Өркеннің негізгі бөліктерін кестеден, гербарийден және тірі өсімдіктерден көрсетіңіз.
Қандай өркендерді ұзарған және қысқарған өркен деп атайды? Олардың бір-бірінен сыртқы пішіні және атқаратын қызметтері жағынан қандай айырмашылықтары бар?
Өркендер жүйесі деген не және ол қалай түзіледі?
Бүршік деген не? Бүршіктің қандай түрлері бар?
Вегетативті бүршіктің құрылысы жағынан генеративті және вегегативті-генеративті бүршіктерден айырмашылықтары қандай?
Орналасуына қарай бүршіктің түрлерін атап, гербарийден көрсетіңіз.
Жапырақ дағы, өткізгіш шоқтар ізі және бүршік сақинасы деген не? Бұлардың бұтақтың жасын, өсімдіктің жүйелік тобын анықтаудағы маңызы қандай?
Өркеннің қандай түрлері бар?
Әдебиеттер тізімі Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж.
Н.Мухитдинов, Ә.Бегенов, С.Айдосова « Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы » Алматы, 2018.
Лабораториялық сабақ № 15,16
Лабораториялық жұмыстың тақырыбы : Жапырақтың морфологиялық құрылысы
Жұмыстың мақсаты: Қосжарнақты, дара жарнақты және көпжарнақтылар жапырағының анатомиялық ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беру. Осы құрылымдық ерекшеліктерді жапырақтың негізгі қызметтері - фотосинтез, ауа алмасу және транспирация, сол сияқты сыртқы орта жағдайларының әсерімен байланыстыра зерттеу.
Сабаққа қажетті обьектілер мен құрал-жабдықтар:1. Дала практикасы кезінде студенттер құрастырған көрнекті гербарий "Жапырақ морфологиясы" 2.Бөлме өсімдіктері. 3. Стереомикроскоп, лупалар, сапты инелер.
1-жұмыс. Жапырақ бөліктері. Лабораториялық жұмыстың келесі бөлімі жапырақтың сабаққа бекіну тәсілтерін талдаудан басталады. Бұл бөлімде жоғарыда аталған материалдарды пайдаланып, студенттер жапырақтың сабаққа бекінуінің төмендегідей тәсілдерін ажыратады:
1. Сабаққа сағағы арқылы бекінетін сағақты жапырақ.
2. Сағағы жоқ,сабаққа жапырақ тақтасы арқылы бекінетін қондырмалы жапырақ.
3. Қынапты жапырақ. Қынаптың пайда болуын және оның тұйықталмаған және тұйық деп аталатын екі түрін бір-бірінен ажырату. Тұйықталмаған қынапта - жапырақ тақтасының негізгі сабақтың буын аралығын жиектері арқылы орап тұрады. Мысалы, мұны қарабидайдан көруге болады. Ал тұйық қынапта - қынап жиектері бір-бірімен қусыра қиысып кіреді де, түтік пайда болады.