Байланыс қызметін көрсету туралы жария шарт Құрметті абоненттер!



Pdf көрінісі
Дата11.12.2019
өлшемі0,5 Mb.
#53411
Байланысты:
kaz.-publichnyy-dogovor-tele2


21.06.2005 жылғы АБА № 000950 лицензиясы 

 

Байланыс қызметін көрсету туралы жария шарт  

 

Құрметті абоненттер! 

 

Өзіңізге қажетті қызметтерді таңдаңыз, сонда біз олар туралы қуана отырып айтып береміз. Бағалары, 



мерзімдері және өзге шарттары tele2.kz, altel.kz сайттарында және біздің қызметтерімізді сатып алуға 

болатын  басқа  көздерде  толық  сипатталған.  Қызмет  көрсету  шарттарымен  аса  мұқият  танысып 

шығуыңызды  сұраймыз,  өйткені  олар  Шарттың  бір  бөлігі  болып  табылады.  Шартқа  және 

қызметтердің  талаптарына  оқтын-оқтын  өзгертулер  енгізіліп  отырады,  олардың  ең  маңыздылары 

туралы біз жеке ескертетін боламыз. 

 

Біздің  қызметтерімізді  пайдалануды  бастай  отырып,  сіз  олардың  талаптарымен  және  Шарттың 



барлық талаптарымен келісесіз. Келесі әдістердің бірі арқылы біздің абонент бола аласыз: 

1)  Оператор мен оның өкілдерінің сату нүктелерінде формулярға қол қою; 

2)  Оператордың сайттарында формулярды толтыру; 

3)  Операторға толтырылған формулярдың сканерленген көшірмесін жіберу; 

4)  SMS-хабарламалар жіберу; 

5)  Әлеуметтік желілер мен мессенджерде деректер ұсыну; 

6)  Оператордың бағдарламалық жасақтамасын пайдалану

7)  Оператормен анықталатын өзге әдістер. 

 

Білгеніңіз маңызды! 

Біз  қызметтерімізге  бәрінің  қол  жеткізуін  қамтамасыз  етуге  тырысамыз,  бірақ  кейде  бұл  –  бізге 

бағынбайтын себептермен мүмкін болмай жатады. Радиотолқындар арқауланған бетоннан жасалған 

ғиматтар  мен  металл  арқылы  нашар  өтеді  және  кедергілерді  айналып  өте  алмайды.  Кейде  жақын 

жерде біздің антенналар болмайды немесе олардың саны аз болып жатады, ал абоненттердің саны 

көп. Сондықтан, өзіңіз қызметтерді пайдаланғыңыз келетін жерде сигнал (қамту) деңгейін міндетті 

түрде тексеріңіз (

қамту картасы

).

 



 

Біз сіздің құрылғыларыңызды (телефондар, смартфондар, планшеттер, модемдер) бақылай алмаймыз, 

сондықтан да сізден, сіздің достарыңыздан және туыстарыңыздан өзіңізге қажет емес қызметтерді 

қоспауларыңызды сұраймыз. Бірақ мұндай жағдай орын алған болса, сіз әрдайым оларды ажырата 

аласыз (қосымша қызметтерді ажырату жөніндегі пәрмендерге сілтеме + мобильді қосымшалар мен 

жеке кабинетке сілтеме).

 

 

Өкінішке орай, үялы нөмір 



бізге тиесілі емес

, сондықтан біз оны пайдалану құқығын тек уақытша 

бере аламыз. 

  

Абонентердің өтініші бойынша немесе өзге себептермен біз кейде шарттарды өзгертеміз және бұл 



туралы әрдайым алдын ала ескертуге тырысамыз (

Байланыс қызметін көрсету ережелері

).

 



 

Егер 


сұрақтарыңыз

 болса, оларды мұнда қоюға (кері байланысқа сілтеме) болады, біз міндетті түрде 

оларға жауап беруге тырысамыз.

 

 



Болады және қажет  

Болмайды   

Байланыс қызметтерін адал ниетпен пайдалану, 

яғни қоңырау шалу, СМС жіберу, бейне көру, 

Интернетке кіру, достармен тілдесу 

Байланыс қызметтеріне қол жеткізуден басқа 

материалдық пайда табуға немесе өзге мақсаттарды 

көздеуге тырысу және 

алаяқтықпен

 айналысу 

Қызметтер мәселесі бойынша тәуліктің кез-

келген уақытында call–орталықтың 

операторларына қоңырау шалу 

Операторға хабарласқан кезде балағаттау, тіл тигізу, 

өзін әдепсіз және агресивті ұстау, жаман сөздер айту 

Қызметтердің ақысын уақытылы төлеу 

6 айдан артық уақыт бойы қызметтерді пайдаланбау 


 

Жария шартқа №1 қосымша 

1.1. Терминдер мен анықтамалар: 



Оператор – «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС 

Шарт – Оператордың Сайттары мен қосымшаларында орналастырылатын жария шарт 

Оператордың сайттары – tele2.kz, altel.kz 

Заң – «Байланыс» туралы ҚР Заңы 

Ережелер – Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелері 

Қызметтер – Шарт бойынша Оператор көрсететін немесе көрсетуі мүмкін қызметтер 

1.2.  Осы  Шартта  пайдаланылатын  барлық  өзге  терминдер  мен  анықтамалар  –  егер  оларға  бөлек 

мағыналар берілмеген болса, Заңға және Ережелерге сәйкес түсіндірілуі тиіс. 

 

2.  Жалпы қағидалар 

2.1. 

Шарт өз күшін барлық абоненттерге таратады және абонентпен бұрын жасалған мәмілелердің 



барлығын  алмастырады.  Заңды  тұлғалар  мен  абоненттердің  жекелеген  санаттары  үшін 

қосымша шарттар қаралуы мүмкін. 

 

2.2. 


Оператормен  Шартқа  енгізілетін  өзгертулер  –  Оператордың  Сайттарында  олардың 

жарияланған күнінен кейінгі күні күшіне енеді. 

 

2.3. 


Шартқа қосыла отырып және Қызметтерді пайдалана отырып, абонент келесіге өз келісімін 

ұсынады және растайды: 

1) 

тарифтердің,  тарифтік  жоспарлардың,  акциялардың  барлық  шарттары  және  абонент  қол 



жеткізетін Қызметтермен байланысты өзге шарттар; 

2) 


Шарттың барлық талаптары; 

3) 


Абоненттің дербес деректерін Оператордың және оның әріптестерінің жинауы, өңдеуі және 

табыстауы, соның ішінде Абонент және/немесе пайдаланушы туралы қызметтік ақпаратпен 

және Қызмет көрсету мақсатындағы олардың Қызметтерімен шектелместен.  

4) 


осындай  қажеттілік  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  жағдайда  және 

осындай мақсаттарда Оператордың желісі арқылы жарнамалық ақпарат алу мүмкіндігі.  

 

 

2.4. 



Шарттың  талаптарымен  келіспеген  жағдайда,  соның  ішінде  2.3  тармағын  қоса  алғанда, 

Абонент заңнамамен және Шартпен белгіленген тәртіпте өтініш беру жолымен Шартты бұзуы 

тиіс. Олай болмаған жағдайда, Қызметтерді пайдалануды жалғастыра отырып, Абонент Шарт 

пен Қызметтердің талаптарымен өзінің келісетінін растайды (конклюденттік әрекеттер). 

  

2.5. 


Қызметтер туралы ақпарат Оператордың Сайттарында, Оператордың және Оператор Өкілінің 

және (немесе) үшінші тұлғалардың сату және қызмет көрсету кеңселерінде орналастырылады 

және  (немесе)  Қысқа  мәтіндік  хабарламалар  жіберу  жолымен  хабарланады  және  (немесе) 

Оператордың  Қыметтері  туралы  жарнама  материалдарында  беріледі  және  (немесе) 

Оператордың ақпараттық-анықтамалық қызметімен ұсынылады. 

 

3.  Шектеулер, роуминг 

3.1. 

Желінің  жұмысқа  қабілеттілігін  және  барлық  Абоненттер  үшін  Қызметтерге  теңдей  қол 



жеткізу  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету  үшін,  сондай-ақ  жекелеген  тұлғалардың  басқа 

Абоненттерге және үшінші тұлғаларға залал келтіру әрекеттерінің салдарын барынша азайту 

үшін  Оператор  трафиктің  кейбір  түрлерін,  соның  ішінде  Peer-to-Peer  трафикті  (торрент-

жүктемелерді)  шектеуі  мүмкін,  сондай-ақ  пирингтік  файл  алмасу  желілері  (BitTorrent  және 

басқ.) пайдаланылған жағдайда желіге қол жеткізу жылдамдығын шектеуі мүмкін. Сондай-ақ 

байланыс  арналарына  түсетін  жүктемелерді  ретке  келтіру  үшін  Оператор  Қызметтердің 

техникалық  параметрлерін  өз  бетінше  реттеуі  мүмкін,  соның  ішінде  трафиктің  (дауыстық 

және интернет-трафиктің) әртүрлі басымдықтарын орнатуды қоса алғанда. 

 


3.2. 

Осы  Шарт  бойынша  Абонент  қол  жеткізетін қызметтер,  соның  ішінде  акцияларды,  арнайы 

ұсыныстарды, бонустарды қоса алғанда: 

1)  олардың  тікелей  тағайындалу  мақсатына  ғана  пайдаланыла  алады  –  дауыстық  деректер, 

хабарламалар беру және интернет-трафик; 

2)  заңнамада  және/немесе  Шарттың  талаптарында  көзделген  жағдайларда  Оператормен 

тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы мүмкін, соның ішінде Абонентпен жасалған Шарттың 

бұзылуын қоса алғанда, соның ішінде: 

-  call-орталықтарда,  сату  орталықтарында,  сервис  орталықтарында,  Абоненттік 

бөлімдерде, әлеуметтік желілерде және Оператор мен Абонент өзара әрекеттесетін 

өзге  жағдайларда/орындарда  Абоненттің  жалпыға  белгіленген  этикалық  тілдесу 

нормаларын бұзуы (соның ішінде Оператордың жұмыскерлері мен өкілдеріне жаман 

сөздер айту, қоқан-лоқы көрсету, тіл тигізу). 

-  Абоненттің  Шарт  бойынша  өз  құқықтарын  теріс  пайдалануы  (рұқсатсыз  жаппай 

SMS  таратылымдары,  лотереялар,  Қызметтерді  қайта  сату,  трафикті  имитациялау 

және генерациялу, нөмірлерді әдейі ауыстыру және т.б.) 

3)  Интернет желісіне қол жеткізу қызметін қоспағанда, тарифтік жоспарлардың, бонустардың, 

акциялардың  шарттарымен,  Оператор  тікелей  көздеген  және  жол  берген  жағдайларды 

қоспағанда,  Абонент  немесе  өзге  үшінші  тұлғалар  коммерциялық  мақсатта  (пайда  табу 

мақсатында) пайдалана алмайды; 

3.3. 

Роуминг барысында төлем роумингтік әріптестердің шарттарына сәйкес жүргізіледі, олармен 



Абонент өз бетінше танысып шығуы тиіс. Мұндай қызметтердің ақысын төлеуді Абонент осы 

Шарт  бойынша  таңдалған  төлем  әдісіне  сәйкес  жүзеге  асырады.  Көрсетілген  қызметтердің 

құнын есептеу – роумингтік әріптестерден ақпараттың келіп түсуіне қарай жүзеге асырылады. 

Роумингтік әріптестердің шарттарына қарай, роуминг-әріптестердің дербес шоттан қаражатты 

шығынға  жазу  жөніндегі  ақпараттың  келіп  түсуі  30  (отыз)  күнге  дейін  кешігуі  мүмкін. 

Абонент роуминг бойынша көрсетілген Қызметтердің құнын  - роуминг бойынша іс жүзінде 

көрсетілген қызметтер көлемінде төлеуге міндетті. 

 

4.  Абоненттің құқықтары 

Абоненттің келесі құқықтары бар: 

4.1. 


Шарттың талаптарына сәйкес Қызметтерді пайдалану; 

4.2. 


Абонент  үшін  қолжетімді  жоспарлардың  ішінен  тарифтік  жоспарды  таңдау,  осындай 

қызметтер  үшін  белгіленген  шарттарда  қосымша  ұялы  байланыс  қызметтерін  қосу  және 

ажырату; 

4.3. 


Абоненттерге  қызмет  көрсету  орындарында  Операторға  жазбаша  жүгінуді  ұсына  отырып, 

Оператормен жасалған Шартты бұзу; 

 

5.  Абоненттің міндеттері 

Абоненттің келесі міндеттері бар:  

5.1. 

Осы Шартқа және таңдалған есеп айырысу тәртібіне сай Оператормен белгіленген шарттар 



мен тарифтерге сәйкес Қызметтердің ақысын уақытылы төлеу;  

5.2. 


Тарифтермен және қызмет көрсетуге арналған өзге шарттармен танысу; 

5.3. 


Оператордың байланыс салондарына жүгінген кезде Абонент Оператордың өкілінің өтініші 

бойынша өзінің жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуға міндетті. Абонент Оператордың 

қызметіне  қатысы  жоқ  мәселелер  бойынша  бірнеше  рет  жүгінген  жағдайда  және/немесе 

Шарттың талаптарын бұзған жағдайда Абонентке Оператор Мамандарының күшімен қызмет 

көрсетуден бас тарту құқығын өз құзырында қалдырады; 

5.4. 


Операторға  Абонент  туралы  мәліметтерге  жатқызылған  дәйекті  деректерді  ұсыну,  соның 

ішінде Аты-жөні, ЖСН/БСН формулярында көрсетілетін және басқа деректерді қоса алғанда. 

Аталған деректер өзгерген жағдайда, бұл туралы Операторға – осындай өзгертулер орын алған 

сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде жазбаша түрде хабарлау;  

5.5. 

Үшінші  тұлғалардың,  соның  ішінде кәмелет  жасқа  толмағандардың  Абоненттік құрылғыға, 



Абонентті сәйкестендіру картасына және Қызметтермен байланысты басқа құрылғыларға қол 

жеткізуі  мен  пайдалануын  бақылау.  Абоненттік  нөмірді  басқа  тұлғалардың  пайдалануы  – 



Абонентті  осы  Шарт  талаптарының  орындалуы  мен  Ережелердің  бұзылуына  қатысты 

жауапкершіліктен босатпайды; 

5.6. 

Абоненттік  нөмір  үшінші  тұлғаға  табысталған  жағдайда,  іс  жүзінде  табысталған  күнінен 



бастап  3  (үш)  күүнтізбелік  күннен  кешіктірілмеген  мерзімде  Абоненттік  нөмірді  үшінші 

тұлғаның  атына  қайта  рәсімдеуге  келісімі  туралы  жазбаша  өтінішті  Операторға  ұсыну 

жолымен Абоненттік нөмірді міндетті қайта тіркеуді жүзеге асыруға міндетті.  

5.7. 


Келесі әрекеттерді  жасамау: 

1) 


Басқа абоненттерге Оператордың қызметін пайдалануына кедергі келтірмеу;  

2) 


Оператордың  желісін  пайдалана  отырып  басқа  абоненттерге,  үшінші  тұлғаларға 

жарнамалық, ақпараттық және басқа материалдардың SMS-таратылымдарын жасау;  

3) 

Кез-келген бағдарламаларға, дерек қорларына және Оператор желісінің бағдарламалық  



элементтерінің өзге құрамдас бөліктеріне өз бетінше және рұқсатсыз кіруді жүзеге асыру, сондай-ақ 

Оператор желісінің жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін кез-келген басқа әрекеттерді жасау;  

4) 

Кез-келген  коммутациялық  құрылғылар  арқылы  сигналдарды  тоналдық  теруді 



пайдалану жолымен кіріс немесе/шығыс қоңырауларын қайта бағыттауды пайдалану;  

5) 


Оператордың  желісі  арқылы  вирустары  немесе  өзге  зиянды  компоненттері  бар  кез-

келген ақпаратты немесе бағдарламалық жасақтаманы беру;  

6) 

Иесінің  немесе  заңды  құқық  иесінің  рұқсатынсыз  зияткерлік  меншік  құқығының 



нысаны  болып  табылатын  бағдарламалық  жасақтаманы  немесе  өзге  материалдарды  Оператордың 

желісімен немесе  кез-келген жолмен табыстау, қайта жаңғырту немесе тарату; 

7) 

Дауыстық  қоңырауларды,  интернет  сессияларын  жасауды,  қысқа  мәтіндік 



хабарламаларды  жіберуді  –  Оператордың  Қызметтерін  тікелей  тағайындалуы  бойынша  қолдану 

мақсатынсыз жүзеге асыру;   

8) 

Абоненттік  нөмірді  және/немесе  Қызметтерді  –  Оператордың  арнайы  рұқсатынсыз 



лотереялар,  дауыс  берулер,  конкурстар,  викториналар,  жарнамалар,  сауалнамалар,  жаппай  SMS-

таратылымдар жүргізу үшін, үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін көрсету үшін пайдалану;  

9) 

Оператормен  алдын  ала  келіспестен  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы 



талаптарын сақтамастан мобильді және (немесе) бекітілген байланыс желісіне,  IP-телефонияға қол 

жеткізу үшін Оператордың желісінен/оның желісіне трафик транзитін ұйымдастыру, соның ішінде 

шлюздер  орнату  жолымен,  соның  ішінде  Оператор  желісінің  немесе  басқа  желілердің  абоненттік 

нөміріне сыртқы IP немесе SIP трафикті коммутациялауға, я болмаса Интернет желісіндегі сыртқы 

IP/SIP серверлеріне кіріс телефон қосылыстарын коммутациялауға мүмкіндік беретін бағдарламалық 

жасақтаманы жүктеп алуды, орнатуды және/немесе өзге жолмен пайдалануды, қоса алғанда;  

10) 

Желі жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін және (немесе) Операторға залал келтіруі 



мүмкін өзге іс-шараларды жүзеге асыру. 

11) 


Қызметтерді  және  Қызмет  көрсету  үшін  тартылған  Оператордың  ресурстарын  адал 

ниетпен және әділ пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, өз құқықтарын кез-келген нысанда теріс 

пайдалану  жолымен Оператордың немесе үшінші  тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне 

залал  келтіруге  бағытталған  әрекеттерді  жасауға,  өз  құқықтарын  байланыс  қызметтерінің 

тағайындалу  мақсатына  қайшылықпен  жүзеге  асыруға,  Оператордың  келісімінсіз  байланыс 

қызметтерін табыс табу мақсатында пайдалануға тыйым салынады.  

12) 

Тарифтік  жоспарлардың,  акциялардың  және  Оператормен  көрсетілетін  өзге 



шарттарының әтүрлі үйлесіміне негізделген әрекеттерді жасау, егер мұндай әрекеттердің мақсаты – 

Қызметтерді  адал  ниетпен  пайдалану  болып  табылмаса,  сондай-ақ  осы  Шарттың  мәнімен  тікелей 

байланысы  жоқ  кез-келген  өзге  әрекеттерді  жән  ебасқа  абоненттердің  жеткілікті  сападағы 

қызметтерді алуын кез-келген жолмен шектейтін әрекеттерді жасау. 

 

6.  Оператордың міндеттері 

Оператордың келесі міндеттері бар: 

6.1. 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және Шарттың талаптарына сәйкес 



Абонентке Қызметтер көрсету; 

6.2. 


Абоненттің  сауалы  бойынша  Абонентке  көрсетілген  Қызметтер  туралы  мәліметтер 

(тәптіштеме) беру, Абоненттің жеке басының расталуы шартымен; 



6.3. 

Оператордың  анықтамалық-ақпараттық  қызметіне  Абоненттің  ауызша  немесе  жазбаша 

сауалы бойынша Қызмет көрсетудің шарттары, қосылу тәртібі, тарифтік жоспарды қосудың, 

өзгертудің тәртібі, қосымша ұялы байланыс қызметтері туралы ақпарат ұсыну; 

 

7.  Оператордың құқықтары 

Оператордың келесі құқықтары бар: 

7.1. 

Қысқа  мәтіндік  хабарламамен  немесе  өге  әдіспен  Абоненттің  Қызметтерді  әрі  қарай  алуы 



мақсатында  аванстық  төлем  жасау/шотты  төлеу  қажеттілігі  туралы  Абонентке  хабарлауға 

құқылы,  егер  Абоненттің  дербес  шотындағы  ақшалай  қаражат  толығымен  пайдаланылған 

болса және/немесе шот уақытылы және/немесе толығымен төленбеген болса; 

7.2. 


Абонент  Қызметтердің  ақысын  төлемеген  немесе  уақытылы  төлемеген  жағдайда  (аванстық 

төлем жасамаған және/немесе шоттарды төлемеген жағдайда), хабарлама жіберу және/немесе 

алу дерегіне қарамастан абонентке Қызмет көрсетуді біржақты тәртіпте тоқтату;  

7.3. 


Егер  абоненттің  дербес  шотындағы  ақшалай  қаражат  Қызметтерді  ұсыну  үшін  жеткіліксіз 

болса, Абонентке Қызмет көрсетуді тоқтата тұру. Қызмет көрсетуді жалғастыру – Абоненттің 

дербес шотына ақшалай қаражат келіп түскеннен кейін орын алады;  

7.4. 


Тиісті  ақпаратты  Оператордың  сайтында  жариялай  отырып  немесе  қысқа  мәтіндік 

хабарламалар жіберу жолымен немесе Оператор үшін қолжетімді басқа әдістермен Шарттың 

талаптарына, сондай-ақ Қызмет көрсету шарттарына өзгертулер немесе толықтырулар енгізу. 

Егер  Абонент  өзгертілген  шарттармен  келіспейтін  болса,  Абонент  Оператормен  жасалған 

Шартты бұзуы тиіс; 

7.5. 


Тарифтік  жоспар  және  (немесе)  қызмет  жойылған  жағдайда  Абонентті  өз  қарауы  бойынша 

өзге  тарифтік  жоспарға  немесе  қызметке  ауыстыру,  егер  де  Абонент  ағымдағы  тарифтік 

жоспардың және (немесе) қызметтің жойылатындығы туралы хабарлама алғаннан кейін басқа 

тарифтік жоспарға немесе қызметке өтпеген болса; 

7.6. 

Оператордың сайттарында тиісті ақпарат орналастыру арқылы бұл туралы Абонентті хабардар 



ете  отырып  Оператордың  қосымша  қызметтерін  тегін  ұсыну.  Абонент  Оператордың 

анықтамалық-ақпараттық  қызметіне  жүгіне  отырып,  сондай-ақ  Оператордың  сервис 

қызметтерінің  (автоматты  қызмет  көрсету  жүйесі,  USSD,  SMS)  көмегімен  ажырату  арқылы 

Оператордың тегін қызметтерінен бас тартуға құқылы. Қызметтерді ажырату туралы ақпарат 

Оператордың сайттарында орналастырылады; 

7.7. 


Оператордың желісі арқылы үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтері үшін төлем ұстау; 

7.8. 


Абонентте қол жеткізілген Қызметтер үшін берешек болған жағдайда, берешекті өндіріп алуға 

үшінші  тұлғаларды  тарту,  бұл  ретте  Абонент  Оператордың  осындай  тұлғаларға  осы  Шарт 

аясында алынған және берешекті өндіріп алу үшін қажетті ақпаратты  (соның ішінде дербес 

деректер мен қызметтік ақпаратты қоса алғанда) ұсынатынымен келіседі;  

7.9. 

Оператормен  анықталатын  Қызметтерді  Абоненттің  келешек  төлемдері  есебіне  ұсыну. 



Ұсынылған Қызметтердің құнын төлеу – өзінің дербес шотын Абоненттің толтыруы жолымен 

және Оператордың аталған шоттан ұсынылған Қызметтердің құнын шығынға жазуы жолымен 

жүргізіледі, бұған Абонент Қызметті қосу жолымен өз келісімін береді;  

7.10.  Оператордың анықтамалық-ақпараттық қызметіне келетін кіріс қоңырауларын жазуды жүзеге 

асыру.  Абонент  Оператордың  қызметіне  қатысы  жоқ  мәселелер  бойынша  бірнеше  рет 

жүгінген жағдайда немесе Оператордың жұмыскерімен әдепсіз тілдескен жағдайда Оператор 

оның анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуге қол жеткізуін шектеуге және/немесе онымен 

жасалған Шартты бұзуға құқылы

7.11.  Шарт бұзылған, қолданылу мерзімі тоқтатылған және/немесе абоненттік нөмір алынған сәттен 

бастап  3  (үш)  жылдың  ішінде  абоненттің  дербес  шотынан  ақшалай  қаражаттың  қалдығын  

шығынға жатқызып, оны өз табысына айналдыру, егер Абонент жоғарыда көрсетілген кезеңде 

оған ақшалай қаражаттың қалдығын қайтару туралы өтініш ұсынбаған болса;  

7.12.  Қате  төлем  жасаған  тұлғалардың,  төлем  жүйелерінің,  банктің  немесе  өге  уәкілетті  тұлғалар 

мен ұйымдардың талап етуіне байланысты рұқсатсыз төлемнің салдарынан алынған ақшаны 

Абоненттің дербес шотынан шығынға жазу; 

7.13.  Көрсетілетін Қызметтердің лимитін белгілеу. Лимиттің көлемі алдыңғы кезеңдерде Интернет 

желісіне қосылудың қарқындылығына, шоттардың уақытылы төленуіне және/немесе кепілдік 


жарнасының  көлеміне  қарай  есептеледі.  Көрсетілген  Қызметтердің  құны  белгіленген 

лимиттен  асқан  жағдайда,  Оператор  Қызмет  көрсетуді  тоқтата  тұруға  құқылы,  ал  Абонент 

Оператордың іс жүзінде көрсеткен Қызметтері үшін төлем жасауға міндеттенеді; 

7.14.  Операторға 

бағынбайтын  жағдайлар  мен  техникалық  параметрлерге  байланысты 

Қызметтердің  әртүрлі  шектеулерін,  соның  ішінде  SMS  көлемін  (160  латын  немесе  70 

кириллица символы) қолдану және тиісті тарифтеуді жүзеге асыру; 

7.15.  Дербес  шотта  ақша  аяқталған  сәтте  Абоненттің  байланыс  қызметтерін  пайдалануы 

салдарынан  Оператордың  алдында  Абоненттің  берешегі  туындауының  алдын  алу  үшін, 

Абоненттің дербес шотында ақшалай қаражатты резервтеу. Резервтеу – абоненттердің заңды 

мүдделерін қорғау және қолданыстағы заңнаманы сақтау мақсатында LTE желісінде 30мб, 3G 

және  2G  желілерінде  15мб  және  1  минут  сөйлесу  құнына  тең  сомада  жүргізіледі.  Соманы 

резервтеу  –  ағымдағы  интернет-сессия  жабылғаннан  кейін  және/немесе  сөйлесуден  кейін 

артынша болдырмай тасталады және Абонентке резервтеу сомасын дербес шотына қайтару 

жүзеге асырылады; 

7.16.  Оператордың  алдында  Абоненттің  берешегі  бар  болған  жағдайда  абоненттік  нөмірді 

Көшіруден бас тарту;  

7.17.  Абонент Қызметтерді пайдалану шарттарын, Оператордың желісі арқылы көрсетіліп жатқан 

үшінші тұлғалардың қыметтерін, Шарттың талаптарын немесе Қазақстан Республикасының 

заңнамасын бұзған жағдайда Абонентке қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе тоқтату; 

7.18.  Абонентке кредиттік немесе аралас есеп айырысу тәртібімен кредиттік лимит ұсыну туралы 

шешім  қабылдау,  Абонентке  кредиттік  лимиттің  жоғарғы  шегін  белгілеу,  сондай-ақ  оны 

өзгерту немесе  Абонентке кредиттік есеп айырысу тәртібін пайдлануға ұсынудан біржақты 

тәртіпте бас тарту; 

7.19.  Оператор келесілер үшін жауапкершілік көтермейді: 

7.19.1. Оператордың  желісін  пайдалану  арқылы  Абоненттерге  көрсетілетін  үшінші 

тұлғалардың, соның ішінде контент-провайдерлердің сервистері мен қызметтері, соның ішінде кез-

келген үшінші тұлғалардың қызметтерінің мазмұны мен сапасы, ұсынбауы немесе ұсынуы;  

7.19.2. кездейсоқ,  тікелей  емес  залалмен  байланысты  Абоненттің  болжалды  шығындары, 

соның  ішінде  Абоненттің  пайданы  жоғалтуымен,  іскерлік  белсенділігінің  үзілуімен  және 

Оператордың  Қызметтерін  пайдалану  кезінде  туындайтын  басқа  материалдық  жоғалтуларымен 

(уыстан шығарып алған пайда) байланысты залалмен шектелместен; 

7.19.3. Операторға  бағынбайтын  себептермен  орын  алған  Оператор  желісінің  жұмысының 

олқылығы,  сондай-ақ  осы  шарт  талаптарының  өзге  жолмен  орындалмауы  немесе  тиісінше 

орындалмауы,  соның  ішінде  үшінші  тұлғалардың,  мемлекеттік  органдардың  әрекеттерін  және 

еңсерілмейтін күш жағдайларын (форс-мажор) қоса алғанда; 

7.19.4. телефон  нөмірлерін  қате  терумен  байланысты  Абоненттің  шығындары,  егер  олар 

Оператордың  техникалық  қызметтерімен  тіркелген  болса,  сондай-ақ  теңгерімді  қате  толтыру 

барысындағы және теңгерімді толтыру карталарын жүктеу барысындағы Абоненттің қателіктері; 

7.19.5. Абоненттің  зақымданған  немесе  сәйкес  келмейтін  абоненттік  құрылғыларды,  соның 

ішінде  Оператордың  жиілікті  диапазонын  қолдамайтын  құрылғыларды  пайдалануы  салдарынан 

Оператордың Қызметтері сапасының болжалды нашарлауы

7.19.6. басқа операторлардың және үшінші тұлғалардың байланыс желілерінің сапасы, сондай-

ақ  Оператордың  қызметтері  басқа  компаниялармен  ұсынылатын  қызметтермен  бірге  ұсынылған 

жағдайда  (соның  ішінде  хостерлер,  сайттардың  меншік  иелері,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  аумағынан  тыс  жерде  орналасқан  серверлердің/сайттардың  қызметтерін 

пайдаланған жағдайда, және т.б.);  

7.19.7. үшінші  тұлғалармен  (контент-провайдерлер,  басқа  абоненттер  және  басқ.)  жүзеге 

асырылатын және/немесе бастамашылық етілетін SMS-таратылымдар және олардың мазмұны; 

7.19.8. Қызметтер арқылы Абоненттің үшінші тұлғаларға келтірген кез-келген зияны және кез-

келген түрдегі ақпараттың таратылуы;  

7.19.9. абоненттік құрылғыны және Қызметтерді пайдалану кезіндегі кез-келген жоғалтулар, 

шығындар, жазатайым уақиғалар, Абонент денсаулығының зақымдануы немесе оның өлімі; 


7.19.10. 

осы тармақ болмаған жағдайда қандай да бір құқықтық негіздемелер бойынша 

Операторға қуыным ұсынуға әкелуі мүмкін болатын кез-келген себептермен немесе немқұрайлықпен 

абоненттің жасаған кез-келген әрекеттері немесе қателер; 

7.19.11. 

Абонентпен  көрсетілген  электорндық  мекенжайға  шоттың  жағдайы  туралы 

ақпаратты,  тәптіштелген  шоттарды  жіберумен  байланысты  Қызметті  абонент  таңдаған  жағдайда 

тәптіштелген шоттағы ақпарат болып табылатын абоненттің құпия ақпаратының жылыстауы; 

 

8. Қорытынды қағидалар 

8.1. Шартты жасау, өзгерту және бұзу үшін, тәптіштеме алу үшін, нөмірді қалпына келтіру үшін 

және  жеке  өзі  емес,  үшінші/басқа  тұлғалардың  атынан  немесе  мүдделеріне  сай  жасалатын  басқа 

әрекеттерді жасау үшін осындай әрекеттерді жасауға арналған тиісті құқықтардың болуын растайтын 

құжаттарды (сенімхат, қамқоршылық немесе қамқорлыққа алу туралы құжаттар және басқ.) ұсыну 

қажет.  Абоненттік  нөмірлер  мен  құрылғылардың  иелері  мен  пайдаланушыларының  құқықтарын 

қорғау мақсатында  сенімхаттарда (жеке және заңды тұлғалардан) сенім білдірілген тұлғаға өкілеттік 

берілген  әрекеттер  мен  абоненттік  нөмір  анық  және  тікелей  көрсетілуі  тиіс.  Сенімхаттар  ҚР 

заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тиіс. 

8.2. 


Оператор келесі жағдайларда Шартты біржақты тәртіпте бұза алады: 

1) 


егер  абонент  180  күнтізбелік  күн  бойы  тарифтелетін  әрекет  жасамаса.  Тарифтелетін 

әрекет  деп  Оператордың ақы төлеп алынатын қызметін пайдалану кезіндегі абоненттің кез-келген 

әрекеті. 

2) 


абонент  осы  Шартта  және  Қазақстан    Республикасының  заңнамасында  көзделген 

шарттарды  бұзған  жағдайда,  соның  ішінде  абоненттің  өзі  туралы  дәйексіз  мәліметтер  ұсыну 

жағдайларын қоса алғанда; 

3) 


Оператордың  құзыретіне  бағынбайтын,  алайда  қолданылуы  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасының  шарттарымен  немесе  еңсерілмейтін  күш  жағдайларымен  анықталатын  өзге 

себептермен.  

8.3. 


Осы  Шарт  бұзылған/тоқтатылған  жағдайда  Абоненттің  Дербес  шотынан  ақшалай 

қаражаттың қалдығын Абонентке қайтару – Абоненттің осындай қайтару туралы өтініші тіркелген 

сәттен  бастап  30  (отыз)  күнтізбелік  күннің  ішінде  жүргізіледі.  Бұл  ретте  алаяқтық  әрекеттерден 

сақтану үшін ақшалай қаражатты қолма-қол ақшамен беру – 10000 (он мың) теңгеден аспайтын сома 

шегінде жүзеге асырылады, ал аталған сомадан асқан жағдайда қайтару – қолма-қол ақшасыз нысанда 

жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте,  егер  абоненттік  нөмірді  қайта  тіркеу  дерегі  болса,  онда  қаражат 

қайтарылуы тиіс тұлғаның атына абоненттік нөмір тіркелген сәттен бастап  дербес шотты толтыру 

жолымен түзілген сома қайтаруға жатады.   

8.4. 

Тараптардың  арасында  туындауы  мүмкін  барлық  даулар  мен  келіспеушіліктер 



келіссөздер арқылы шешіледі. Оларды бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен 

келіспеушіліктер  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  сот  тәртібімен  реттеледі,  бұл 

ретте  осы  Шарттан  туындайтын  даулар  Оператордың  орналасқан  жері  бойынша  сотта  қарауға 

жатады.  

8.5. 

Осы Шарт бірдей заңды күшті иемденетін мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. 



Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында қайшылықтар болған жағдайда, 

Шарттың орыс тіліндегі мәтіні басым күшті иемденеді.  

8.6. 

 Шартпен  тікелей  анықталмаған  барлық  өзге  жағдайларда  оның  тараптары  Заңды, 



Ережелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы тиіс. 

 

9.  Оператордың деректемелері.  

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 101, IBAN № KZ426017131000024545, 

БСН  041140004799,  КБЕ  17,  Алушы  –  банк:  Алматы  қ.,  «Қазақстан  Халық  Банкі»  АҚ  Алматы 



филиалы, БСН 960941000145, БСК HSBKKZKX 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет