Өркеннің жер бетіндегі метаморфоздары. Өркеннің жер бетіндегі түрленуіне мұртшалар, столандар, кладодий, филлокладий және тікендер жатады.
Мұртша және жер бетіндегі столандар - бұл тамырсабақпен кәдімгі жер үсті өркендерінің арасындағы өтпелі формалары. Олардың буын аралықтары ұзын және төмен жапырақтары мен қосалқы тамырлары болады. Тамырланған буындардағы қолтық бүршіктен жер үсті өркені өседі.Жер үстіндегі столонның өмірі онша ұзақ емес, көк жапырықты , жылжи өсетін, фотосинтезтеуші, вегетативтік көбеюші және өсімдіктің өсу ауданын молайтатын өркен. Мұртшалардың жасыл жапырағы жоқ, сабақтары өте нәзік, жінішке, буынаралықтары ұзын болады. Төбелік бүршігі тамырланғаннан соң, олар жойылады.
Кладодий- жасыл жапырақ тәрізді, жалпақ, өзгерген сабақ. Бұған мысал, өзінің ұзақ өсуге бейімділігін сақтайтын австралиялық мюленбекия өсімдігінің жалпайған сабағы.
Филлокладий - өсу шекті, жапырақ тәрізді, жалпайған өркен. Оның жалпайған беткі жағында қабыршақта жапырақшалар және гүлшоғырлары пайда болады. Филлокладийға мысал ретінде кірпішөпті алуға болады.
Тікен, сояу, шөңге - құрғақщылық аудандар да өсетін өсімдіктерде көп кездесетін түрлене өзгерудің нәтижесі. Мұндай түрлеріне өзгеріске жапырақта, сабақта қшырайды. Бұл жағдайда тікен - түрі өзгерген өркен, екінші жағдайда - жапырақ, кейбіреулерінде - жапырақ серіктері т.с.с. Жапырақтан пайда болған тікендер, сабақта пайда болғандарға қарағанда, біршама осал және ұзақ өмір сүрмейді.
Қайталау сұрақтары Метаморфоз дегеніміз не?
Өркен метаморфоздарының қандай түрлері бар?
2.Жапырақтар метаморфоздарының түрлері қандай?
3. Тамыр метаморфоздары.
Әдебиеттер 1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж. -48 б.
2. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж. -368 б.
3. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г. Изд. Просвещение, -480 с.
4. Курсанов Л.И. и др.Ботаника, том 1, Москва,1966 г.
5. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатом-иясы, Алматы, 1998ж. -368 б.