Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


STEM білім берудің артықшылықтары



Pdf көрінісі
бет44/93
Дата13.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#157950
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93
STEM білім берудің артықшылықтары: 
Пәндер бойынша емес, "тақырыптар" бойынша біріктірілген оқыту 
STEM-оқыту пәнаралық және жобалық тәсілдемені қамтиды. Оның 
негізі - жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік шығармашылық 
және математиканы кіріктіру. Осы аталған пәндерді басқа пәндермен 
байланыссыз жеке оқытудан бас тарту оқу бағдарламаларының ерекшелігі 
болып табылады. 
Ғылымды, технологияны, инженерлік шығармашылықты және 
математиканы кіріктіріп оқыту ӛте маңызды, себебі бҧл салалар тәжірибеде 
ӛзара тығыз байланысты. 
Ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қолдану
STEM-білім беру практикалық сабақтардың кӛмегімен балаларға 
ғылыми-техникалық білімді шынайы ӛмірде қалай қолдану керектігін 
кӛрсетеді. Әр сабақта олар заманауи индустрия ӛнімдерін қҧрастырып 
дайындайды және дамытады. Олар нақты бір жобаны зерделейді, 
нәтижесінде шынайы ӛнімнің тҥптқрпатын ӛз қолымен жасап шығарады. 
Мысалы, зымыранды қҧрастыру арқылы жас инженерлер инженерлік 
дизайн ҥдерісі, іске қосу бҧрышы, қысым, тартылыс кҥші, ҥйкеліс кҥші, 
траектория және координаталар осьтері сияқты тҥсініктермен танысады. 
Сын тұрғысынан ойлау және проблемалардың шешу дағдыларын 
дамыту
STEM бағдарламалары балалардың сын тҧрғысынан ойлау және ӛмірде 
кездесуі мҥмкін қиындықтарды жеңуі ҥшін проблемалардың шешімін табу 
дағдыларын дамытады. Мысалы, оқушылар жылдам жҥретін кӛліктерді 
қҧрастырады, кейін оларды сынақтан ӛткізеді. Алғашқы сынақтан кейін, олар 
ӛз кӛлігінің неліктен мәреге жетпегені туралы ойланады және оның себебін 
анықтайды. Мҥмкін оған алдыңғы бӛлігінің дизайны, дӛңгелектердің 
арақашықтығы, аэродинамика немесе іске қосу кҥш әсер еткен шығар? Әр 
сынақтан (тексеру) кейін олар алға қойған мақсатына жету ҥшін ӛз дизайнын 
жетілдіре тҥседі. 
Ӛз кҥшіне деген сенімділікті арттыру. Балалар әртҥрлі ӛнімдер жасап, 
кӛпірлер мен жолдар салып, аэропландар мен кӛліктерді іске қосып, роботтар 


72 
мен электрондық ойындарды сынамалап (тексеріп), ӛздерінің су асты және 
әуе конструкцияларын әзірлей отырып мақсатқа жақындай береді. Олар ӛз 
ӛнімін жетілдіру және сынақтан ӛткізу, тағы да жақсарту және қайтадан 
сынау арқылы жетілдіреді.
Оқушылар барлық проблемаларды ӛз кҥшімен шешу арқылы, ақыры ӛз 
мақсатына жетеді. Балалар ҥшін бҧл – қуаныш, шабыт, жеңіс. Әр жеңістен 
кейін олар ӛз кҥшіне одан сайын сенімді бола тҥседі.
Белсенді коммуникация және командалық жұмыс 
STEM бағдарламалары сондай-ақ белсенді коммуникациямен және 
командалық жҧмыспен ерекшеленеді. Талқылау сатысында пікірталастар мен 
ӛз пікірлерін айтуға арналған еркін орта қҧрылады. Олар ӛздерін 
соншалықты еркін сезінеді, тіпті ӛздерінің кез келген пікірін айтудан 
қорықпай, сӛйлеуді және таныстырылым жасауды ҥйренеді. Уақыттың кӛп 
бӛлігін балалар партада отырып емес, ӛз конструкцияларын сынау және 
дамытумен ӛткізеді. Олар ҥнемі нҧсқаушылармен және командадағы ӛз 
достарымен сӛйлеседі. Балалар ҥдеріске белсенді тҥрде қатысқанда сабақты 
есінде жақсы сақтайды.
Техникалық пәндерге деген қызығушылықты дамыту 
Бастауыш 
мектептегі 
STEM-оқытудың 
міндеті 
оқушылардың 
жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндерге деген қызығушылығын 
дамытуға арналған бастапқы жағдай жасау болып табылады. Ӛзінің істеген 
жҧмысын жақсы кӛруі оның қызығушылығын дамытудың негізі болып 
табылады.
STEM-сабақтары ӛте кӛңілді және серпінді болып келеді, сондықтан 
балалар жалықпайды. Олар сабақта уақыттың қалай ӛтіп жатқанын 
байқамайды және мҥлдем шаршамайды. Зымырандар, кӛліктер, кӛпірлер, 
зәулім ҥйлер сала отырып, ӛздерінің электрондық ойындарын, фабрикалар, 
логистикалық желілер мен сҥңгуір қайықтарды қҧрастыра отырып, олар 
ғылым мен техникаға кӛбірек қызығушылық таныта бастайды.
Жоба дайындауда қолданатын креативті және инновациялық 
тәсілдемелер 
STEM-оқыту алты кезеңнен тҧрады: мәселе (міндет), талқылау, дизайн, 
жасау/қҧрастыру, сынықтан ӛткізу және жетілдіру. Бҧл кезеңдер жҥйелі 
жобалық тәсілдеменің негізі болып табылады. Әртҥрлі мҥмкіндіктердің 
барлығын қатар немесе біріктіріп пайдалану ӛз кезегінде креативтілік пен 
инновациялардың негізі болып табылады. Осылайша, ғылым мен 
технологияны бір уақытта зерделеу мен қолдану арқылы кӛптеген жаңа 
инновациялық жобаларды қҧруға болады. Кӛркемӛнер мен архитектура қатар 
ӛмір сҥрудің керемет мысалы. 
Оқыту және кәсіптік өсу 
Әртҥрлі мамандықтардың қажеттілігінің ӛсу деңгейін талдайтын 
кӛптеген басылымдар бар.
Әртҥрлі болжамды бағалаулар бойынша жоғары сҧранысқа ие 10 
мамандықтың 9-ы STEM-білімді талап ететін болады. Оның ішінде, 2018 


73 
жылға дейін химик-инженер, «software» әзірлеуші, мҧнай инженері, 
компьютер желілерінің сарапшысы, механик-инженер, қҧрылысшы-
инженері, робот техниктері, ядролық медицина инженері, су асты 
қҧрылыстарының архитекторы және әуеғарыш инженері мамандықтарына 
деген сҧраныстың ӛсетінін болжайды. 
Балаларды өмірдің технологиялық инновацияларына дайындау 
STEM-бағдарламалар балаларды технологиялық жағынан дамыған 
әлемге де дайындайды. Соңғы 60 жылда технологиялар қатты дамыды: 
Интернеттің (1960), GPS технологиясының ашылуынан (1978) ДНҚ 
сканерлеу (1984) мен IPod-қа (2001) дейін. Бҥгінде адамдардың барлығы 
дерлік IPhone мен ӛзге де смартфондарды пайдаланады. Бҥгінгі кҥні әлемді 
технологиясыз елестету мҥмкін емес. Бҧл технологиялық даму жалғаса 
береді және STEM-дағдылар осы дамудың негізі болып табылады деген сӛз.
STEM мектеп бағдарламасына қосымша ретінде
7-14 жастағы мектеп оқушыларына арналған STEM-бағдарламалары 
олардың мектептегі сабақтарына деген қызығушылығын арттыруды кӛздейді. 
Мысалы, физика сабақтарында оқушылар жердің тартылыс кҥшін ӛтеді, 
тақтаға формулаларды жазып тҥсіндіреді, ал STEM-ҥйірмелерінде олар 
парашют, зымыран немесе аэропландар қҧрастырып, оларды іске қосу 
арқылы ӛз білімін бекіте алады. Мектеп оқушылары ҥшін олар кӛрмейтін 
немесе естілмейтін терминдерді тҥсіну кейде қиынға соғады. Мысалы, 
температураның жоғарылауы себебінен болатын қысым немесе кӛлемнің 
артуы. STEM-сабақтарда олар қызықты эксперименттер жасау арқылып, бҧл 
терминдерді оңай тҥсіне алады. Сондықтан да АҚШ-тағы орта мектептер 
STEM-орталықтарымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.
Мектепке STEM-білім беруді енгізу алдағы уақытта жақсы 
инженерлерді дайындау мәселесінің шешімін табуға ықпал етеді деп 
кҥтіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет