Электрондық оқулық — ғылыми-педагогикалық құрал. Элетрондық оқулықтардың жасалуы модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып есептеледі. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сəйкес жасалады. Оған əрбір пəннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдары мен педагог-дидакттар, əдіскерлер, программист-дизайнерлер, операторлар қатысады.
Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:
оқу; оқыту;
бақылау
тексеру
Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын жəне олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады, олардың терең де тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нəтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ақпараттық білім беру танымдық ойлау мен ақпараттық өзіндік анықтамалар, білімді автоматты түрде бағалаудың тестілік əдістерін даярлап береді. Электрондық оқулықтар əр түрлі ақпарат жиынтығын, оқушыларға білім берудің негізгі пайда болу орталықтары туралы толық мəлімет бере алады.
Электрондық оқулықтар толық курстың жеке бөлігін құрайтын, белгілі ақпараттық, жүйелі қызмет атқаратын білім жиынтығы — модульден тұрады, ол оқушының толық, жүйелі түрде білім алуын қалыптастырады.
Гипермəтінде елестететін мəтінді пайдалану (негізгі сөзді түрлі бояумен жəне шрифтпен ерекшелеу), жоғары сапалы бейнелердің, суреттердің дидактикалық талаптарына жауап береді, оқып отырған материалды қабылдауды жеңілдетеді.
Электрондық оқулықтың əр шағын модуліне қосымша материалды толық меңгеру үшін, студенттердің өз бетінше шығармашылық жұмыстармен айналысуы үшін өтілген оқу материалдарына сəйкес тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі беріледі.
Электронды оқулық ерекшелігі — жоғары мобильдігі мен икемділігі, онда көптеген иллюстрациялар, бейнефильмдер көріністері енгізілген. Электронды оқулық күнбе-күн, түскен жаңалықтармен қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Сонымен қатар оқулық оқушыға тест сұрақтарын қойып, жауабына нақты бағасын алуға жағдай жасайды. Қажет болған жағдайда оқушы мəтінге қайтадан оралып, түсінбей қалған жерін қайта қарап, тақырып соңындағы бақылау тестіні немесе кестені толтырады. Міне, осы кезде оқушының жеке бас психологиясына электронды оқулық назар аударады десе де болады. Топ алдында жіберген қатесін тауып, түзетуге тырыспаса, «ұялшақтығынан», ал электрондық оқулықтың көмегімен ол қажетіне қарай кейін оралып, дұрыс жауабына келеді
Электронды оқулық заман ағымына сай оқушылардың қызығушылығын арттырып, түсінбей қалған сəттерін қайтадан көруге, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияның соңғы жетістіктерін көре отырып, қазіргі талапқа сай маман дайындалады;
білім алушылар ғылыми техниканың жетістіктерін өз саласында пайдалану əдістерін қалыптастырады;