Байсеитова н. М



бет32/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы

Жұмыстың барысы
Т а п с ы р м а . 1. Жөке және карағайдың көпжылдық бұтақтарының дайын препаратын микроскоппен қарап, олардың кұрылысында: перициклді және тін талшықтарының, өзекті перимедуллярлы аймағының болуына, сол сияқты жапырақты туыстарында ксилеманың өткізгіш элементтерінің орналасуын, қылқан жапырақты өсімдіктер сабағының құрылыс ерекшеліктеріне көңіл аудару. 2. Жөке сабағының сызба- нұсқасынан мыналарды белгілеу: 1) алғашқы қабық және оның құрамы: перидерма, тақталы колленхима, алғашқы қабық паренхимасы және паренхима клеткаларындағы друздар; 2) тін (соңғы қабық) және оның құрамы: тін талшықтары және сүзгілі түтіктер; 3) камбий; 4) сүрек және онда: әрбір жылдық сақина құрамындағы көктемгі және күзгі сүрек; 5) өзектің перимедуллярлы аймағы; 6) өзек; 7) өзек сәулелері: а) алғашқы және б) соңғы. 3. Қарағай сабағының көлденең кесіндісінің сызба- нұсқасын сызып одан: перидерма, алғашқы қабық паренхимасы, сүзгілі түтік элементтері, камбий сүректің көктемгі және күзгі трахеидтерден тұратын жылдық сақиналары, өзек, өзек сәулелері және шайыр жолдарын белгілеу.


Қайталау сұрақтары
1. Қос жарнақты өсімдіктер сабағының алғашқы және соңғы құрылысын сабақтың қай бөлімінен көруге болады?
2. Қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының шоқты, шоқсыз және өтпелі құрылысын және сабақ құрылысында осы типтердің пайда болу себебін түсіндіру.
3. Дара жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағы қос жарнақтылардан қалай ажыратылады?
4. Сабан сабақ дегенді қалай түсінесіз?
5. Дара жарнақтылардың басым көпшілігінің сабағы неге жуандап өспейді?
6. Қылқан жапырақтылар ксилемасы және флоэмасы құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
7. Сүректі өсімдіктер сүрегіндс жылдық сақиналар қалай қалыптасады?
8. Өзек сәулелері қандай гистологиялық элементтерден тұрады және олар қандай қызмет атқарады?
9. Алғашқы өзек сәулесін соңғысынан қалай ажыратуға болады?
10. ІІеримедуллярлы аймақ дегеніміз не?


Лабораториялық жұмыс №19, 20


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет