Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

Алтын Емел 
Маусымның 18-жаңасында, күн батар алдында, Шеңгелді арқылы өтіп, суқұбырын 
көріп, оның бір түрбасын алдым. Түнде Қарашоқы бекетіне тарттық. Оған бес шақырым жер- 
де бұл өңірде Қалыптас деген атпен әйгілі тас кеніші бар. Кеніштің айнала шеңбері - бірнеше 
аршын. Қазір одан қызыл және қоңыр қалыптас ашыпты. Қоянкөзден өтіп, ертеңгілік Алтын 
Емелге келдік. Алтын Емел - моңғол атауы. Бұл өңірде күні бүгінге дейін қалмақ атауымен 
жүрген жерлер көп-ақ. Сағанбұғы, Шөлтөпе, Лабасы және басқалар. 
Бұл атаулардың қайдан пайда болғанын түсіндіру үшін қазақтар маған аңыз-әңгіме 
айтып берді. Қонтайшы бүркітпен аң аулауға шығып, Алатаудың Талғар өзенінің жоғары 
жағындағы Топшық тұсындағы биік нүктесіне көтеріліпті. Бүркіт қойды көріп қолға 
түрмайды. Хан қыранның томағасын сыпырып қоя береді де, тұлпарын тебініп соңынан ереді. 
Бүркіт Сағанбұғыда ақ киікке түсіп, Шөлтөпеде таутеке алады. Сол шабыста ханның аты 
Іледен қарғып өтіп, артқы аяғының бір тұяғы суға тиеді. Хан сонда мынау бұлақты қаперге 
алу керек екен дейді. Әңгімеші маған Топшықта көреген қонтайшының ізі күні бүгінге дейін 
сақталған. Оның керемет шахматының қалдықтары әлі жатыр деді. 
Алтын Емелде Тезек төренің ауылы Күреңбелде отырғанын естіп, Терісаққан бекетіне 
жақын жерде деп соған бағыт алдым. Алтын Емелге мен алғашқы келгенде бүкіл дала 
қызғалдаққа малынып, қып-қызыл болып түр еді. Қазір қызғалдақтар солып, оның есесіне 
бетеге, ебелек және шытыр бойлай өсіпті. 
Тезек төренің ауылында бес күн болдым. Мен болғанда бұл ауылда үш бәйге, бір той 
өтті. 
Маусымның 23-жаңасында сағат 9-да Тезектің ауылынан аттандық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет