73
Бұғыты мен Торайғыр тауларының тамамдалған
тұсындағы Шарынның бұлағын
қазақтар Сартоғай деп атайды. Ал бірінші Меркеден Сартоғайға дейінгі ағыстың аты –
Ақтоғай. Бұл түні салқын болды. Күздегідей ысқаяқ жел есті. Түні бойын күшті
қар жауып,
Алатаудан Іле алқабына дейінгі жазық қыстағыдай ақ көрпе оранды. Суық күшті болған соң
тон киіп, киіз үйге от жақтық. Суықтық 5 градус. Көз алдымызда қарға оранған Торайғыр тауы
мұнартып жатыр.
Торайғырдың аты «торы айғыр» деген сөзден алынған. Қазақтардың аңызына қарағанда
жоңғар қалмақтарын осы өңірден қуған кезде бір торы айғыр тауда қалып қойыпты. Торайғыр
– албандардың ең жақсы қыстауы. Айтуларына қарағанда, бүл төңіректе қыс болмайды деуге
де сияды. Ал қыс болса да көп үзамай қар кетіп қалады. Қытымыр қыстың өзінде мал азығы
тапшы болса да, жалғыз қынаны ғана азық қып мал қоңын түсірмей аман шығады. Жалпы бұл
араның жері құнарлы, шөбі шүйгін. Малға жұғымды жер дейді қазақтар. Дәл мамыр айының
өзінде сол мақтаулы жерден Құдайдың бізге қарды жіберуін көрмейсің бе?!
Қардың көптігі
сондай, оның түгел еріп кетуі үшін табаны күректей үш шуақты күн қажет болды. Ал біз үшін
уақыт қандай қымбат десеңізші. Ертеңгісін-ақ біз жолға шықтық. Торайғыр тауының күнгей
жағындағы Сұлу Қарашоқы деген жерде аз-кем аял жасадық.
Достарыңызбен бөлісу: