Инфокоммуникация индустриясының инфрақұрылымдық рөлі және инфокоммуникациялық қызметтер өндірісінің желілік сипаты қызмет көрсету нарығында нақты бизнес әдістерін, мемлекеттік реттеу және экономикалық қатынастарды қолдануды қажет етеді.
Байланыс пен информатиканың конвергенциясы Байланыс пен информатиканың ұлттық экономикадағы рөлі олардың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға жатуымен анықталады. Байланыс – негізгі өмір сүруге, сондай-ақ адамдардың күнделікті бел-сенділігіне керек қызметтер, өндірушілер мен тұтынушыларға қызмет көрсететін сала, тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынуды байла-ныстырып, олардың тарату сфераларын кеңейтіп, экономикаға, басқару-ға, бизнестің дамуына және адамдардың әл-ауқатының жақсаруына белсенді әсер етеді. Информатика (ақпараттық технологиялар) секторы ақпаратты өңдеу, жинақтау және тарату, бағдарламалық өнімдер мен құралдарды құру, ақпараттық технологияларды дамыту бойынша қызметтер. Бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологияларды адамдардың өмірінде пайдалану тауарлар мен қызметтерді өндіруді басқару мен ұйымдастырудың тиімділігіне, білімге, мәдениетке және басқа да әлеуметтік аспектілерге айтарлықтай әсер етеді.