31
Осы кезде де оның қолы бос емес еді, жұмысқа кіріскеніне 1
сағаттай болған екен.
Мен ӛзі қарапайым, әрі кішкентай, бірақ таза үйге таянғанымда,
оның жанынан құрылыс бастығы мінген машина орнынан қозғалып
бара
жатты.
Майк
мені
есік
алдынан
күтіп
алды.
Әкем телефон арқылы сӛйлесіп жатыр, бізге үй сыртындағы
басқышта күте тұруымызды айтты,- деді ол, маған есікті ашып жатып.
Мен
табалдырықтан аттап, бұл ескі үйдің сықырлауық еденіне аяқ
бастым. Кіре берісте арзан бағалы тӛсеніш жатты. Ӛзі таза,бірақ жаңа
емес. Ескі жұмсақ жиһаздарға толы бӛлмеге ендім. Диванда менің
шешемнен біршама үлкенірек екі әйел отырды. Оларға қарсы
орындықта бір ер адам отырды. Киімдері таза. Жас шамасы 45-терге
келген, менің әкемнен 10 жастай үлкен. Біз, Майк екуіміз,
олардың
қасынан ӛтіп бара жатқанымызда, бізге күлімсіреп қарады.
- Бұлар кімдер? -деп сұрадым.
- Бұл кісілер әкемде жұмыс істейді. Ер адам қойма меңгерушісі,
әйелдер ресторандарды басқарады. Пикап машинасымен кеткен кісі,
осы арадан 70 шақырымдай жерде жол құрылысымен айналысады.
Екіншісі сен келгенше кетіп қалған.
- Күнде осылай ма? -дедім мен таңданып.
- Күн сайын емес,
бірақ жиі,- деп жауап берді Майк, менің
жаныма отыра беріп.
- Ол кісі бізді ақша жасауға үйрете ме екен? Бұған ол не айтты?-
дедім мен ақырындап.
Алдымен ол біртүрлі таңдана қарады, ал сонынан менде сендерге
үсыныс бар, -деді.
- Солай ма? -дедім мен орындықта тербеле отырып.
- Сен білесің бе?- ол қандай ұсыныс.
- Жоқ, бірақ қазір білеміз.
Бір кезде есік тез ашылып, есік алдына шапшаң қимылмен
Майктің әкесі шықты. Біз сасқанымыздан орнымыздан атып тұрдық.
- Балалар, даярсыңдар ма? -деді ол
біздің қасымызға орналаса
беріп. Біз басымызды изедік, оған жақындап, алдыңғы жағынан
32
орналасып. Бұл кісі ірі денелі адам болатын, бойы 180 сантиметрден
астам, салмағы 90 кг
менің әкем одан биіктеу, салмақтары бірдей,
бірақ Майктің әкесінен 5 жас үлкен. Олар әр ұлт ӛкілдерінен болсада,
бір-біріне кішкене ұқсас еді. Мүмкін ұқсастықтары- жігерліктері
болар.
- Майк айтып еді: сендер ақша тапқыларың келетін кӛрінеді.
- Солай ма, Роберт?
Мен басымды изедім, қорқынышты сезіммен. Оның кішіпейіл
сӛзі мен күлкісінің артында, үлкен күштің барлығы сезіліп тұрды.
-
Онда менде, мынандай ұсыныс бар. Сендерді оқытам, бірақ
мектептегідей емес, басқаша. Ол үшін маған жұмыс істеулерің кажет.
Жұмыс барысында, мен сендерді тез үйретем. Ал, егер мектептегідей
тек қана отырып қана тыңдаймыз ғой, -деп ойласаңдар,
онда мен
уақытымды
текке
жоғалтам.
Менің
ұсынысым:
кӛнсеңдер
келісімдеріңді беріңдер, кӛнбесеңдер қойыңдар.
- А... алдымен сұрауға бола ма?- деп бастап келе жатыр ем.
- Жоқ.
- Кӛнсеңдер- кӛніндер, кӛнбесеңдер ӛздерің біліңдер. Менде
жұмыс ӛте кӛп, босқа уақыт ӛткізе алмаймын. Егер сендер тез шешім
қабылдай алмасаңдар, ешуақытта ақша жасай алмайсыңдар.
Мүмкіндіктер пайда болады және жоғалады. Егер сендер шапшаң
шешім қабылдайтын болсаңдар, бұл тамаша.
Міне, сендердің іздегендеріңнің мүмкіндігі енді туды. Сабақ
басталды, немесе 10
секундтен кейін аяқталады, -деді Майктің әкесі
жымыйып.
- Мен келісемін, -дедім мен.
- Мен де,- деді Майк.
- Жақсы, -деп жауап берді Майктің әкесі. Мұнда 10 минуттан
кейін Мартин апай келеді. Мен, ол кісімен сӛйлескеннен кейін, сол
кісімен бірге, менің ӛз-ӛзіне қызмет жасайтын дүкеніме барып,
жұмысқа кірісесіңдер. Мен сендерге сағатына 10 центтен тӛлеймін,
әрбір сенбі сайын үш сағаттан жұмыс істейсіңдер.
- Менде, бүгін бейсболдан кездесу бар еді,- дедім мен ышқынып.
33
- Кӛнсеідер кӛніңдер, кӛнбесеңдер кетіңдер, -деді ол қатқыл
дауыспен.
- Келісемін, -дедім мен, біржола бейсбол ойынын қойып, жұмыс
істеуге және оқуға шешім қабылдап.
Достарыңызбен бөлісу: