда басылуға жіберіледі, 
соңында мен мынаны айтпақпын.
Менің 
бұл 
кітапты 
жазғандағы 
мақсатым: 
қаржылық 
тапқырлықтың, адамдарға ӛміршең кӛп проблемаларын шешуге қалай 
ықпал ететіндігі жӛнінде ӛзімнің ой-пікірлеріммен халықпен бӛлісу 
еді.
Қаржылық білімсіз, біз кӛбінесе дағдылы стандарттарды 
қолданамыз: тырысып жұмыс істейміз, ақша жинаймыз, қарыз аламыз 
және үлкен салықтар тӛлейміз. Қазіргі заманда біздерге жаңа 
ақпараттар қажет.
Кӛптеген жас отбасыларының алдында тұрған, қаржы 
проблемаларының соңғы мысалы мынандай: балаларға қайткенде 
жақсы білім беріп, сонымен қатар ӛздеріне зейнетке шығу үшін, қалай 
ақша жинауға болады?
Осы мақсатқа жету үшін, мен Сіздерге қаржылық тапқырлықты 
калай пайдалануға болады, соны айтып бердім. Менің бір абзал досым 
тӛрт баласын колледжде оқыту үшін,ақша жинаудың қаншалықты 
қиын екенін айтты. Ол ай сайын ӛзара қорға 300 доллардан салып, 12 
мың доллардай ақша жинаған екен. Оның есебі бойынша тӛрт балаға 
400 мың доллар қажет екен. Оған 12 жыл уақыт керек. ең үлкен 
баласы бұл кезде 6 жаста болатын.
1991 жылы Финиксте жылжымайтын мүлік нарығы ауыр 
жағдайда еді. Жұрт үйлерін тегін бергендей болды. Мен ӛзімнің 
класстас досыма, ӛзара қордың ақшасы есебінен бір үй сатып алуға 
кеңес бердім. Бұл пікір оған ұнады. Мүмкіншіліктерді ойластыра 
бастадық. Алдымен оны мазаландырғаны басқа үйді сатып алу үшін, 
оның банктен алған кредиті жоқ еді. Мүлікті банксіз де алуға болады, 
-дедім мен. Екі аптадай біз үй іздедік. Үйлер кӛп еді, сондықтан 
таңдап алу мүмкіншілігі мол болды. Ақырында бір жақсы жерден үш 


202 
бӛлмелі үй таптық. Үй иесің жұмыстан қысқартқан екен, енді ол басқа 
жаққа кӛшпекші. Ол үйге 102 мың сұрады, біз 79 мыңға ұсыныс 
жасадық. Ол бірден келісті. Бұл үй кезінде жалпы сауда бойынша 
алынған екен сондықтан менің досыма берешек ақша кӛлемі мен сату 
бағасының айырмашылығы 7 мың долларды ғана қолма-қол тӛлеу 
керек еді. Бұрынғы иесі үйді босатқан соң, ол үйді жалға берді. 
Барлық шығындарды тӛлеп, соның ішінде үйдің кепілдік құнын қоса 
тӛлеп, ол аяғында үйді жалға беруден айына 125 доллардан пайда 
түсіріп отырды.
1994 жылы Финиксте жылжымайтын мүліктің нарығы ӛзгерді, 
бұл үйге енді тұрушылар 150 мың доллар берді. Жолдасым менімен 
тағыда ақылдасты. - Әрине, сат,- дедім мен, бірақ салық тӛлеуді 
тоқтата тұратын 1031 бабты (статьяны) ескере отырып сат. 
Сӛйтіп, ойламаған жерден онда 80 мың доллар ақша пайда болды. 
Мен Техастағы бір танысыма телефон соқтым, ол бұл ақшаны бір 
кішірек қоймаға салды. Үш айдан кейін, менің досым ай сайын мың 
долларға жуық чектерді ала бастады, бұл ақшалар колледж үшін ӛзара 
қорға түсе бастады. Енді балалар үшін тӛлейтін ақша күн сайын емес, 
сағат сайын ӛсетін болды.
1996 жылы ол, бұл қойманы 330 мың долларға сатып жіберіп, 
оны айына үш мың доллар пайда түсіретін басқа іске салды, айына 
түсіп тұратын үш мың долларды тағыда солай ӛзара қорға салды. Енді 
менің досым осылай 400 мың долларды табатындығына еш күмәні 
жоқ, ал мұны бастау үшін 7 мың ғана доллар және біразырақ 
қаржылық тапқырлық керек болды. Енді оның балалары қандай оқуды 
қаласа, соны ала алады, ал бастапқы актив негізінде құрған ӛзінің 
корпорациясын, ӛзі жұмыс істемеген кезінде пайдаланады. Осындай 
ұтымды инвестицияның нәтижесінде, ол зейнетке ерте шығуға 
мүмкіншілігі бар.
Бұл кітапты оқып шыққаныңыз үшін Сізге кӛп рахмет.
Сӛйтіп, ақшаны қалай ӛзіңе жұмыс істетуге болатындығы 
жӛнінде, Сіз бірдеңелерді білдіңіз, -деп сенемін. Қазіргі кезеңде ӛмір 
сүру үшін, мүмкіншілігінше қаржылық тапқырлықты қалайда кӛп 


203 
қолдану керек. Қаржылық тәжірбиесі жоқтар ғана ақшаны тек қана 
ақша жасайды, -деп есептейді.
«Тәжірбиесі жоқ» деген -ақымақ деген сӛз емес. Олар табыс табу 
ғылымын игермегендер. Ақша бұл идея ғана. Егерде Сізде кӛп ақша 
болсын десеңіз, ойлану тәсіліңізді ӛзгертіңіз.
Әрбір адам ӛмірде бір нәрсеге қолын жеткізе алған болса, ол 
кішкентай идеядан бастап, зор іске жете білгендігінін дәлелі. 
Инвестиция жӛнінде де осындай пікір айтуға болады. Ғұмыр бойы 
пайдалы мәмілені немесе жақсы жағдайларды күтіп ақша жинаған, 
текке уақыт ӛткізген талай адамдарды білемін. Мұны мен онша 
ақылды іс, -деп есептемеймін.
Кейбір инвесторлардың бар жиғандарын бір-ақ мәмілеге 
(сделкаға) салып, соңынан бәрінен айырылып қалғандарының талайын 
білемін. Мүмкін ондайлар жұмысты жақсы істеуді білетін шығар, 
бірақ ақша салуды емес. Қаржылық сауаттылық ӛте маңызды. Егерде 
Сіз мұны неғұрлым ерте бастасаңыз, солғұрлым жеңіл әрі пайдалы 
болады. Кітаптар сатып алыңыз. Семинарларға барыңыз. Біліміңізді 
практикада қолданыңыз. Кішкентайдан бастаңыз. Мен қолма-қол бес 
мың долларды миллиондаған активке айналдырдым, міне алты жыл 
бойы, олар маған айына 5 мың доллар пайда келтіруде.
Рас, мен бұған бала кезімнен үйрендім. Мен Сізге оқыңыз, -деп 
кеңес берем -бұл соншалықты күрделі де емес, менің айтарым: егер 
мағынасын түсінсеңіз, оның соншалықты қарапайым екенін 
аңғарасыз.
Меніңше жеткілікті айттым ғой, -деп есептеймін.
Сіздің қолыңыздағы -Сіздің басыңызға байланысты. Есіңізде 
болсын ақша -бұл небәрі идея қиял ғана. «Ойлан және бай бол» деген 
тамаша кітап бар. Назарыңызды аударыңызшы: «Жұмыс істе және бай 
бол» деген емес. Ақшаны ӛзіңе жұмыс істете біл, сонда сен бай 
боласың. Қазіргі кезеңде еппен емес, ақылмен қимыл жасау керек. 


204 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет