1-БӨлім «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгілеңіз



Дата07.02.2022
өлшемі17,34 Kb.
#88313
Байланысты:
8-сынып.Әдебиет.ТЖБ 1-тоқсан (1)



8-сынып. «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.
1-БӨЛІМ
1. «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» төмендегі жырлардың қайсысымен мазмұндас екенін белгілеңіз.
А) «Манас» жыры
В) «Ер Тарғын» жыры
С) «Алпамыс батыр» жыры
D) «Қобыланды батыр» жыры [1]
2. Ахмет Йассауидың «Даналық кітабындағы» тарихаттың мәнін анықтаңыз.
А) Мұсылмандық жолы
В) Құдайға құлшылық ету
С) Ғылым-білім
D) Сопылық ілімнің негізі [1]
3. А.Йассауи сақтандырған 5 нәрсенің бірі –
А) Тәкаппар болма
В) Мал табуға асықпа
С) Ұмытшақ болма
D) Дүние-мүлікті сатпа [1]
4. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген нақылға Ақтамберді жыраудың «Балаларға өсиетіндегі» қай жолдары сәйкес келеді?
А) Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп әркім тегінді.
В) Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке.
С) Әркім өзі талпынбақ,
Басына бітер бағы үшін.
D) Араз болсаң алты ауыз,
Еліңе кірген әреке. [1]
5. Шалкиіз ақын мықты батырларға ғана лайық сөзді қай жолдарда қолданды?
А) Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!
В) Сен - алтынсың, мен - пұлмын,
Сен - жібексің, мен - жүнмін,
С) Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа.
D) Алп, алп басқан, алп басқан
Арабы торым өзіңсің. [1]

2-БӨЛІМ
7. Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауындағы» мына жолдарды қолдана отырып, автор туралы пікіріңізді білдіріңіз. Сен - алтынсың, мен - пұлмын, Сен - жібексің, мен - жүнмін, Сен - сұлтансың, мен - құлмын, Сен - сұңқарсың, мен - қумын, Жемсауыңа келгенде, Сұлтан ием, сом жүрегім аяман! Саған дұспан - маған жау, Керекті күні алдында Ғазизленген сұлтан жаным аяман!! ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ [3] 8. Ор қояндай жүгінтіп, Аш күзендей бүгілтіп, Жолбарыстай шұбарды Таңдап мінер ме екеміз?! Сол шұбарға мінген соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз?! Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар ма екеміз?! – деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талдаңыз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ [2]
3-БӨЛІМ 9. «Жыраулар сөзі – тарих шежіресі» тақырыбында эссе жазыңыз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ [5]

Балл қою тізімі:



  1. 1

  2. 1

  3. 1

  4. 1

  5. 1

  6. Үзіндінің мағынасын түсінеді,өз ойымен байланыстырып талдайды; 1

  7. Өзіндік тұжырым жасайды; автор бейнесін анықтап, талдайды 1

  8. Кейіпкермен қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды; 1

  9. Өз пікірін білдіреді, автор бейнесін талдайды; 1

  10. Берілген өлең жолдары арқылы автор бейнесін анықтайды; 1

  11. Өз пікірін жеткізеді. 1

  12. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды; 1

  13. Эссе жазады; 1

  14. Өзіндік көзқарасын, ой-пікірін танытады; 1

  15. Логикалық қорытынды жасайды; 1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет