Баймағанбетова Жұлдызай Тұрматқызы Қорқыт Ата атындағы Қму «Педагогика және оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
Дата16.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#101683


Баймағанбетова Жұлдызай Тұрматқызы 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогика және оқыту әдістемесі» 

кафедрасының, аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты 

Әділбек Жанар   

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогика және оқыту әдістемесі» 

кафедрасының магистранты

 

Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі  бағалауды 

қалыптастырудың ерекшеліктері

 

 

 Қазіргі  таңда  әрбір  оқушының  жеке  жетістіктерін  басқа  оқушылармен 

салыстырмай, оқудың нәтижесін әкімшілік қорытындысы ретінде қарастырмай, 

мектеп 


тәжірибесіне 

қалыптастырушы 

бағалау 

тәсілдерін 

енгізу 

міндеті  маңызды  мәселенің  бірі  болып  тұр. Бағалаудың  бұл  түрінің 

қалыптастырушы  болып  аталатындығы  -  бағаның  нақты  бір  оқушыға,  оның 

білім  мазмұнын  меңгерудегі  кемшіліктерін  анықтауға  және  өзіндік  орнын 

барынша  тиімді  толықтыруға  бағытталғаны.  Мұғалім  бұл  бағалау  әрекеті 

арқылы  пәнді  меңгерудің  мақсатын  нақты  анықтай  алады.  Оқушының  өткен 

тақырыптарды  біртұтас,  үйлесімді  сурет  түрінде  елестетуіне,  нәтижені 

бақылаудың  сәйкес  тәсілдерін  өзі  анықтай  білуіне,  жоғары  деңгейге  жетуге 

ынталануына ықпал ете алады.  

Қалыптастырушы    бағалаудың  мақсаты  -  оқу  материалын  меңгергендігі 

жөнінде  объективті  ақпарат  алу,  білім  алушының  кемшіліктерін  дер  кезінде 

анықтау, мұғалім-оқушы  арасында кері байланысты орнату.  

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім 

сапасы;  білім  алудағы  олқылықтарды  күнделікті  түзеу;  «5»  балдық  бағалау 

жүйесінің  жақсы  қасиеттерін  сақтау;  оқушының  қиындық  тудыратын 

сұрақтарын анықтау және оны жою; оқушының бағалаудан алған  эмоционалды 

негативінің  азаюы,  психологиялық  жайлы  ортаның  болуы;  бағалаудың 

объективтілігі, анықтылығы және ашықтығы; өзін-өзі бағалау  дағдылары. 




 

Өзін-өзі бағалау - бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер 

мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс. 

Өзін-өзі  бағалау  -  бұл  тек  қана  өз  жұмысын  бағалау  ғана  емес,  сонымен 

қатар  туындаған  мәселелерді  өз  бетімен  анықтап  және  оның  шешу  жолдарын 

табу.  Ол  тапсырманы  орындау  үдерісі  сипаттамасымен,  яғни  оның  оң  және 

теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен тығыз байланысты.  

Өзін-өзі бағалауды оқу сабағының күнделікті құрылымына енгізу  - өзіне 

сенімді,  дербес  оқушылар  дайындаудағы  шешуші  фактор,  алайда  бұл  мұқият 

жоспарлауды және оқу процесінде жүйелі іске асыруды талап етеді.  

Оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  процесіндегі  негізгі  мәні  ол  осы  іс-

әрекеттің  нәтижесін  ғана  емес,  сонымен  қатар  осы  нәтижеге  әкелетін  жұмыс 

процесін де бағалауға мүмкіндік береді.  

 

Оқудың  динамикалық  аспектісіне  акцент  түсіре  отырып  барлығын,  тіпті 



пәнге  аса  қызығушылық  танытпайтын  және  материалды  нашар  меңгеретін 

оқушыны  да  ынталандыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  осындай  бағалаудың 

оқушының қазіргі сәттегі деңгейінен бастап жылжуына мүмкіндік бере отырып 

оның  жеке  прогресі  (алға  басуы  мен)  мен  баға  арасындағы  байланысын 

қалпына келтірудің арқасында болады. 

 

 



Оқушыларға  жұмысы  бағаланатын  критерийлер  (өлшемдер)  басынан 

таныс,  олар  тапсырманың  ажырамас  бөлігі,  жазбаша  баяндалған  және  бәріне 

қолжетімді.Жұмыс  процесінде  балалар  оның  орындалу  деңгейін  бағалап, 

жетілдіру жолдарын таңдай алады. 

 

 

 Критерийлерге    негізделген    өзін-өзі  бағалау  ғана  оқушының  келесі 



сұрақтарға  жауап  беруіне  мүмкіндік  береді:  мен  қазір  қандаймын?  Мен  не 

білемін  және  әзірге  нені  білмеймін?  Көбірек  және  жақсырақ  білу  үшін  не 

істеуге болады? 

 

Мұнымен бірге осы техника бағалаудың дәстүрлі жүйесі жасай алмайтын 



оқушының  тіпті  ең  елеусіз  алға  жылжуын  бақылауға  мүмкіндік  береді,  себебі 

дәстүрлі  жүйе  жинақтауға  бейім  және  осының  артында  шын  мәнінде  ең 

бастысы – баланың алға жылжуға ұмтылуы мен ниеті жасырынып тұрса да бұл 



дәстүрлі  бағалау  тұрғысынан  елеусіз  прогрес  болып  көрінеді.Осылайша, 

критерийлі өзін-өзі бағалау келесі міндеттерді шешеді:

 

-

 



Бағаны оқушы үшін де мұғалім үшін де мейлінше объективті әрі ашық 

етеді;


 

-

 



Оқушының өз білімінің шегін дәл бағалауына мүмкіндік береді;

 

-



 

Оқушыға  да  мұғалімге  де  объективті  және  қолдаушы  кері  байланысты 

ұсынады.

 

 



 

Қалыптстырушы  бағалаудың  маңызды  векторы  екі  бағыттағы  қозғалыс 

болуы  тиіс.  Біріншісі  –  оқушының  өзінің  неге  (білімдегі,  түсінік  пен 

икемділіктегі)  қол  жеткізгісі  келетіні  мен  оның  қазіргі  сәттегі  деңгейінің 

арасындағы  алшақтықты  түсінуге  ұмтылуы.  Екіншісі  –  алшақтық  болған  осы 

және басқа фактілердің негізінде оқушының жоспарлауға ұмтылуы, содан кейін 

осы  фактілерге  сүйене  отырып  қажетті  әрекеттер  қабылдап  жағдайды 

жақсартуы.  Мұғалім  процесті  ынталандырып,  бағыттап  отыра  алса  да,  өз 

жағдайын тек оқушы өзі ғана жақсарта алады.  

Өзін-өзі  бағалау  бойынша  табысты  және  өнімді  жұмыстың  негізі  бұл 

бағалауға  арналған  критерийлер  енгізілетін  сабақтың  бірінші  кезеңі.  Осы 

критерийлерді  енгізудің  мейлінше  пайдалы  тәсілі  -  барлық  оқушылар  мен 

мұғалімнің  бағаланатынды  және  неге  олай  бағаланатынын  бірыңғай  түсінуге 

әкелетін  жалпы  талқылау.  Оқушылар  мұғаліммен  диалогте  «Өзін-өзі  бағалау 

алгоритмі» бойынша өз нәтижелерін өз бетінше бағалауды үйренеді. 

 

Мұғалім  оқушыға  өзін-өзі  бағалаудың  төмендегідей  алгоритмін  ұсына 



алады: 

1.  Тапсырманы  орындауда  нені  жасау  қажет?

  

Мақсат  қандай  болды? 



Қандай нәтиже алу қажет болды? 

2. Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма? 

3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме? 

4. Толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме? 




5.  Тапсырманы  орындау  барысында  қандай  біліктіліктер  дамыды?  Егер 

тапсырманы  орындай  алмаса,  онда  қандай  қателер  жіберілді  және  бұл 

қиындықтар неден туындады? 

Өзін-өзі  бағалау  критериалды  бағалаудың  тиімділігін  арттыруға  

мүмкіндік    береді.  Оқушылар    өзін-өзі  және  бірін-бірі  бағалау  әдісімен 

машықтанған  болса,  онда  бағалаудың  дәлдігімен  сенімділігі  жайлы  сұрақ 

туындамайды.  Оқушыларға  өзін-өзі  бағалау  кезінде  эмоцияға  берілмей,  сын 

тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек.  Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі 

мынада:    оқушылар  оқу  процесінде  алдына  қойған  мақсаты  болғанда  ғана 

өздерін бағалай алады. 

Оқушылар  үшін  оның  жетістіктерін  бағалау  ақпараты  төмендегідей 

элементтерден тұрады: 

-

 

Алға қойған мақсаты. 



-

 

Берілген және қалыптасқан межелер (критерий). 



-

 

Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы. 



-

 

Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын 



түсіне білу. 

Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі: 

-

 

Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы 



түсінігі; 

-

 



Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;  

-

 



Әділдікті дамыту; 

-

 



Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы. 

 

Өзін-өзі бағалау өзін өзі реттеуге жетелейді. 



Бағалау  және  оқу  процесі  барысына  оқушының  белсенді  қатысуы 

критериалды  бағалаудың  маңызды  құрылымы  (компоненті)  болып  табылады. 

Сол  себепті  оқушы  өзінің  оқу  нәтижелерін  бағалау  барысында  міндетті  түрде 

белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін-өзі бағалап үйрену, сол сияқты 

өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын  таба білуі керек. 

Бaғалау  бaрысындa  бaлa  мақтағанды  қалайды  және  соған  лайық  болуға 




тырысатыны  белгілі.  Сондықтан  баланы  мақтау  арқылы  жұмысының 

дұрыстығына  тоқталып,  соңынан  қате  кеткен  тұстарына  ұсыныс  жасау 

барысында оқушыға жеткізіп отырсақ, онда  сабаққа деген құлшыныстары арта 

түсетіндігі  анық.  Рефлексия  жасау  арқылы  да  бағалау  оқушылардың  ойлау 

қабілетін дамытады және өзін-өзі бағалауы жақсарады. 

 

Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не 



істеу  қажет  екенін  анықтай  алған  жағдайда  ғана  олар  оқу  мақсатына  қол 

жеткізеді.  Сондықтан  оқу  барысында  өзін-өзі  бағалаудың  маңызы  зор. 

Оқушыларының  бойында  өзін-өзі  бағалау  дағдыларын  дамытуға  талпынған 

көптеген  мұғалімдердің  аңғарғаны:  бұл  реттегі  ең  бірінші  және  ең  күрделі 

мәселе  -  оқушыларды  өз  жұмысы  туралы  мақсат  қою  тұрғысынан  ойлануға 

үйрету.  Олар  бұны  қалай  істеу  керек  екенін  түсінгенде  ғана  өз  жұмыстарына 

шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. 

Құрбы-құрдастарын  бағалау  өзін-өзі  бағалаудың  маңызды  бөлігі  болып 

табылады.  Құрбы-құрдастарын  бағалау  өте  пайдалы,  себебі  оқушылар  өз 

жұмысына  қатысты  айтылған  құрбыларының  пікіріне  құлақ  асады.  Ал  оны 

мұғалім  айтқан  болса,  олар  оқушыға  сондай  әсер  етпеуі  мүмкін.  Құрбы-

құрдастарымен  бірге  жұмыс  істеу  де  маңызды,  себебі  пікір  алмасу  оқушы 

күнделікті  өмірінде  қолданатын  тілде  жүреді,  сонымен  қатар  оқушылар 

мұғалімнің рөлін ойнай отырып білім алады.  

 Сапалы  өзара      бағалау  өз  жұмысын  бағалау  сапасын  жақсартуға  ықпал 

етеді,  нәтижесінде  ол  оқушылардың  бойында  өзінің  алға  дамуы  үшін 

жауапкершілігін арттыруға бағытталады. 

Бір  жағынан  оқудағы  табыстар  өзін-өзі  бағалауға  ықпал  етуі  мүмкін,  ал 

екінші  жағынан,  бастауыш  сынып  оқушысының  мұғалімнің  жауаптары 

көмегімен  өзін-өзі  бағалаудың  жақсаруы  оқу-танымдық  әрекеттегі  үлгерімінің 

артуына  алып  келуі  мүмкін.  Мұғалім  -  бастауыш  сынып  оқушысы  үшін  ең 

маңызды  тұлға,  баланың  өзін  және  айналаны  қабылдауы  көбіне  оның  қарым-

қатынасына  тәуелді.  Сондықтан,  бастауыш  сынып  мұғаліміне  өзін-өзі 

бағалауды  жалпы  оқу  білігі  ретінде  қалыптастыру  үшін  мына  жағдайларды 




қамтамасыз етуі қажет деп сеніммен айтуға болады. 

1.

 



Оқу-танымдық  әрекет  үрдісінде  балаларда  өзін-өзі  жағымды  бағалауды 

қалыптастыруға ықпал жасау. 

2.

 

Балалардың  дербес  және  шығармашылық  тұрғыдан  көрінулерін  ұдайы 



дамыту. 

3.

 



Әрбір  балаға  оған  деген  қызығу  көзқарасының  бар  екендігін  сезіндіру, 

мұның өзі балада қорғаныш сезімін, өздерінің күштеріне сенімділікті туғызады. 

Бұл  шарттар  сақталған  жағдайда  бастауыш  сынып  оқушыларының 

төмендегідей біліктерді меңгеруіне туады: 

-

 

өзін түсіну және қабылдау



-

 

сезімнің сыналуын еркін бағдарлау; 



-

 

сезімдік әсерленушіліктердің сипатын анықтау (ұнамды, ұнамсыз, таңдау, 



қорқу және т.б.). 

Сонымен,  оқу  әрекетінің  бөліктері  ретінде  өзін-өзі  бағалауды 

қалыптастыруға  бағдарланған  оқыту  жоғары  пәндік  білімдер,  біліктер  мен 

дағдыларға  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ,  кіші  жастағы 

оқушылардың тепе-тең тұлғалық өзін-өзі бағалауы қалыптасуына ықпал етеді. 

Жалпы  алғанда,  бағалау  және  өзін-өзі  бағалау  жүйесі  -  білім  беру 

процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі. 

 

ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEР ТІЗІМІ 

 

1.

 



«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (27.07.2007ж. № 319III, 

13.01.2015 жылғы өзерістер және толықтыруларымен).  

2.

 

Красноборова  А.А.  Критериальное  оценивание  как  технология 



формирования  учебно-познавательной  компетентности  учащихся  тема 

диссертации  и  автореферата  по  ВАК  13.00.01,  кандидат  педагогических 

наук. – М.: 2012. – 36б. 

3.

 



Көкіжанова  Г.К.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  білім  сапасын 

басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет