34
едім. Майктің әкесінен ақшаны қалай жасау керектігін үйренуге
жұмысқа кіріп едім, енді сағатына 10 цент үшін құлға айналдым.
Оның есесіне бірінші кездесуден соң, Майктің әкесін кӛргенім
жоқ.
- Мен кетемін,- дедім Майкке түскі үзіліс кезінде. Мектептегі
түскі ас ӛте нашар еді. Оқу іш пыстырды, оның сыртында мен сүйікті
сенбі күнінен айырылдым. Әсіресе мені назаландырған осы 30 цент
болды.
Майк күлді.
- Неге күлесің? -дедім мен ашуланып.
- Әкем айтып еді, осылай болады, деп. Сен кетуге даяр болғанда,
кездесуге келсін деді.
- Не? -дедім мен назалы түрде. Сонда, ол осының бәрі мені мезі
қылғанша күткен бе?
- Жалпы солай, ия, деп жауап берді Майк. Менің әкем басқа
кісілерден емес. Ол сенің әкең сияқты оқытпайды. Сенің әке шешең
кӛп сӛйлейді. Ал менің әкем үндемейді, немесе аз сӛйлеуді калайды.
Сенбіге дейін күте тұр. Сенің күтуге даяр екеніңді, оған айтайын.
- Сонда мұның барлығы әдейі істелінген дегің келе ме?
- Әдейі емес, бірақ осыған ұқсас бірдеңе. Сенбі күні әкем бәрін
түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: