Байкенова Нұрсұлу Қазбекқызы
Петропавл қаласы
Бірінші қалалық жалпы білім беретін лицей
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Онлайн режимінде өткізілген ашық сабақтың үлгісі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның кен орындары. Сан есім.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан жері, сан есім туралы алған білімдерін тиянақтау, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, кең-байтақ жеріміздің байлықтары, жетістіктері жөнінде оқушылардың білімін толықтыру.
Міндеттері: оқушылардың танымдық қабілетін, тілін, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, туған жер табиғатын аялап, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, аударма, проблемалық іздендіру, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: жағрапия, тарих, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, компьютер, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, кезекшімен сұхбат. Сабақтың тақырыбын, мақсатын
түсіндіру.
Сабақтың ұраны: Бір – биікке жетелер білім,
Екі – еркіндік алған елім,
Үш – үлгіге үйретер үйім,
Төрт – татулығы жарасқан тірлік,
Бес – бақыттың бастауы бірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап арқылы кластер құру.
1.Ақмола облысы еліміздің қай жерінде орналасқан?
2.Облыс қай жылы құрылды?
3.Ақмола облысының аумағы қандай?
4.Ірі өзендерін атаңыздар.
5.Қай жылдан бастап Ақмола облысының орталығы еліміздің астанасы болды?
12 жыл ішінде елімізде көптеген өзгерістер болып, Астана әлемдегі әсем қалалардың біріне айналды. ( Слайдтар бойынша әңгімелеу)
6. «Ақмола облысы» мәтіні бойынша сан есімнің мағынасына қарай бөлінетін түрлерін
қайталайық.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Не сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар- менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам, - деп ақын М.Мақатаев жырлағандай, біздің бүгінгі
сабақтың тақырыбы : «Қазақстанның кен байлықтары».
1).Сахналық көрініс.
- Сыныпқа Қаныш кіреді. Қолында қапшық.
- Мынау сенің қапшығың ба?
- Суретті өзің салдың ба, Қаныш?
- Тастарды қайдан жинап әкелдің?- деп достары жан-жақтан сұрақ қойды.
- Баянауылдан, жолда Екібастұз өндірісіне соқтым, содан әкелдім,- деді Қаныш.
- Жарайсың, Қанышым! Мен сені әдебиетші, не ботаник болады деп жүрсем, сурет салуды,
пайдалы тастарды жинауды жақсы көреді екенсің. Құтты болсын, талабың!- деді мұғалім.
- Балалар, біз жаңа кім туралы көрініс көрдік?
- Қаныш Сәтбаев туралы. Ол – көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым ака-
демиясының Тұңғыш президенті, алғашқы академик, 640-тан астам ғылыми еңбек жазды.
- Ол нені зерттеген, қандай жаңалықтар ашқан?
- Еліміздің табиғат байлығын зерттеуші, Жезқазған мыс рудалы ауданын ашты.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қаныш Сәтбаев Қазақстандық металлургия мектебінің
негізін салушы, бүгінгі сабағымызда біз әр экономикалық аймақтарда орналасқан еліміздің
кен байлықтарымен танысамыз.
2) Сөздік жұмысы: қалайы, қорғасын, өнеркәсіп, көмір ошағы, жанармай.(Жаңа сөздермен
танысу)
3) Қазақстанның экономикалық аймақтары: Солтүстік аймақ, Оңтүстік аймақ, Батыс аймақ, Шығыс аймақ, Орталық аймақ. (слайд)
2-слайд. Солтүстік Қазақстан аймағы
А) Басты өнеркәсіп орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау
ә) Кен байлықтары: темір, асбест кен орындары, Соколов-Сарыбай темір рудасы.
б) астығы мол өлке
3-слайд. Оңтүстік Қазақстан аймағы.
А) Басты өнеркәсіп орталықтары: Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл.
ә) Кен байлықтары: мұнай, түсті металл.
б) жер асты кендері
4-слайд. Орталық Қазақстан аймағы.(Сарыарқа деп аталатын аймақ)
А) Басты өнеркәсіп орталықтары: Қарағанды, Жезқазған, (Ақмола, Павлодар облыстары-
ның біраз бөлігін қамтиды)
ә) Кен байлықтары: көмір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, темір, марганец, вольфрам, мо-
либден, мұнай, түсті металдар т.б.
б) жер асты кендері
5-слайд. Батыс Қазақстан аймағы.
А) Басты өнеркәсіп орталықтары: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ақтау.
ә) Кен байлықтары: мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары
б) жер асты кендері мол.
6-слайд. Шығыс Қазақстан аймағы.
А) Басты өнеркәсіп орталықтары: Өскемен, Семей, Алтай.
ә) Кен байлықтары: түсті металл, алтын, қорғасын, мырыш.
б) жер асты кендері.
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі, 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын
кен орындары ашылған.
ІV. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс (Сұрақ-жауап, 43- бет)
А) 4-тапсырма (жазбаша, 45-бет), сан есімдерді бөліп жазу.
Ә) Берілген кестелерді толтырыңдар: 1-ші үстел – Орталық аймақты, 2 – Солтүстік, 3 –
Оңтүстік, 4 – Батыс, 5 – Шығыс аймақты (компьютерде орындалады)
Б) Келесі тапсырма «Тапқыр аудармашы» деп аталады.(слайд)
Қаратау (свинец) береді, Алтайда (золото) өнеді,
(Медь) сыйлап Қарсақпай, бәрі байлық төгеді.
(Угольная база) – Қарағанды, Ақтауда нефть ағады,
(Железо) кені бар Қостанай, ешқашан артта қалмайды.
V. Сабақты қорыту. 1) Өзара сөйлесу (3-тапсырма, 43-бет), картадан көрсету.
Сонымен, пайдалы қазбалар қорының аумағы бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде
Хром рудасы және қорғасын өндіруден 1-ші орын; 2-ші орын – мұнай, күміс, марганец,
никель, фосфор шикі зат қоры; 3-ші орынды – газ, көмір, алтын, қолайы өндіруден алады.
Осындай орындар еліміздің байлығын дәлеледейді. Тәуелсіздік жылдары еліміз қандай
жетістіктерге жетті? Қандай жарқын өзгерістер болды?
Қазақстан бай мемелекет дегенді қалай түсінесіңдер?(ассоциация)
(ЕҚЫҰ-на төрелік етеді, ынтымақты ел, білімді адамдар, беделді Президент, БҰҰ-на
мүше, ОБСЕ-ге төрелік етеді, Азия ойындары)
Ендеше, «Жері байдың – елі бай» деген қорытынды жасап, сабағымызды аяқтаймыз.
VІ. Үй тапсырмасы: Өлең жаттау; Сан есім ережесін қайталау; ІІ деңгей (жазбаша)
Достарыңызбен бөлісу: |