34
Информатикадан факультативтік сабактарды ӛткізудің мҥмкін болатын
тҥрлерінің бірі әрбір сабақты екі бӛлімге бӛлу болып табылады. Бірінші
бӛлім жаға материалды оқу мен теориялық және практикалық сипаттағы
тапсырмалар бойынша оқушылардың ӛз бетімен жҧмыстарына арналады.
Сабақтың бҧл бӛлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның
қосымшаларын оқу бойынша ҥй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың екінші
бӛлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және ерекше қиын немесе
қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады. Факультативтік
сабақтарды ӛткізудің бҧл тҥрі мектептегі оқытудың тҥрлері мен тәсілдерін
ойдағыдай ӛтуге септігін тигізеді.
Олимпиадалар.
Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында
алға қойған мақсатқа жетудегі табандылықты, ӛз бетімен жҧмыс істеу әдетін
қалыптастыру мақсатында олимпиадалар ӛткізіледі. Информатикадан
олимпиадалар сыныптан тыс жҧмыстың бҥтіндей бір кешеннің (дәрістер,
кештер, ҥйірме жҧмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі болғанда кӛп пайда
келтіріледі. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жҧмыстың
қорытындысы ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жҧмысты кең жолға
қоюдың тамаша ынталандырмасы. Олимпида – оқушыларды білім жағынан
ӛсуге ынталандыратын, олардың бойында информатикаға қызығушылықты,
табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Достарыңызбен бөлісу: