6
бар. Қазір осы кітапты жазып отырған уақытта екеуі колледжде
оқиды, ал үшіншісі жоғарғы класс оқушысы. Балаларымыз үлкен білім
алып шығу үшін кӛп қаржы жұмсадық.
1996-жылдың бір күнінде ұлдарымның біреуі мектептен ӛте
ренішті оралды. Ол оқудан шаршаған, бұның барлығы оны тойдырған
сияқты. "Келешекте ешқандай да маған қажетті жоқ сабақтарды оқуға
мен уақытымды неге босқа ӛткізуге тиіспін?"-деді ол ренішті түрде.
Мен кӛп ойланбастан:
-Егерде
сенің бағаларың жаман болса, сені колледжге
қабылдамайды ғой,- дедім.
-Онда мені қабылдай ма, әлде қабылдамай ма, мен бәрібір бай
боламын деп,қарсылық білдірді.
Егерде сен колледжді бітірмесең, онда сен жақсы жұмыс таба
алмайсың, дедім мен сәл қорқынышпен. Ал жұмыссыз сен қалай
байыйсың?
Бұл жӛнінде кашанғы қайта-қайта айта беруге болады?- деді ұлым
кекесінді күлкімен басын шайқап. Менің айтқан аналық ақылым, оның
тарапынан ешқандай қолдау таппады.
Дегенмен, ұлым ӛзінің
еркіндігіне қарамастан, әрқашан кішіпейіл және сүйкімді бала
болатын.
-Мама,- деді ол. Енді оны таңдауға менің кезегім келді. Сен
уақыттан қалыс қалып қойып отырсың! Жан-жағыңа қарашы, ен үлкен
байлар біліміне байланысты бай болмайды. Майкл Джордана мен
Мадоннаға қарашы. Тіпті Билл Гейтс, Гарвард университетін
аяқтамаса да "Майкрософт" негізін құрып, жасы қырыққа толмаса да
қазір Америкадағы ең бай адам. Ал бір бейсболшы оған "ақылы кем"
деген айдар тағылса да жылына тӛрт миллионнан астам табыс табады.
Біз кӛпке дейін үнсіз қалдық. Сонда менің түсінгенім: мен ұлыма,
баяғыда ӛз әке-шешемнен естіген ақылымды айтумен болған екенмін.
Бізді коршаған әлем ӛзгерген,бірақ ой-ӛрісіміз, бірер кеңестеріміз
ескілікті деңгейде ӛзгеріссіз қалған.
Біздің
балаларымыздан басқа, жақсы оқу, жоғарғы баға алу-
табыс кепілдігі емес екенін, ешкімде байқамайтын тәрізді.
7
-Мама -деді әрі қарай ұлым, мен сендер сияқты жұмыс істегім
келмейді. Сендер жақсы табыс табасыңдар және біз жақсы үйде
тұрамыз. Егерде,
сенің айтқаныңды тыңдасам, онда менде сендер
сияқты ӛмір сүруім керек, себебі: үлкен салықтарды тӛлеп отыру
үшін, әрдайым кӛп және одан да кӛп жұмыс істеуім қажет, ең соңында
қарызға белшемнен батамын. Біздің дәуірімізде тұрақты жұмыс
болмайды.Жұмыстан босату мен қысқартудың не екенін мен білемін.
Соңғы кезде университет
бітірушілер, сенің кезіңдегіден жалақыны
кем алатындығын тағы білем. Мысалы, дәрігерлер. Олар бұрынғыдай
кӛп табыс таба алмайды. Мемлекет немесе
компания зейнетақысына
сенімділікпен қарауға болмайтындығын да білемін Маған осындай
кӛптеген күрделі сұрақтардың барлығына жаңа жауаптар қажет.
Расында оныкі шындық еді. Оған жаңа жауаптар қажет болса,
маған да сондай қажет еді.
Достарыңызбен бөлісу: