© 2014 Аl-Farabi
Kazakh National University
ӘОЖ 398.2
1
Б.С. Әбжет
*
,
2
З. Йылдырым
1
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, филол.ғ.к., доцент,
Қазақстан, Түркістан қ.
2
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, магистрант, Қазақстан, Түркістан қ.
*
e-mail: abjet_71@mail.ru
«Байбөрі баласы Бамсы-Бәйрек туралы жырдағы» көне түркі мифологиясы
Мақалада «Қорқыт ата кітабында» айтылатын жырларының ішіндегі Бамсы-Бәйрекке қатысты жырда орын
алған оғыз тайпаларының көне наным-сенімдері мен байырғы түркі халықтарының мифтік элементтері және
шамандық нанымындарына байланысты дүниеге келген көне сюжеттер арнайы қарастырылады.
Көне дәуірлерден бері сақталған байырғы түркі халықтарының нанымдары мен әлемнің жаратылысы тура
-
сында дүниеге келтірген мифтік түсініктері жақсы сақталған, кітап кейінірек исламдық құндылықтарды
қабылдаған кезеңде хатқа түскенімен жырдың бойында ескі нанымдар көп өзгеріске ұшырамағандығы зерттеу
нысанына айналады.
Түйін сөздер:
Қорқыт ата, миф, оғыз, түрік, сюжет, мотив, үйлену, наным-сенім.
Б.С. Абжет, З. Йылдырым
Древне тюркская мифология в былине о сыне Байбори Бамсы-Байрек
В статье рассматрываются древние сюжеты шаманских верований и мифических элементов тюркских народов
и древние верования огузских племен которые имели в эпосах, охвативших Бамсы-Байрек по «Книге моего
деда Коркута».
Ключовые слова:
Деде Коркут, миф, огуз, турк, сюжет, мотив, свадьба, обряды
B.S. Abzhet, Z. Yildirim
Ancient Turkic mythology epic about his son Baybori Bamsу-Bayrek
In the article the ancient plots of shamanistic beliefs and mythical elements of Turkic people and ancient beliefs of Oguz
tribes are examined that had in an epos, overcoming Bamsy-Bairek on "Book of my grandfather Korkut".
Key words:
Dede Korkut, myth, Oguz, Turk, plot, motive, wedding, ritual.
«Қорқыт Ата»
кітабындағы жырлардың
құрамы байырғы мифтік сенімнің аясынан
шыға қоймаған, исламға дейінгі түркілер
ұстанған наным-сенімдердің
көріністері жақсы
сақталғандығымен де ерекшеленеді. Жыр
жанрының түркі халықтарда ерте кездерден
бастап қалыптасқаны анық. Кейінірек Қорқыт
өмір сүрген
дәуірде көптеген жырлардың
Қорқыт маңайына топтаса бастағандығы
байқалады. Жырлардың бұлайша топтаса баста
-
уы кейінгі дәуірлерде де болған. Ол турасында
М.Әуезов былай дейді: «Ескілікті әңгімелердің
бірсыпырасы белгілі бір хан мен патша немесе
бір белгілі, асқан бидің айналасына жиналған бо
-
лады. Ескілік әңгімелерін кейде бір үлкен тари
-
хи дәуірге әкеп те жиып қояды. Орыс жұртының
ескіліктегі батырлар әңгімесінің барлығы
«Қызыл күндей Владимирдің»
айналасына
жиналған. Араб жұртының ескіліктегі әңгіме,
ертегісінің көбі Арон Рашит патшаның айна
-