Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Екі батырдың Көбікті хан еліне жасаған шабуылы



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Екі батырдың Көбікті хан еліне жасаған шабуылы 
Бос қайтам ба жаудан деп, 
Іздеп келіп бұл жерге, 
Қараман батыр кезеніп, 
Қобыландыға келеді: 
«Ай, Қобыланды, құрдасжан, 
Қайратыңды мен көрдім, 
Бәрекелді, ер, - деді, - 
Найзам тимей дүшпанға 
Арманда барам мен, - деді, - 
Осы бүгін естідім, 
Жақын жерде бір шаһар, 
Көбікті дейтін ханы бар. 
Жүрсең, соған барайық, 
Жылқысын айдап алайық, 
Қазаннан алған бұл малды 
Баға тұрсын халайық. 
Көбікті келсе малына, 


37 
Салайын жәбір жанына… 
Көбікті де ер, - дейді, - 
Қайратымды көр, - дейді, - 
Найзам тимей дұшпанға 
Арманда барам мен», - дейді. 
Қобыландыдай батырың 
Мақұл көріп бұл сөзін, 
Асып-тасып екеуі 
Алланы алмай аузына, 
«Барайық десең, жүр», - дейді. 
…Гулетіп жылқыны алады, 
Айдап жонға салады. 
Көбіктінің Тарлан ат 
Жылқы ішінде тұр екен. 
Жамандатқыр Тарлан ат 
Құйрығын құстай тарады, 
Бауырынан жарады, 
Желкесінен қарады, 
Әуеге қарап есінеп, 
Ием бе деп кісінеп, 
Жау екенін білген соң, 
Сыртына құйрық салады, 
Қайта айналып шаһарға 
Тарлан ат қашып барады. 
Жалғаса қуған екеуі 
Қарасын көрмей қалады. 
Қашып барып Тарлан ат 
Шаһарына барып еніпті. 
Жетпедім деп Тарланға, 
Астындағы Бурыл ат 
Басын жерге салады, 
Қырық үш күн кемдігі 
Бурыл атты қамады. 
Құртқаның сөзі келді деп, 
Батыр Қобылан сынады. 
Таң Шолпаны батқанда, 
Қызарып күн шыққанда 
Демалам деп азырақ, 
Бауырында бір таудың 
Қобыланды ұйықтап жатқанда, 
Қалаға көк ат еніпті. 
Есітті дүбір Көбікті, 
Ат барғасын желікті. 
«Жау тиді ғой малға», - деп, 
Айдауда кеткен жылқының 


38 
Соңынан қуып барады. 
Жебелі найза қолынан, 
Жұлдызы туып оңынан, 
Ерте Шолпан батқанда, 
Таң сарғайып атқанда, 
Тау суындай сарқырап, 
Ақ сауыты жарқырап, 
«Таста, - деп, - малды» барқырап, 
Көбікті жетті соңынан… 
Сол уақытта Қараман 
Көбіктіні шанышпаққа 
Оңтайлады найзасын. 
Қараманның найзасын 
Денесіне тигізбей, 
Көбіктідей батырың 
Қолындағы шоқпармен 
Допша қағып тастайды. 
Үмтылумен Көбікті 
Қараманды ұстады, 
Күшіктейін шыңғыртып, 
Қараманды Көбікті 
Тақымына басады. 
Қулық пенен сұмдықты 
Көбікті тағы ойлады. 
Оянып кетсе болмас деп, 
Қобыландыны Көбікті 
Ұйықтап жатқан жерінде 
Тоғыз қабат тор салып, 
Бекітіп әбден байлады… 
Кісен салып Көбікті 
Қараман мен Қобыланның 
Аяқ-қолын тұсады… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет