«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы жырдағы» көне түркі мифологиясы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#154473
1   2   3
Байланысты:
565-1-1112-1-10-20160120

2-бөлім
ФИЛОЛОГИЯ
Раздел 2
ФИЛОЛОГИЯ
Section 2
PHILOLOGY


78
Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(68). 2014
«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы жырдағы» көне түркі мифологиясы
ласына жиналған. Қазақ атаулы елдің ноғайлы 
дәуірінен қалған әңгіме-жырлардың көбі «Ор
-
манбет би» заманының маңына жиналған. Онан 
соң қазақтың ноғайдан бөлініп шығып, қазақ 
атанып, бөлек хандық құрып жүрген заманнан 
қалған ескілік әңгімелердің көбі «Әз Жәнібек» 
ханның тұсында болған»[1, 67]. 
Түркі қағанаты кезінен бергі айтылып 
келе жатқан жырлардың барлығы кейін оғыз-
қыпшақ одағы ыдыраған тұста жинақталып, 
көне жырлардың көбісі Қорқытқа қатысты 
аңыздарға барып кірігіп, циклдене бастағанға 
ұқсайды. Қорқыт Ата кітабына топтастырылған 
жырлардың барлығы бір дәуірге сыйғызылған. 
Батырлардың барлығы Баяндүр ханның 
маңайынан табылады, жаңа туылған ер балаға 
ат қою керек болса елдің қадірлі абызы, әулие 
Қорқытқа қойғызады. Әрбір оғыз батырының 
ерлігін жырға қосып жырлап отыратын ұлы жыр
-
шы ретінде Қорқыт суреттеліп отырады. Яғни, 
бұл жырдың барлығы оғыз-қыпшақ бірлестігі 
дәуірінде болғандығы анық, ІХ-Х ғасырлардағы 
Сыр бойындағы байырғы атамекені кезіндегі 
оқиғалар көрініс тапқан. Әрине, жырда Кав
-
каз жеріндегі оқиғалар, қала аттары ұшырасып 
отырады. Оғыздар Сыр бойынан үдере көшіп 
Кавказды бет алған кезінде Қорқытқа қатысты 
аңыздар мен сол дәуірдің жырларын өздерімен 
бірге ала кеткендігі белгілі. Профессор 
Ш.Ыбыраев батырлық жырлардың ХІҮ-ХҮ 
ғасырларда жинақтала бастағандығын айтады: 
«Түрлі тарихи дәуірлерде қалыптасқан оғыздың 
батырлық жырлары ХІҮ-ХҮ ғасырларда аты 
аңызға айналған Қорқыт ата есіміне байла
-
ныстырылып және біртұтас эпикалық жүйеге 
келтіріліп, Әзірбайжан мен Кіші Азия тер
-
риториясында қағаз бетіне түсірілді. Алайда 
«Қорқыт ата кітабындағы» жырлардың (Дрезден 
нұсқасында 12, Ватикан нұсқасында 6 жыр бар) 
дені оғыз тайпаларының ежелгі мекені Орталық 
Азияда (дәлірек айтқанда, Сырдария мен Арал 
теңізінің маңында) қалыптасқанын зерттеуші 
ғалымдардың көбі мойындайды»[2, 297].
Қорқыт ата жырлары оғыз бен қыпшақ 
одағының ыдырауы кезеңінде топтаса бастағанға 
ұқсайды. Қуатты мемлекеттер ыдырап, же
-
ке-жеке хандықтар құрылып өзара қырқыс 
басталған тұста елдің ұйытқысы, ауызбіршілігі 
турасындағы идеялар көтеріледі. «Бірігу идея
-
сы бірлік аз кезде, бөліну қаупі барда айрықша 
сезіледі. В.М.Жирмунский келтірген деректерге 
жүгінсек, ноғай мырзалары мен бектерінің ара
-
сы қым-қиғаш тартыс болған. Билікке таласу 
дертке айналған. Ал, бұл жағдайды орыс дипло
-
маттары шебер пайдаланған: қырқысқандардың 
екі жағын да әлсіретіп, өзіне тәуелді ету – бұл 
саясаттың басты мақсаты. Мұндай кезде бірігіп, 
тыныш өмір сүру қалың елдің жатса да, тұрса 
да асыл арманына айналды. Бұл жағдай тек 
Ноғай Ордасына ғана қатысты деп түсінбесек 
керек. Алтын Орда құлағаннан кейін бас-
басына хандық құрып кеткен елдің, туыстас 
бауырлардың, қала берді бүкіл көшпелілердің 
бірін-бірі жоқтау санасынан туған мұң-
мұқтажын эпос арқаланды»[3, 175].
Қорқыт ата жырларында дін үшін ғазауат 
соғысы деп айтылғанымен оған ислам дінінің 
әсері қатты болмағандығы байқалып тұрады. 
Керісінше байырғы мифтік түсініктен қалған 
қалдықтар көп ұшырасады. Кейінгі дәуірдің 
көшірушілері жырды қанша дін жолын
-
да күрескен сахабалар туралы дастандарға 
жақындатпақшы болғанымен, бәрібірде оның 
сюжеттік құрылымын бұза алмағандығы 
байқалады. Исламға дейінгі наным-сенімдер 
жақсы сақталған, оғыз-қыпшақ дәуірінде 
жырланған көне жырдың қатарына Бамсы-
Байрақ туралы жырды жатқызуға болады. 
Жалпы бұл жырдың сюжеті көптеген түркі 
халықтарында 
ұшырасатын 
«Алпамыс», 
«Алып-Манаш», «Манас» секілді қаһармандық 
эпостардың оқиғасымен сабақтас келеді. 
Мұнда іс-әрекеттің ұқсастығынан туындайтын 
сюжеттік инвариант бар. Бұл жырда байырғы 
түркі мифтік ұғымдары да ұшырасып отырады. 
Жыр басталғанда Байбөрі бектің перзентсіздік 
зарын тартып жүргендігі айтылған. Архаикалық 
және қаһармандық жырдың көпшілігі осы
-
лайша басталатыны белгілі. Кәрі әке-шешенің 
перзентсіз болуы, олардың әулие-әмбиелерге 
сиынып бала сұрауы, түсіне аян беруі осының 
барлығы келешек кейіпкердің артықша бо
-
лып дүниеге келуінің көрінісі ретінде айтылып 
өтеді. Бұл жырдың бір ерекшелігі көнелігінде 
деуге болады. Перзентсіз жүрген Байбөрі пер
-
зент сұрап әулиелерді жағалап кетпейді. Яғни, 
мұсылман әулиелерден тілек сұрамайды. 
Ол тілекті оғыздардың бегі Баяндүр ханнан 
сұрайды. Хан бектің бұл тілегін қабыл алады, 
барлық оғыз бектері Тәңірден бала сұрап қол 
жаяды. Жырда былайша баяндалады: «Бұл сөзді 
есіткен барлық оғыз елінің бектері қолдарын 


79
ISSN 1563-00226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2(68). 2014
Б.С. Әбжет, З. Йылдырым
жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, 
«Тәңірі саған ұл берсін», – десті. Ол заманда 
бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, 
дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз 
Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір 
тілек бата беріңдер, Тәңірі маған да бір қыз бер
-
се екен», – деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған 
да дұға оқыды. Тәңірі жарылқаса, сен де қызды 
боларсың», – десті. «О, бектер, егер көк Тәңірі 
маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің ба
-
ласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған 
сіздер куәлік етіңіздер», – деді»[4, 34].
Эпоспен қатар жалпы көшпелі рулық-
тайпалық қоғамда мұрагер мәселесі басты 
орынға қойылған. Ата кәсібін жалғаушы, ар
-
тында қалған тұяғы әрі келешек ұрпақты 
жалғаушы ұл баланың отбасындағы, рудағы ор
-
нын басқа ешқандай да бір нәрсемен ауыстыру 
мүмкін емес еді. Сондықтан да баласыз өмірден 
өту, «қу бас атану» ең үлкен қайғы қатарына 
жатқызылған. «Эпос зерттеушілері жырдағы 
баласыздық зары сарынының түбірін рулық-
патриархаттық, феодалдық дәуірдің дәстүріне 
байланыстырып түсіндіруі табиғи. Патриархат 
үстем болғалы бергі кезеңнің бәрінде атадан 
қалған мал-мүлік ұлға тиесілі болған. Сондай-
ақ рулық өмірдің жалғасуы да тікелей сол ру
-
дан тараған мұрагердің бар немесе жоқтығына 
қатысы еді. Ұлы көп адамның сөзі де салмақты, 
айбыны да артық саналған. Балалы болушылық 
қауымның мүддесіне қызмет ететін, үрім-бұтақ 
өсіретін, өзгелермен құдандалы болып, бедел, 
байлықты күшейтетін маңызды шарттылық, 
қажеттілік болып есептелген»[5, 101].
Жырда хандар мен бектердің берген бата
-
сын Тәңірі қабыл етеді, біріне ұл, біріне қыз 
сыйлайды. Бұл да көне сюжет, қазақтар үйге 
түскен қонақты қыдыр деп таныған, оған асын 
беріп құрметті қонақ етіп сыйлаған, кетерде 
жолаушыдан бата сұраған. Ер жетіп, елге тұтқа 
болатын есті баланы бір жағы сынау үшін, бір 
жағы ел ісіне араласа беруіне рұқсат алу үшін 
қасиетті абыз, шешендерге жіберіп сынату, 
оның батасын алу ырымы да айырықша маңызға 
ие болған. Ерте кездерден-ақ ел арасында 
«қырықтың бірі – қыдыр», «көп тілегі қабыл» 
деген секілді ырымдар сақталып қалған. Жалпы 
түркі жұрты ерте дәуірлерден-ақ ел басқарған 
хандарын Құдайдың жердегі көлеңкесі, қасиет 
қонған киелі адам деп түсінген. Оның қасында 
жүретін кеңесшісі әрі ақылгөй абыздарды да 
тылсым күшпен байланысы бар, келешекті бол
-
жайтын құдірет иесі деген түсінік қалыптасқан. 
Қобыз тартып тылсым күшпен байланыс орна
-
татын абыздар Тәңірі мен адамдар арасындағы 
елші, хабар әкелуші миссиясын орындайтын 
болған. Сондықтан да абыздан бата сұрау, әрбір 
істі бастамас бұрын абыздың рұқсатын алу 
қасиетті іс деп саналған. Ел абызды, жырауды 
қастерлеу салты болған, бұл әсіресе «Қорқыт 
ата кітабында» жақсы көрініс тапқан. Қобыздың 
ерекше киесі турасында Ә.Қоңыратбаев мы
-
надай тұжырым жасайды: «Енді бір аңызда 
ат бәйгесіне қыз тігілгенде, Қорқыт қобызын 
қосып, қыз жеңіп алған екен делінеді. Бақсылар, 
жыраулар қобызбен сарнағанда, дауыл тұрып, 
алты қанат үй шайқалыпты. Осындай жыр, күй 
әруағы бар адамдарға қонады дейтін әңгімелер 
ел аузында көп. Ондай аңыздар әрбір күйші, 
жырау, ақын жөнінде айтылады. Ертеде музы
-
ка, поэзия культі діннен күшті болған. Мысалы, 
Қорқыт жырларында батырлар жауға тиер кез
-
де қобыз ойналған. Жау қолына түскен Бәмсі-
Байрақ (Алпамыс) өзін іздеп келген оғыз батыр
-
ларын қобызынан таниды»[6, 447-448].
«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек тура
-
лы жырдағы» көнеден сақталған ырымның 
бірі – әлі дүниеге келмеген балаларды бір-
біріне атастыру салтының ұшырасуы. Бұл 
салт қазақтың ғашықтық дастандары мен 
ертегілерінде жиі ұшырасады. Ертегілердегі әлі 
дүниеге келмеген баламен қыздың құдаласуы 
жырдағыдан өзгешелеу. Ертегідегі құдаласу 
көбіне мифтік түсініктен әлі ажырай қоймаған 
күйінде кездеседі. Мұнда тылсымды дүние, 
аң не құс бейнесіндегі құдасы келіп болашақ 
перзентіне ортақтастырар болса ғана оның жа
-
нын қиятынын, не ісін алға жылжытатынын 
айтады. Мысалы «Қарға Шаһизат» ертегісінде 
перзентсіз жүрген дәулетті байдың үш әйелінен 
де бала болмайды. Кедейдің қызына құда түсіп 
төртінші әйел алғанда, қыз бір күні жүкті бо
-
лады. Бай перзенті дүниеге келгенше кеме жа
-
сатып, дүниені кезбекші болады. Кемені суға 
түсірмек болғанда бір қарға келіп кедергі жа
-
сап, суға түсірмей қояды. Қарға «балаңа ортақ 
қылсаң ғана кемені суға салдырам» дейді. Бай 
келіседі. Ер жеткен бала кейін Қарға Шеризат 
ханның елін іздеп барып, оның қойған түрлі сы
-
нынан өтіп оның кенже қызын алады. Өзі сол 
жерге хан болады да мұратына жетеді[7].
Ал, жырда сәл басқаша, құдаласу салты 


80
Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(68). 2014
«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы жырдағы» көне түркі мифологиясы
баласыздық зарын тартып жүрген екі байдың 
кездесуінен басталады. Соның бірі «Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу» жырында аңшылықта 
жүріп танысқан Сарыбай мен Қарабай тамыр 
болуға келісіп өзара белқұда болады. Егер 
бәйбішесі ұл не қыз туса бір-біріне атастыру 
арқылы үйлендіріп, құда болуға шарттасады. 
Мұндай көне ырым «Таһир – Зуһра» даста
-
нында да ұшырасады. Осындай ұқсастықтарға 
тоқтала келе М.Әуезов мұндай ежеқабыл салты
-
на қарап, оны көне дәуірдің дәстүрі екендігін әлі 
де зерттей түсу қажеттілігін айтады, ондай жыр
-
ларды ерте дәуірлерде туған жырдың қатарына 
қосады. Ғалым ол турасында ойын былайша 
сабақтайды: «Жалпы «Қозы Көрпеш» әңгімесін 
ендігі тексеру, зерттеуде «Алпамыс» жыры
-
мен де көп жағдайда ұқсастығы бар екенін, мол 
екенін және де ескерту керек. Бәйбөрі мен Бай
-
сары да қартайған шақтарына шейін перзент 
көрмеген, балаға зар аталар болады. Екеуінен 
туған ұл мен қызды Қарабай, Сарыбайша олар 
да ерте күнде ежеқабылмен атастырады. Кейін 
қыз әкесі, Қарабай сияқтанып, ұзаққа көшіп 
кетеді. Есі кірген ұл – Алпамыс жыраққа кет
-
кен жарын жалғыз іздеп, жалғыздық тартыста 
жүріп, ғашық жарын табады. Бұл жайлар «Қозы 
Көрпеш – Баянның» көп оқиғалық тартыстарын 
еске түсіріп тұрғаны даусыз. «Қозы Көрпеш» 
қазақтың ескі бағзы заман болмысын, санасын, 
салтын баян ететін жырды бұдан да арырақ 
дәуірлердің қисынға келетін жыр, аңыздарымен 
салғастыра тексеру теріс болмайды. Сонда ескі 
оғыздар эпосы болып саналатын «Ата Қорқыт» 
кітабы («Китаби Дәдәм Қорқуд») әңгімелерінің 
тобымен де шендестіре салғыластыруға келетін 
жайлар бар.
Мысалы, «Дерсехан ұлы Бұғашхан» әңгімесі 
де Байбөрі, Байсары сияқты Қарабай, Сарыбай 
сияқты перзентсіз, тұрғылас кәрілердің зар-
шерінен басталады. Сол оғыз дастандарының 
жинағы болған «Ата Қорқыт» кітабында тағы бір 
еске алуға тұратын аңыз дастан бар. Ол «Бамсы-
Бәйрек» әңгімесі. Бұл дастанның көп оқиғасы, 
тартысы «Алпамысқа» ұқсап келеді. Алпамысқа 
ұқсас тағы бір бала оқиғалары «Қозыға» да 
ұқсап кетуі ғажап емес. Ал «Бамсы-Бәйрек», 
«Алпамыс» әңгімелері алтайлықтардың «Алып 
– Манаш» деген дастанына тағы да ұқсайды. 
Бұл айтылып отырған жайлардың бәрі тегінде 
«Қозы Көрпеш» тәрізді қазақтың ең көрнекті, 
көп түрлі дастанын, ғашықтық жырын бір ғана 
қазақтағы варианттарын салыстырып тексеру
-
мен қанағаттану керек емес екенін аңғартады»[8, 
63-64].
Жырдағы ең көне сюжеттер қатарына 
Бамсы-Бәйректің Бану-Шешекпен танысын 
жатқызуға болар еді. Қыз өзін іздеп келген 
жігіттің бесіктен атастырған күйеуі екенін 
білген соң, өзін алу үшін үш шарт қояды. 
Бірінші екеуі ат жарыстырады, екінші мергендік 
сайысына түседі. Соңында екеуі күреске түседі. 
Көне жырлардың көбінде өзімен сайысқа түскен 
қыздың күші жігіттен басым болып көрінеді. 
Бұл матриархат дәуірінің сарқыншағы болса 
керек. Бамсы-Бәйрек қызбен күреске түседі: 
«Байрақ атынан түсіп, екеуі белдесіп күресе ба
-
стады. Күрес екі батырдың жекпе-жегінен кем 
болмады. Біресе Байрақ, біресе қыз бірін-бірі 
тулап көтеріп, жықпақ болды. Байрақ әлсіреп: 
«Егер бұл қыздан жығылсам, оғыз еліндегі 
барлық жұрт мені мазақтап күлер», – деп ой
-
лады да, қыз белбеуін бұрай ұстап, аш белінен 
қапсыра құшақтап алып, төсін тиістіріп жоғары 
көтеріп, шалқасынан салып, жықты»,– дейді 
жырда. Қырғыздардың атақты «Манас» жырын
-
да да ешбір батыр оған тең келмейтін Манастың 
өзі қызбен болған күресте қыздан жеңіліп қала 
жаздайды: «Аса қызықты эпизодтың бірі көп ел 
жиналған ат жарыс, палуан сайыс көріністері. 
Осында қалмақтың Сайқал деген палуан 
қызымен сайысуға қырғызда ешкім беттемей, 
Манастың өзі шығады, бір-бірін жеңісе ал
-
майды, қайта кей мезетте қыз басымдау түсіп, 
Ақбалтаның Шуағы дер кезінде көмекке кел
-
мегенде Манас жеңіліп қала жаздайды...Сайқал 
қызбен сайысының сәтсіз басталғанына на
-
мыстанып, Манас «бас байладым өлімге, шаш 
байладым өруге» деп жекпе-жек сұрап қасарып 
тұрып алады, қалмақ қызы сескеніп, жылысып 
кеткеннен кейін ғана ашуы басылғандай бола
-
ды»[9, 21]. 
Қызбен күресу салты түркі жұртында ер
-
теден болған. Ислам діні тараған соң Әзірет 
Әлінің Дариға қызбен күресуі туралы қиссаның 
шығуы да осы Орталық Азияда өмір сүрген 
түркі халқының дәстүрімен байланысты 
шыққан болуы мүмкін. Көне скифтерде ер бала 
үйлену үшін алдымен жауға шауып, өзінің ерлік 
ісімен танылуы қажет болған. Мұндай дәстүр 


81
ISSN 1563-00226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2(68). 2014
Б.С. Әбжет, З. Йылдырым
Скифтер даласында өмір сүрген амазонкаларда 
да болғандығы турасында кезінде Геродот та 
жазған болатын. Онда былай дейді: «117. Сав
-
роматы говорят по-скифски, но исстари непра
-
вильно, так как амазонки плохо усвоили этот 
язык. Что касается брачных обычаев, то они вот 
какие: девушка не выходит замуж, пока не убьет 
врага. Некоторые умирают старухами, так и не 
выйдя замуж, потому что не в состоянии выпол
-
нить обычай»[10, 245].
Жырда Бану-Шешекті алуға, оған құда 
түсіп, Бамсы-Бәйрекке қызды айттырып алуға 
ел ағасы Қорқытты жібереді. Қыздың ағасы 
қарындасын сұраған Қорқытқа ашуланып оны 
қылышымен шауып тастамақ болады. Қорқыт 
атқа мініп қашады, артынан жетіп қалған қыз 
ағасы оны шаппақ болғанда, жоғары көтерген 
қолы кереметтің күшімен қарысып қалады. 
Қорқыттың тегін адам емесін білген ағасы қолын 
жазып берсе қарындасын беруге уәде етеді. 
Бұған ұқсас оқиға «Қобылан» атты қарақалпақ 
жырында да бар. Жырдың басты кейіпкері өз 
қалыңдығын алу жолында Алаңғасар Алып 
дәумен соғысып, оны жеңеді. Қараман атты 
Құртқаның ағасы ол кезде Қап тауында бола
-
ды, егер ол елде болса қарындасы Құртқаны 
Қобланға бермейтіндігі айтылады. Демек екі 
жырда да қыздың ағасының өз қарындасын 
күйеуге бермейтіндігі сөз болады. Қызды ұзатар 
кезде қарындасын қимаушылық, қызды алып 
кетпек болған кезде құдалармен ұрыс-төбелес 
шығару секілді жоралғылар ерте кезде қатты 
болған. Мұндай жора-жосын тек түркілерде ғана 
емес көптеген әлем халықтарында болған, жыр
-
да осы көне жосынның іздері сақталған. Мұндай 
жосын жайлы кезінде Б.Уахатов та айтқан бо
-
ладын: «Мұны ғылым тілінде оргиа мерекесі 
дейді. Міне, сол оргиа мерекесі дүниежүзі 
халықтарының көбінде бар. Және күні бүгінге 
дейін бұл үйлену салтының бір жора-жосыны 
ретінде сақталып қалған. Мысалы, күйеу жігітке 
иә оның қасына еріп келген күйеу жолдастары
-
на көрмегенді көрсетіп, адам шыдамас кәделер 
жасау көне герман, ескі араб, үнді, коми, черкес, 
қалмақ, моңғол, тибет, коряк, ительмен секілді 
толып жатқан елдердің салтында әлі күнге дейін 
бар»[2, 63].
Кез-келген халықтың бұрыннан бері 
сақталып келе жатқан және әлі күнге шейін 
қатаң ұстанатын жоралғысына құдалық, 
той беру, өлік жөнелту секілді ғұрыптық 
дәстүрлерін жатқызуға болады. Бұл ғасырдан 
ғасырға жалғасып келе жатқан халықтың 
қастерлі дүниелері. Сондықтан да ертегі бол
-
сын, эпос пен лиро-эпос жырларының ақыры 
көбіне ұлан-асыр той берумен аяқталып жата
-
ды. Осы жырдың концовкасында орын алатын 
тойдың ерекшелігіне қарай оның дәуірін ажы
-
ратып алуға болады. Мысалы, «Қорқыт ата 
жырындағы» Бамсы-Бәйрек біраз жыл жаудың 
қамауында отырып шыққан соң өз еліне орала
-
ды да өз тойының үстінен түседі. Өзі жоқта әкесі 
мен шешесін жалпы туыстарын құлдыққа салып, 
әйелін некелеп алғалы істеп жатқан той болып 
шығады. Бұл секілді оқиға «Бамсы-Бәйрек», 
«Алпамыс» т.б. көне эпостарда жиі ұшырасатын 
көне мотивтерге жатады. Батырдың үйлену 
оқиғасын профессор Ш.Ыбыраев өзге сюжеттер
-
ге қарағанда әлдеқайда көне екендігін айтады: 
«Ғылыми деректерге жүгінер болсақ, батырдың 
үйлену сюжеті өзге оқиғалардан көнерек, әрі 
ол эпостан бұрын пайда болған миф, батырлық 
және қиял-ғажайып ертегіге де тән.
Сондай-ақ қаһарман елге оралғанда үйде 
қалған озбыр құл оның әйелін алмақ үшін жасап 
жатқан тойдың үстінен шығуы да көне тарихы 
бар сюжет.
Міне, мұның бәрі дәуірі бойынша тұтас- 
танбаған эпостың жалпы жыр шоғырына тән
өзгешеліктерді жеке-дара тұрып, өзінше қайта- 
лауы десек болғандай. Жырдың топтамасындағы 
өмірбаяндық тәртіппен баяндалатын бірнеше 
батырға тиесілі әрекеттер мұнда бір адамның 
өмірбаяндық жолына, бір эпостың ішіне 
шоғырланған»[3, 189].
Біз сөз еткен «Қорқыт ата кітабында» айты
-
латын «Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы 
жырдағы» оқиғаны баяндау барысында исламға 
дейінгі түркі халықтарының көне эпосынан 
орын алған байырғы мифтік және ертегілік 
сюжеттеріне арнайы тоқталдық. Жыр ислам діні 
орнығып, мұсылманшылықты толық бойына 
сіңірген тұста қағаз бетіне түсірілген, ел аузын
-
да айтылып келген оғыз жырлары ендігі кезек
-
те жазба әдебиетке, шығыстық жазба дастан 
үлгісі қарқын алып дами бастаған тұста хатқа 
түсірілгені белгілі. Соның өзінде бұл кітапта 
байырғы оғыз халықтарының исламға дейінгі 
көне наным-сенімдері жақсы сақталғандығының 
куәсі боламыз. 


82
Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(68). 2014
«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы жырдағы» көне түркі мифологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет