Білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің диплом алдындағы практикасы бойынша өткізілген конференциясының хаттамасы



Дата16.08.2024
өлшемі18,43 Kb.
#203723
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
4 к, ИЗО, Прот установ конф по преддипломй прак студентов 4 курса


6В01401 – «6В01401-Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының


білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің диплом алдындағы практикасы бойынша өткізілген конференциясының

ХАТТАМАСЫ


Жезқазған қ. 06.05.2024ж





Қатысқандар:
«ДТжБӨ» кафедрасының меңгерушісі Нурмаганбетова Р.К.,диплом алды практикасына жауапты әдіскерлер
– «6В01401-Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын түлектер (БӨжС 20-1)




Күн тәртібінде:

«6В01401-Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқыту нысанының 4 курс түлектерінің диплом алдындағы практикасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі орнату конференциясы




Тыңдалды:



  1. «Дене тәрбиесі және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі Р.К Нурмаганбетова сөз алып «Дипломалды практика» (08.04.24-04.05.24) бойынша, оның ерекшеліктерің және мазмұның талдады. Жалпы тапсырма зерттеу қызметін дайындау мен жүргізудің қажетті параметрлерінің мазмұндық сипаттамасын, сондай-ақ ғылыми зерттеудің: жұмыстың әдіснамалық базасының; жұмыс идеясын мағыналық өрістетудің; кейіннен зерттеу жұмысын жүргізе отырып, жұмыстың ғылыми аппаратының жалпы логикалық схемасын құрастыруды қамтитыны айтылды. 6В01401 – «6В01401-Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың диплом алдындағы практикасы оқу қызметінің түрі ретінде оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылды.


  1. БӨжС 20-1тоьының әдіскері К.М.Уксикбаева сөз алып:

Мамандандыру бойынша диплом алдындағы практиканың негізгі мақсаты студенттерге дипломдық жұмысты орындау бойынша кеңес берді. Студенттерге дипломдық жұмыстардың тақырыптары бойынша талапқа сай жазылуын талап етті.
Дипломдық жұмысты орындау тәртібін түсіндірді. Арнайы жоспар құру бойынша үлгісін келтірді.
Диплом алдындағы практиканың басты мақсаты-оқу-тәрбие процесі кезінде, сондай-ақ ғылыми психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша зерттеу жүргізу кезінде алынған кәсіби құзыреттіліктерді жүзеге асыру. Диплом алдындағы практика кезінде материалды іріктеу және дипломдық жұмысты қорғауға дайындық жеке тапсырмаларды орындау кезінде де, әртүрлі дерек көздер мен арнайы әдебиеттерді зерттеу арқылы жүзеге асырылатыны айтылды.
Практиканың мақсаты мен міндеттері мақсаттары:
● студенттердің 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» пәндерінің мұғалім мамандығына деген сүйіспеншіліктерін, тұрақты қызығушылықтарын арттыру;
● студенттің өзін-өзі «Бейнелеу өнері және сызу» пәндері мұғалімінің педагогикалық үрдісінің субъектісі ретінде сезіну;
● студенттің «Бейнелеу өнері және сызу» пәндерінің мұғалім маманы ретінде теориялық білімін тереңдету және бекіту;
● мектептің тұтас педагогикалық үрдісінде Бейнелеу өнері және сызу» пәндерінің мұғалімінің әдіс-амалдарын пайдалана отырып өздерінің әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;
● тұтас педагогикалық үрдісті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;
● «Бейнелеу өнері және сызу» пәндері мұғалімінің педагогикалық іс-әрекеттерінің шығармашылық, зерттеушілік әдістерін дамыту;
● «Бейнелеу өнері және сызу» пәндері мұғалімінің тұлғалық-кәсіби сапасын қалып-тастыру.
Сөз аяғында студенттерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар академиялық қарыздары жоқ студенттер диплом алдындағы практикаға жіберілетіндігі айтылды.


Шешім:

1. Ақпарат назарға алынсын


2. Диплом алдындағы тәжірибеге қойылатын барлық талаптарды орындалсын

Хатшы Сүлеймен М.


мамандық бойынша Диплом алдындағы
тәжірибеге жауапты Уксикбаева К.М.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет